БоөЖ-№13 Тақырыбы: Ас қорыту жұмысын


Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы)



бет6/6
Дата08.12.2023
өлшемі73,08 Kb.
#135219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат.физиология

Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы). Ішектер мен қарынның қабырғалары қозғалып, ас қоймалжыңын олардың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжытып отырады, онсыз астың қорытылып, бойға сіңуі мүмкін болмас еді.
Ішек-қарынның қабырғаларындағы ұзын жолақты және сақина тәрізді орналасқан тегіс еттер жиырылып, қысқарып түрлі қозғалыстар жасайды. Ондай қозғалыстың негізгі екі түрі бар: маятник тәрізді жөне перистальтикалық. Перистальтикалық жиырылу кезінде ішек-қарын толқын іспетті бүлкілдейді де, ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші бөлімге ауысады. Маятник тәрізді ырғақты жиырылғанда ас қоймалжыңы ас қорыту сөлімен араласады. Қарынның тәменгі жақ (пилорус) белімінің сфинктері ашылып-жабылуына қарай ас қоймалжыңы қарыннан он екі елі ішекке сығымдалып, бөлек-бөлек болып өтеді. Ас қоймалжыңы он екі елі ішекке өткенен кейін оның қабырғасывдағы механорецепторлар, хеморецепторлар мен барорецепторлар тітіркеніп, олардан келген қозу импульстерінің әсерінен ас қорыту мүшелерінің қозғалысын реттейтін жүйке орталықтары қарынға жауап импульстер жібереді де, қарын сфинктері жабьшады.
Ішектегі ас қорытудың реттелуі. Ішектегі ас қорытудың, бірінші кезеңі, тамақтың әсерінен ауыз қуысы мен жүтқыншақтағы рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Бүл кезеңде ферменттерге бай аздаған мөлшерде үйқы безінің сөлі ішекке қүйьшады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты туады. Қарынның хемо-рецепторларының тітіркенуі кезеген нерв арқьшы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, үйқы безіне және бауырға келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты үйқы безі көптеп сөл өндіре бастайды.
Ұйқы безінің сөлөндіруқызметінтүзқышқьшы, май жөне оның ыдырау өнімдері, тағамдарға қосылатын тұздықтар (соус) қоздырады. Тұз қышқылы он екі елі ішектің кілегейлі қабатына есер етіп ұлпалық гормон просекретиннің бөлінуіне себеп болады. Просекретиннің белсенді түрі секретин гормоны қанға сіңіп, ұйқы безінің қызметін күшейтеді.
Он екі елі ішектің қабырғасында панкреози-м и н гормоны өндіріледі. Ол ұйқы безінің фермент өндіру қызметін күшейтеді. Үйқы безінің қызметін осы бездің ішкі секрециялық Лангерганс аралшықтарында өндірілетін инсулин де күшейтеді, ал оның екінші гормоны г л ю-к а г о н , керісінше, тежейді.
Өттің өндіріліп және шығуын нервтік және гуморальдык реттеу жолдары бақылайды. Кезеген жүйкесі арқылы бауырға импульстер келіп, өттің өндірілуін күшейтеді, ал симпатикалық нервтер, керісінше, тежейді. Секретин жөне эпифиз бен гипофиз бездерінің гормондары өттің шығуын күшейтеді.
Он екі елі ішектің холецистокинин гормоны, май, еттің сорпасы, кейбір түздықтар күшті өт айдаушы заттарға жатады. Бүл ішектің гормондары дуокринин мен энтерокринин ащы ішектің қабырғасындағы бруннер бездерінің қызметін кушейтеді. Ішектегі сінуді ащы ішектің гормоны, вилликинин, күшейтеді.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғарғы орталық - мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецеп-торларын "аш" қан тітіркендіреді. Бүл орталықтың қызметінің бүлінуі тойымсыздықты (көбінесе көрі адам-дарда) тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орыны - ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импульстері келіп отырады. Мүны дәлелдейтін жағдай - тамақтың иісіне, тағамның аттарына, тамақ жайында әңгімелескенде шартты рефлекстер пайда болад
Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. А.Г. Хрипкова Возрастная физиология. М.

  2. Ю.А. Ермолаев Возрастная физиология. М. ,

  3. Н.Н. Леонтьева, К.В. Маринова Анатомия и физиология детского организма, М.,

4. Дүйсенбин.Қ, З. Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» Алматы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет