Болтаева ә. М



бет74/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Ішкі валидтілік – бұл зерттеп жатқан өзгерістердің себебі эксперименттік әсер екендігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті болып табылады. Ішкі валидтілікке көз жеткізбей бірде бір экспериментке талдау жасалынбайды.
Сыртқы валидтілік бұл алынған қорытындыны жалпылап, оларды басқа эксперименттік жағдайларға тарата алуға кепілдік беретін эксперимент қасиеті.
Плацебо эффектісі - дәрігерлерде айқындалған эффект. Ол сену және өзін -өзі иландыру механизміне негізделген. (Мұнда зерттелушілер дәрі немесе дәрігер әрекеті - оларды сауықтырады деп сенуі нәтижесінде олардың жағдайының жақсарғанын байқаған);
Хотторн эффектісі - фабрикалардағы әлеуметтік психологиялық зерттеулер жүргізу кезінде айқындалды. Психологтар жүргізген экспериментке қатысуға шақыртуды зерттелушілер өзінің тұлғасына деген ықылас ретінде бағалаған. Нәтижесінде қатысушылар зерттеуде өздерін экспериментаторлардың күтулеріне сай ұстайды.
Аудитория немесе әлеуметтік фасилитация (күшею) эффектісі - кез келген сыртқы бақылаушының қатысуы (экспериментатор немесе ассистент) зерттелушінің жүріс–тұрысын өзгертеді. Бұл эффектіні Г.Зайонц анықтаған. Бұл эффект спортсмен жарыстарында көрермендер мен дайындық кезіндегі нәтижелердің айырмашылығынан анық көрінеді.
Социометриялық әдіс - психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс болып саналады.
Социометрикалық критерий - респондентке таңдау сапасы ретінде берілетін нақты мазмұндық ситуация (реалды және болжамды) Социометрикалық критерийлер сұрақтар түрінде беріледі, оған жауаптар өзара қатынас құрылымын анықтау үшін негіз болып табылады.
Социометриялық карточка - ақпарат жинау үшін жасалатын кесте.
Социометриялық индекс - топтағы өзара қатынастары сипаттарының сандық және жеке адам статусын анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіш. Ол социометриялық сауалнама мәліметтері негізінде есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет