Биномалдыбөлу–берілген жағдайдың математикалық моделі.
Болжаусызығы–корреляциялы зерттеуде алынған екі өзгергіштіктің мәліметтерінің диаграммада шашырау сызығы.
Q-критерийі(Розенбаум)- екі таңдау арасындағы қандай да бір сандық өлшенген белгілер деңгейі бойынша айырмашылықты анықтау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.
U- критерийі (Манн -Уитни)- шағын таңдаулар арасындағы айырмашылықты айқындау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.
Н- критерийі (Крускал–Уоллис) - бір мезгілде 3, 4 және оданда көп таңдау тобы арасындағы қандайда бір белгілік дәрежелердің айырмашылығын бағалау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.
S-тенденцияларкритерийі(Джонкир)- 3 және одан көп таңдауларды салыстыру кезіндегі бір таңдаудан екіншіге өту жағдайындағы белгілердің өзгеру тенденцияларын айқындау үшін пайдаланылатын статистикалық әдіс.
X 2 -критерийі(Пирсон)белгілердің эмпирикалық үлестірімін теоретикалық үлестіріммен салыстыру үшін және бір ғана белгінің 2 –ден кем эмпирикалық таралымын салыстыру үшін пайдаланылатын статистикалық әдіс.
rs - рангілік корреляциялар коэффициенті(Спирмен) критерийі - екі белгінің не екі профильдің (иерархия) белгілерінің арасындағы корреляциялық байланыстың бағытын және күшін анықтауға арналған статистикалық әдіс.
G-белгілеркритерийі- зерттелінетін белгінің жылжуының жалпы бағытын анықтау үшін пайдалынады. Ол таңдаудағы белгілік мәндердің бір өлшемнен екіншіге өтуіндегі өзгеру бағытын (жақсару, жоғарылау, күшею немесе өзгеру, төмендеу, әлсіреу) анықтауға мүмкіндік береді.
r X 2 -критерийі (Фридман) - бір таңдаудағы зерттелушілердің 3 немесе одан көп жағдайларда өлшенген көрсеткіштерін салыстыру үшін пайдаланылады.