Болтаева ә. М


Социограмма - социометриялық сауалнама негізінде анықтаған, топ ішіндегі байланыстың графикалық бейнеленуі. Сандық



бет75/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89
Социограмма - социометриялық сауалнама негізінде анықтаған, топ ішіндегі байланыстың графикалық бейнеленуі.
Сандық мәліметтер- зерттеу барысындағы нақты өлшеу әдістері арқылы алынған барлық сандық көрсеткіштері (зерттелушілердің жасы, тапсырма орындауға кеткен уақыт, тест нәтижелері т.б).
Сапалық мәліметтер- зерттеуге қатыстырылған таңдау тобы не оның мүшесіне тән және зерттеу үшін маңызды көрсеткіш саналатын сапалық қасиеттер. Бұл мәліметтерді өлшеу әдістері арқылы анықтау мүмкін емес, тек олардың кездесу жиілігін сандық бағалап, оның пайыздық көрсеткіштеріне қол жеткізуге болады.
Реттік мәліметтер- зерттеу барысындағы өлшеу әдістері арқылы анықталған мәліметтердің өсу не кему реті бойынша орналастыру мүмкіндігі бар көрсеткіштер.
Лимит (Lim) немесе құлаш - көрсеткіштер бойынша алынған максималды шамадан минималды шаманы алғанда шыққан айырма шама. Оны құлаш деп те атайды. Lim= Хmax- Хmin
Индикатор – объект жайлы ақпарат таситын белгілер.
Деңгей сандық типтегі тәуелсіз өзгергіштіктің әрекетін беру тәсілі.
Еркіндік дәрежесі – статистикалық болжамдарда пайдаланатын үлестірімнің сипаттамасы.
Мәнділік деңгейі – статистикалық болжамның сенімділігін бейнелейтін математикалық статистика ұғымы.
Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.
Эмпирикалық мән – бұл арнайы статистикалық әдіс арқылы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде алынатын мән.
Критикалық мән – зерттелушілер саны мен әр критерийдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты есептеулерге негізделген шеткі мәндер.
Кластерлі талдау – эксперименттік мәліметтерді кластарға топтастыру әдісі. Дисперсиялы талдау – сызықты комбинациялар түрінде берілген факторлар мен бір уақытты әрекет ететін факторлардан тәуелді бақылауды өңдеудің статистикалық әдістер жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет