БоөЖ-№13 Тақырыбы: Ас қорыту жұмысын


елі ішектегі астың қорытылуы



бет4/6
Дата08.12.2023
өлшемі73,08 Kb.
#135219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат.физиология

12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытьшған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының жөне арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның үзындығы 25-30 см. Мұңда екі үлкен бездерден сөл қүйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен үйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуне есер ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ май тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын көбейтеді де қорытьшуын тездетеді. Өттің, үйқы безі мен ішек бездерінің сөлдерінің өсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды.
Үйқы безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналады. Ұйқы безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы л а к т а з а ферменті сүтгің қанты лактозаны моносахарид лактозаға ьщыратады.
Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді.
Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің үзындығы ересек адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогадраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза жене инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана өсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Үйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мүньщ көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу жөне даму қарқындары бауырда да байқалады.
Ас қорытудың реттелуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет