БоөЖ-№13 Тақырыбы: Ас қорыту жұмысын


Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі



бет5/6
Дата08.12.2023
өлшемі73,08 Kb.
#135219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат.физиология

Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару кушейе бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реггелетшін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды гітіркендіреді. Олардың үштарыңда қозу пайда болады. Бұл козу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жүтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығьша келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, ягаи эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.
Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары каликреин мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін өндіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.
Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып еңгімелескенде де шығады. Бұл - И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс бүрын көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, бүрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп түрғанмен немесе оны сөз қьшғаннан сілекей бөлінбейді..
Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ туйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жұтыну орталығын қоздырады. Жұтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген жене тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің булшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нөтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.
Қарын бездерінің кызметінің реттелуі. Қарын селінің өндірілуінде 3 кезең байқалады: курделі рефлекторлы, қарындық және ішектік. Бірінші кезең, яғни к ү р д е л і -рефлекторлы кезең ас қарынға тусер алдыңдағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде пайда болады. Екінші қ а р ы н д ы қ кезең ас қоймалжыңының түйірлері мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын қабырғасын механшсалық тітіркендіруіне байланысты туады.
Қарын бездерінің бірінші кезендегі күшті қарқынмен қызмет етуі асты қабылдау кезіндегі тітіркендіргіштердің кушіне байланысты. Ол бөтен әсер пайда болғанда немесе тамақтың сасық иісінен, жаман түрінен, дәмінен тежеліп қалады. Екінші кезендегі қозуы механорецепторлардан кезеген нервтің орталыққа тепкіш талшығының бойымен ас қорыту орталығына келген импульстердің өсерінен туады. Бұл кезенде басты реттеуші тетік - қарынның қабырғасында түзілетін г а с т р и н мен г а с т р о н гормондары. Гастрин қанға сіңіп гуморальды жолмен қарын бездерін қоздырады. Гастрин пайда болғанда тұз қышқылының ендірілуі тежеледі. Ол қарын бездерінің қызметін тежейтін гастронның өңдірілуін қамтамасыз етеді. Қарын бездерінің қызметін гистамин де күшейтеді. Гистамин етте, көкөністе көп болады және қарын бездерінде өндіріледі. Қанға сіңген гистамин гуморальдық жолмен қарын сөлінің өндірілуін күшейтеді.
Ащы ішектің қабырғасында түзілетін секретин сияқты биологиялық белсенді заттар қанға сіңіп, қанмен тасылу арқылы қарын сөлінің өндірілуіне өсер етеді. Бүл үшінші, яғни ішектік кезең қанға қоздырғыш гормон э нтерогастриннің сіңуінен басталады, ал э н т ерогастрон, керісінше, оны тежейді. Ішектік кезеңге ықпалы бойынша энтерогастринді гастринмен, ал энтерогастронды гастронмен теңеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет