БоөЖ-№13 Тақырыбы: Ас қорыту жұмысын



бет2/6
Дата08.12.2023
өлшемі73,08 Kb.
#135219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат.физиология

Ас қорыту мүшелерінін қызметін зерттеу әдістері. Ас қорыту мүшелерінің қызметтерін орыс физиологы И. П. Павлов мұқият зерттелек Арнайы фистулалық әдісті қолданып И. П. Павлов ас қорыту мүшелерінің негізгі тетіктерін анықтап, осы кезге дейін маңызын жоймағак қүнды меліметтер алды, ал ғалым 1904 жылы дуниежүзілік Нобель сыйлығымен марапатталды. И. П. Павлов пен оның шәкірттері жануарлардың ас қорыту мүшелеріне фистула деп аталатын түтікше орнату арқылы ас жолындағы тамақтың барлық өзгерістерін зерттеді. Бұл әдіс жануарлардың ғана ас қорыту тетіктерін көрсете алады, ал адамдарға ондай фистулаларды түрлі сырқаттарға байланысты уақытша ғана орнатады. Адамның ауыз қуысындағы сілекейдің құрамын зерттеу үшін арнайы жабысқақ капсулаларды пайдаланады. Ең кең тарағаны Лешли-Красногорскийдің капсуласы.
Қарын мен ішектерде астың қорытылуын зерттеуде ең көп қолданылатын әдіс -зонд жутқызу. Арнайы жасалған түтікше-зонд арқылы ас қорыту жолының мүшелерінің ішкі беткейін, ас қорыту сөлдеріның химиялық қалпын (жағдайын) зерттеп, адамның ас қорыту жүйесіндегі сырқаттарды анықтайды. Сонымен бірге ас қорыту мүшесін зерггеуде арнайы гастроскоп (грек. гастер, гастрос — кдрын + скопия - қараймын) деген аспап арқылы қарынды зерттейтін гастроскопия және радио байланысы арқылы түрлі физикалық жағдайларын зерттейді. Сонымен қатар радиотелеметрия жөне ультра дыбыстармен зерттеу (УЗИ) әдістері де қолданылады.
Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мүнда тамақтың дөмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жүтылады, ал қою тамақ шайналып үсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дөрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онда оның қүрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мөліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мүқият үзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан теменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап үсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер үсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына түрақты тістері шыға бастайды. Тұрақтылары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында үсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, есіресе қүрғақ тамаққа шығатын сілекейдің қүрамында су көп болады. Құрғақ және кою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жүтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің жөне үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық өсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғандықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің қүрамындағы м у ц и н н і ң маңызы күшті, өйткені оның шүбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.
Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы
л и з о ц и м ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды..
Себи туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, білардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері бірақ бүл кезде баланың сілекейді жұту кабілеті індықтан сілекейі шұбырып, өте көп өңдірілетін тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін мезгілі 9 бен 12 айдажөне 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бүл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың сілекей бездерінің қүрылысы ересектерге ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің күрамында бүл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің қүрғап қалмауын қамтамасыз етеді.
Жаңа туған сәбидің сілекейінің реакциясы айтарлықтай тұрақты: өлсіз-сілтілі реакциядан сәл ғана қышқыл реакцияға дейін өзгереді, ал ересектерде күні бойы рН 5,6-дан рН 8,3-ке дейін, яғни қышқылды реакциядан сілтілі реакцияға дейін өзгеріп түрады.
Жануарлар мен аңдарда сілекей тек тамақ ауызына барғанда ғана бөліне бастаса, адамда төулік бойы 1 минөтге 0,2 мл шамасывда бөлініп, тіл мен ауыз қуысын суландырып түрады. Тамақ жегенде тамақтың құрамына, адамның жасына, шайнау үзақтығына, төбетіне сай мелшер мен қүрамда сілекей бездерінен ауыз қуысына шығады.
4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар үлкен езгеріске үшырайды.
Соңғы кезде сілекейдің қүрамында қанды үйытатын жөне қанның үюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды. Ауыз қуысының жарасы терідегі жарадан анағүрлым тез жазылатыны мөлім.
Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал түздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің қүрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздардың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.
Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нөрестенің сүт тістері пайда болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт тістері қарқынды қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны айтылды. Осы кезден бастап бала ұзақ шайнауды қажет ететін қатты тамақты квп мөлшерде қабылдауына болады.
Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.
Ауыз қуысында шайналып жүмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жүмсақ тандай мен тілшік жұтқыншаққа қарай кетеріліп, оның қуысының мұрын белімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы еңешке қарай козғалады. Жұтқыншақ кетеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, еңеш жолы ашылады да, жүтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға етгері жиырьшып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.
Өңеш. Ауыз қуысында үсақталып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы үзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мүнда ас қорытылмайды.
Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нөзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің үзындығы 10 см, 5 жаста - 16 см, 15 жаста - 19 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет