БоөЖ-№13 Тақырыбы: Ас қорыту жұмысын



бет1/6
Дата08.12.2023
өлшемі73,08 Kb.
#135219
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат.физиология





РЕФЕРАТ

БОӨЖ-№13
Тақырыбы:Ас қорыту жұмысын
зерттеу әдістері


Орындаған: Субханов Мухтар
Тобы:204-А Стом-Фак
Тексеруші Кунакбаев.А
Жоспар.


1.Ас қорытудың маңызы.
2.Ас қорыту мүшелерінін қызметін зерттеу әдістері.
3.Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.
4.Өңеш.
5 Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
6. Ішектегі ас қорыту.
7. Ас қорытудың реттелуі.
8. Қарын бездерінің кызметінің реттелуі
9. Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы).
10. Ішектегі ас қорытудың реттелу
11. Пайдаланылған әдебиет

Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік затгарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нөтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды қүрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады. Асты қорыту "конвейер негізінде" жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. Мысалы: Автомобиль зауытында үнемі жылжып тұратын конвейер лентасының әр жерінде отырған жүмысшылар өзіне жүктелген бір ғана жүмысты істейді, айталық, жылжып келген рамаға автомобильдің кабинасын, кезектегі келесі жүмысшылар мәшиненің рулін қондырады т. с. с. Міндеттері өртүрлі қаз қатар отырған жұмысшылардың алдында баяу ғана жылжып отырып конвейерден бір кезде толық автомобиль шығады.
Сол сияқты жеген тамақ та ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла жөне сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бүзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар - ферменттер - арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы
заттарды, газды бөледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді. Әрбір фермент тек езіне тән жүмысты ғана орындайды, бір ферментті екіншісімен алмастыруға болмайды. Әрине, жоғарыда келтірілген зауыт конвейерінің мысалы тек сырт көрініске ғана үқсас, шын мөнінде ас қорыту ете күрделі
қызмет. Дегенмен ас қорыту жүйесін зауыттың конвейерімен бейнелеп сипаттау күллі ас қорыту мүшелерінің біртүтас, бір-біріне байланысты қызметін толық елестетуге мүмкіндік береді.
Белок таза күйінде жүмыртқаның ақ уызында болады, ай - өсімдік жөне жануарлар майы мен сары май, ал көмірсу — крахмал мен қант түрінде кездеседі. Егер бір кесек етті алып зерттесек, оның қүрамында көп мөлшерде белок, аздаған май мен көмірсу болады. Ал кәртөпті зерттесек, керісінше, онда көмірсу көп болып, белок пен май аз болады. Қазіргі кезде барлық тамақтың қүрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу, витаминдері мен түздары толық зерттелген. Тіпті дайын тағамдардың да мүндай керсеткіштері белгілі. Тамақтың қүрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу- өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде
қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті
материал ретінде пайдаланылады.
Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және ашиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің обырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза жөне басқалар) ыдырайды. Мүндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің күрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Фермент-тер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар ете белсенді белоктардан түратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы касиетгі заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық оайланысқа ғана өсер етеді. Ферменттердің өсерінен сінбейтін, ерімейтін күрделі затгар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.
Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жүп сілекей бездері, жүтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен үйқы (қарын асты) бездері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет