Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері Өңештегі ас қоймалжыңы карынға барьш жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі өсер етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында 0,35-0,5 %-дық т ұ з қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын селінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары - тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы - кышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.
Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.
Сөл құрамында белокты ыдырататын п е п с и н, сүт казеинін үйытатын х и м о з и н (мәйек), майды қорытатын л и п а з а ферменттері болады.
Тұз қышқылы ас түйіршіктерін үсақтап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.
Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Пепсиннің өсерінен ірі молекулалы белок ьвдырап, ұсақ молекулалы пептон мен альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ тұрғанда бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның маңызы улкен.
Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферменті ұсақ молекулалы, айталық жүмыртқаның сары уызындағы, ана сүтінің қүрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.
Бұл ферменттің әсер етуі үшін түз қышқылы астың қүрамыңдағы майды үсақ май тамшыларына айналдырады.
Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған кемірсу сілекей амилазасының өсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.
Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені есімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
Баланың қарнының кілегей қабаты незік, қан тамырларына бай, бірақ сөл шығаратын бездері аз болады, сыйымдылығы да кішкентай: 6 айлық баланың қарынының аумағы не бары 250- 300 мл.
Қарын сөліндегі түз қышқылы мен ферменттердің күші 1 жасқа дейінгі балалардың сөліңде төмен болады да, содан кейін кушейе бастайды. Оның есесіне химозин ферменті өте белсенді болады, ал ересек адамда оның белсенділігі төмен. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары. 1 айда - 5,84; 3-7 айда - 4,94; 7-9 айда - 4,48. 9 айдан аса -3,76-ға тең болады. Сондықтан сөлдің қүрамындағы рН =2,0 болғанда белсенді болатын пепсин ферментінің қарывдағы асты қорытуда рөлі темен болады. Сондықтан емшектегі балаларға сиыр сүтін, немесе басқа жасанды сүттерді көп бергенде д и а т е з - бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Бұл баланың қарын сөлінің ферменттік белсенділігінің төмен екенін білдіреді.
Қарын сөлі қарынның кілегей қабатындағы без клеткаларында
өндіріледі. Қарынның қабатында жүз шақты бездер болады.
Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы х и м у с деп аталады. Қарын қабырғасындағы еттер жиырылып жөне босап, қорытылған асты араластырады, химустың ортаңғы жағын шетіне шығарып, ферменттердің есер етуіне ыңғайлайды. Сонымен қатар, қорытылған химусты қарынның төменгі ішек жағына айдайды.
Жаңа туған сөбидің қарыны құрсақ қуысында көлденендеу орналасқан. Ересек адамда ол тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа дейін деңгелек, 2-3 жаста алмұрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады. Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сөбиде 30-35 мл, 1 жаста он есе өседі, 10-12 жаста - 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сөбилердің қарынының ет қабаты өлсіз, без клеткалары нашар дамыған жөне аз болады. Қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі түз қышқылының концетрациясы аз болғандықтан қарын селінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын инфекцияларына карсы күрес нашарлайды. Баланың өсіп, дамуына байланысты қарын сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артып, жоғарғы сынып оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 жасқа дейін балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал ересек адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз.
Ішектегі ас қорыту.