Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Орынғалидың балалары
 
Жозыны айнала қоршап отырған Орынғалидың балалары жетеу. Екі қыз, бес ұл. Және
бір-бірімен бақталас төрт абысын. Олар менің жеңгелерім.
Шалдан кейінгі отырған ағамның аты Айдар. Ол Орынғалидың Кәкен деген қарындасы-
ның баласы. Мен біле бермеймін, білетінім: шалдың бауырында өскен Айдар Орынғалидың
тұңғышы есебінде. Еркесі де серкесі де осы. Алматыдағы біздің үйге ие болып қалған да осы
Айдар. КазГУ-ді бітірген тарихшы. Қазір саудамен айналысып жүр. Мінезі ауыр көрінгенмен,
ұнатқан адамымен емен-жарқын ашылып сөйлесіп, әзілдескенді жек көрмейді.
Айдардан кейін, күректей қолын табаққа салып жіберіп, әңгімесін тауыса алмай оты-
рған адам – Айдарбек. Айдарбек шалдың үлкен ұлы, кіндігінен туған тұңғышы. Алайда бұл
екінші бала есебінде. Айдарбектің түрі өз әкесінен де кәрі көрінеді. Май-май шашы иығында
құлап жатыр. Ұзын шашы мода қуғандығынан емес, шаш алдыруға уақыты жетпегендігінен.
Көктемде ұстарамен тықырлап алып тастайды да, күзге таман осындай күйге түседі. Жылдағы
әдеті. Кекештігі бар, быдық. Бірақ ақкөңіл, еңбекқор. Сүйікті жары да, ажырамас досы да К700
тракторы. Әзірге үйленбеген. Жасы отыздан асса да, шаңырақ көтеруден гөрі, техника қуғанды
артық көреді.
Айдарбек шалға әңгіме айтып отыр:
– Пәленшекеңнің үйіне «қққққққ....» – деді. Шал маған қулана көзін қысып:
– Қаладағы балалары кеп пе? – деп қояды. Айдарбек басын шайқайды:
– Қққққққққ....
– Құдығы кеуіп қап па? – деп қояды шал. Айдарбек басын аласұра шайқайды.
– Қққққққққ…
– Қысыр сиыры қашып па?
– Туууүй, олай емес! Қққққққ…
– Құдалық келген шығар? Айдарбек мәз болып, басын шұлғи бастайды.
– Аааа, түсінікті!
Шал ауылда кімнің үйінде не болып жатқанын бәрінен бұрын біліп отыратын. Баласын
мазақ қылып, қылжақтап, қинағанды ұнатушы еді. Бізге не керек, күлкі керек. Жамырай күле-
міз кеп.
Мынау мені осында келуге көндірген Айдархан деген ағам. Ол туралы жоғарыда айттық.
Айдармен бірлесіп сауда жасайтынын да айта кетейік. Үйленген. КазҰУ-ды бітірген. Маман-
дығы биолог. Шалдың балаларынының ішіндегі еті тірісі осы. Бәрін сүйреп жүреді. Ешкіммен
қақ-соғы жоқ, өз шаруасына жауапты, жымиып қана жүре беретін мейірбан адам.
Мынау отырған зор тұлғалы жігіт – Асқар. Марқұм Асқар менің ең жақсы көретін, мінезі
жайсаң ағам еді. «Ақкөңіл» деген сөз оның нағыз жан-дүниесін аша алмайды-ау, тегі… Сұм-
дық еңбекқор. Бұл жоқта қораны тазалауға болмайды. Тазалап қойсаң, пәлеге қаласың. Жұмыс
істеуге жаралған робот секілді. Кеңшардың жұмысынан айызы қанбай келіп, қорадағы бірдеңе-
лерді қопарыстырып жатқаны, әйтеуір. Күлген кезде кісінеп тұрып күледі. Әңгімесіне емес,
жұрт бұның күлкісіне ішек-сілесі қататын. Күрделі әңгімелерді түсінбейтін. Рухы пейіште
шалқығыр, бала көңіл, ақпейіл жан еді.
О, мына кісі жайлы әңгіме бөлек. Бұл шалдың кенжесі – Жалын. Атын әкем қойған.
Бұл – милисса. Үйде де мақтанып, формамен жүріп, елдің мазасын алатын. Бірдеңе айтсаң,
шиқылдап күле беретін, шашы, қас-кірпігі шымқай сары, бірақ ағалары секілді бұл да ақкөңіл,
аңқылдақ жігіт. Мен Шұбартауға келген жылы үйленген.
Бір күні Баршатастан этаппен Аягөзге қылмыскерлерді апарып тастап, Жалын ауылға
соқты. Өзі кішкене ішіңкіреп алыпты. Шал бірден сезді. Сезіп қана қоймай, ең сүйікті баласын
таяқ пен боқтықтың астына алды. Сөйтсе, әлгі милисса баласы:


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
44
– Әй, ғраждан, маған қол көтеруге болмайды, мен органмын! – деп доқ көрсетіп қояды.
Оған шал одан әрі өршеленіп, тоқпақтай берген:
– Сен сияқты милиссаны мына өкіметке мен туып бергем, ал сотта, қағыңғыр неме!
Одан кейін отырған келіншектің есімі Зәкен. Бұл Орынғалидың үлкен қызы. Бет-әлпеті
кемпірге ұқсап қалған, бүкшиіп жүретін, отыздан енді асқан әйел. Қазақстанның бар алтын
қоры Зәкеннің ауызында сияқты көрінетін маған. Тісі түгел саудырап түсіп қалғандықтан,
тамақты шайнайтын «құралдарды» алтыннан салдырған болатын. Оған оның дәулеті жететін.
Бұл да саудамен айналысады. Мен оның біреумен тіс жарып сөйлескенін есіме түсіре алмай
отырмын.
Ал мына ерте қартайған қыз – Зәкеннің сіңлісі Дәкен. Бұл да Асқар секілді бала көңіл
жан еді. Кейін бір жаққа күйеуге шықты да, ғайып болды. Содан бері одан хабар естігем жоқ.
Тек есімде қалғаны оның «р» мен «с» әріптерін айта алмайтындығы, сөйлесе – оны адам баласы
түсінбейтіндігі еді.
Осы аты аталған балаларын Орынғали атам ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында
ұстайтын. Үш мезгіл асын аға-жеңгелерім қара шаңырақ – Орынғалидың үйінен ішеді. Сосын
абысын-ажын күнұзаққа күйеулері жұмыстан келгенше, осы үйдің шаруашылығымен айна-
лысатын. Кешкі асты бірін-бірі әжуалап, қыран-топаң күлкінің астында сіңіретін. Күн ұясына
батқанда үй-үйлеріне тарайтын. Таңертең тағы осы үйге жиналатын.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет