– Көптік жалғаулы болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Сөйтіп,
кеңес аяғында підиясының өзі талай тоғыз болып саналды. Бас тоғызы түйе,
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішек-кілем сияқты
тоғыздар еді.
-Күрделі болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Бұлар беттеген қалың
топ үлкен үйлер он шақты еді.
- Жинақтық сан есім мен көмекші етістік: Төрдегі бөлмелер екеу еді.
- Жинақтық сан есім мен -ақ демеулігі арқылы: Күткені, тісін басқаны
біреу-ақ.
– Сан есімдер құрама баяндауыштың негізгі сыңарында тəуелденіп келген:
Мен осыны тосқан əкенің, ағаның бірі едім!.. – деп, Абай бұл əңгімеге
қанағаттана алмай, үндемей қалды.
Баяндауышы кейбір сан есімді тіркестерімен айтылады:
Шығынды өз қолдарымен үлестіріп отырған топтардың қайсысын көрсең
де, əдет-мінездері бір-ақ түрлі.
Ұлы ана, қарт əжеден айрылғандық, оның орнының қаңырап қалғандығы
бір дерт.
Келсе, Балағаздың көзі ұйқыда жатыр екен. Бар жігіт тегіс бейқам. Жиыны
он адам.
Орталық тұста Кəрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалары жоқ,
ерлі-қатынды екі бас.
Өзінің де ең жақсы көретін туысқаны Абай еді. Екеуінің арасы – 5-6 жас.
Жыл сайын, ай сайын, кейде, тіпті күн сайын көргеніміз бір тепкі.
Жоғарыда айтылған сөйлемдердің баяндауыштары – баяндауыш
қызметіндегі тіркестің алдыңғы компоненті – есептік сандардан, соңғы
компоненті дерт, адам, бас, жас, тепкі зат есімдерінен жəне түрлі сын есімінен
тіркесіп жасалған.
– Есептік сан есімдер нөлдік тұлғада жұмсалумен бірге септік жалғауда
тұрып та сөйлемді тиянақтай алады. Септік жалғаулы сан есімдер негізінде
сөйлемнің ішінде (ілік септіктен басқасы) заттанып барып толықтауыштық
қатынаста немесе мезгілді т.б. білдіру арқылы пысықтауыштық қатынаста
жұмсалумен бірге сөйлемнің соңында тұрып, баяндауыш қызметінде сөйлемді
тиянақтай алады. Сан есімдер барыс, жатыс, шығыс, септіктерінде сөйлемді
тиянақтап есімді сөйлемдер жасай алады.
88
–Шығыс септігіндегі күрделі сан есім мен көмекші етістік: Үйткені, анау
таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес.
- Барыс септігі: Саны қырыққа жететін салдардың жасалуы онға жуық.
Мұндағы баяндауыш сан есімді тіркестен синтаксистік тəсіл арқылы құралған,
бастауыштарын сандық сапада болжалдық түрді көрсетеді.
– Сан есім+ақ демеулігі + зат есім жəне керек модаль сөзі: - Бар мал емес,
елу-ақ қой керек. Мұндағы есім баяндауыштың құрамында үш көмекші сөз бар:
елу – негізгі де, -ақ қой керек – көмекші сөздер. Соңғы үш көмекші сөз негізгі
баяндауышқа əрі күшейткіш, əрі заттық, əрі модальдық мағына қосып тұр.
Осындай, есім баяндауыштардың құрамында айтылатын көмекші сөздер
есімдердің баяндауыштық қызметін дəлдеп, мағынасын толықтырып тұрады.
– Сан есім мен көмекші сөздер: Айтқанын мақұл көре қоя ма, жоқ па?
Онысы тағы екі талай.
- Сан есімдер сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей қарым-қатынасқа
түсе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат
есімнен жасалған туынды сын есімдер жəне етістіктер ғана. Өзге сөз
таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын ғана, ақ демеуліктерін атауға
болады.
– Зат есім мен күрделі сан есім: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он
екі.
- Күрделі болжалдық сан есім + зат есім мен көмекші етістік: Осы
топтың артынан іле, тағы бір топ келді. Бес-алты кісі еді.
- Жинақтық сан есім мен –ақ демеулігі арқылы: Ойбай, бізде не қауқар
бар? Біз екеу-ақ...
Жай сөйлем түрлері
Хабарлы сөйлем: Төрдегі бөлмелер екеу еді. Бұлар беттеген қалың топ
үлкен үйлер он шақты еді.
Жақты сөйлем: Ертең үстіңе сияз құрғызамын. Бұл бір.
Жалаң сөйлем: Солар саны елу-алпыс. Біз екеу-ақ...
Жайылма сөйлем: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Бір
Тəкежанда қазір сегіз жүз жылқы бар екен.
Толымды сөйлем: Құлыншақ - сол Торғайдың басты кісісінің бірі.
Толымсыз сөйлем: Жиреншеде сегіз жүз. Жетісуда – алты жүз мың.
Сан есімді салалас құрмалас сөйлемдер
-Сан есімді жалғаулықсыз ыңғайлас (мезгілдес) салалас: Балалары жоқ,
ерлі-қатынды екі бас.Алдыңғы бəйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы
бастатқан тоғыз. Бұл сөйлемнің екі сыңарының да баяндауыштары дара есептік
сан есімі тоғыз арқылы жасалған.
-Болжалдық сан есімді жалғаулықсыз салалас: Базаралының туыс, дос
көршілерінен құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай.
- Сан есімді жалғаулықты ыңғайлас(мезгілдес) салалас: Бас тоғызы түйе,
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты
тоғыздар еді.
89
- Сан есімді кезектес салалас: Жыл сайын, ай сайын, кейде, тіпті күн
сайын көргеніміз бір тепкі.
Сан есімді есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер
-Шартты бағыныңқылы сабақтас: Бас жасысы Қоқан керуенінен алған
жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік жиырма бес, сырмақ,
сандық, жиырма бестен.
- Аралас сөйлем: Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын
ұлықтың өзі болмайды, осы мынау, столда отырған екі тілмаштың бірі.
2.2.4 Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
Қазақ тіл білімінде қазіргі кезде ғана есімді сөйлемдер туралы соңғы он
жылда сөз бола бастады. Профессор М. Балақаев өзінің соңғы еңбегінде есімді,
етістікті сөйлем түрлерін баяндауышының жасалуына қарай топтауды мақсат
етеді. Осы күнге дейінгі қазақ тілі мамандарының бəрі бұл сөйлем түрлерін
ескермегені белгілі. “Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт” [1]
сөйлемдерінің есімді сөйлем деуіне ешкім күмəнданбайды. Себебі ол
сөйлемдердің бастауыштары аспан, айнала, күн сөздері болса, баяндауыштары
ашық, жылы, жым-жырт -сын есімдері. Осы кезге дейінгі еңбектерде
сөйлемдердің осы түрлері орыс тіл білімінде бұрыннан айтылып жүргенімен,
түркологияда, соның бірі қазақ тіл білімінде профессор M. Балақаев еңбегінен
басталады.
“Есімді жай сөйлемдер қолданыста өте көп болғанымен, етістікті жай
сөйлемдерге қарағанда аз қолданылатыны белгілі. Оның басты себебі бар. Бұл
мəселе тек есімді жай сөйлемде ғана емес, есімді құрмалас сөйлемге де
қатысты. Есімді сөйлемдер осы күнге дейін арнайы мəселе етіп көтерілмеуіне
байланысты есімді сөйлемдерді құрайтын сөз таптарының өзінің объектісі
айқындалмағаны айқын. Жалпы есімдерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік
сөз таптары қатысты. Сондықтан бұл құрамды баяндауышты сөйлемдерді
есімді сөйлем құрамында қарастыру дау туғызбаса керек. Дегенмен осы
уақытқа дейін есімді баяндауыштың осы сөз таптары арқылы жасалуы бір
жақты айтылып келеді. Сонда зат есімді баяндауышта оның бір-екі тұлғалық
түрін келтіреді де, оның ондай баяндауыш болудағы əр түрлі құрамды
ерекшеліктері ескерілмейді. Сол сияқты сын есімнің де ішкі категорияларының
сөйлемді тиянақтауы сөз болған емес. Ал, сан есім, есімдіктердің түрлерінің
ішкі ерекшеліктері де ескерілмеген мəселе десе болғандай. Есімді сөйлемдерде
баяндауыш болатын əрбір сөз табын айқындау арқылы есімді сөйлемдердің
жасалуын толық көрсетуге болады” [1].
Біз өз монографиямызда М. Əуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы
құрама баяндауышты есімді сөйлемдерді -зат есімді құрама баяндауышты
сөйлемдер, есімдікті есімді құрама баяндауышты сөйлемдер, сын есімді құрама
баяндауышты сөйлемдер жəне сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер деп
топтастырып едік. Сондай-ақ зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер туралы
сөз қозғап, оның жасалу түрлерін көрсеттік. Біз өз жұмысымызда М. Əуезовтің
“Абай жолы” роман-эпопеясындағы есімдікті есімді құрама баяндауышты
90
сөйлемдер туралы ой қозғап жəне олардың жасалу жолдарын көрсетсек. «Қазақ
тіл білімінде есімдікті есімді сөйлемдер деген мəселе арнайы сөз де болмаған.
Бірақ осы күнге дейінгі баяндауыштардың жасалуында зат есім, сын есім, сан
есімдермен бірдей дəрежеде есімдіктер де кездеседі. Бірақ онда тек бірді-екілі
мысалмен көрсету үрдісі баршылық. Сол сияқты сөз тіркестері мəселелерінде,
оның ішінде əсіресе есімдіктің, сөйлемнің соңында келіп басыңқы сыңарда
жұмсалуы да сөз болып жүр» [60]. Есімдіктер де сөйлем соңында тұрып, ойды
тиянақтай алады. Есімдік баяндауышты сөйлемдер өз бастауыштарымен жақ,
сан жағынан предикаттық байланыста тұрып, есімді сөйлем құрайды.
Баяндауыш болатын есімдік бастауыштың сыр-сипатын, не жайын, не
болмысын білдіруі керек. Əрине, ол жағынан есімдік басқа сөз таптарынан кем
деп айтуға болмайды. Оның өзі есімдіктің зат есім, сын есім, сан есім орнына
жұмсалуына да қатысты. Сонымен есімдіктен болған баяндауышта осы үш сөз
табының заттық, сындық, сандық қасиеттері нақтылана түседі. Зат есім, сын
есім, сан есімдерге қарағанда бастауыштың мəнін айқындауда есімдік сөз
табының орны ерекше деп айтуға болады. Сондай-ақ есімдіктің осы ерекшелігі
оның есімді сөйлемдерді жасаудағы семантикалық жағынан да бай екенін
көрсетеді.
Профессор Р. Əмір «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи
«деген еңбегінде есімдік арқылы құрмалас сөйлемнің бірінші сыңарының
жасалуын көрсетуі есімдікті есімді құрмалас сөйлемнің бір түрін көрсетеді.
Автор баяндауыштары осы еді, сол еді құрамды түрінің берілуін көрсетумен
қатар, есімдіктің функционалдық жағына да назар аударады. Автор бұл
еңбегінде құрмалас сөйлемдегі есімдікті түрінің элементін көрсете отырып,
пікірін былай жалғастырады:«Подобные сложносочиненные предложения
выражают мгновенность следования действий, событий. Грамматическая
организация их определяется не только формой предложения с субъективно-
глагольным построением, но и формой второго компонента, сказуемое
которого всегда выражается глаголом прошедшего очевидного времени» - деп
салалас сөйлемнің екі компонентінің баяндауыштарына анықтама береді. Автор
сонымен бірге жай сөйлемнің де есімді түрі туралы былай дейді: В
предложениях, построенных по способу предикационного выноса, сказуемым с
особым функциональным назначением выступают местоимения мынау, анау.
Конструкция с этим составом служат для выражения эмоции, вызванной
действием: Оңбаған, құдай жүзін көрмегір, сенің алдыңғы сұмдығың жетпеп
пе еді! Қолың батып əкеңнің басын жарып отырғаның
анау
(М. Əуезов). Біз
үшін Қайшамен не деспеді. Енді мұның жайлауы жарасып, жері кеңіп
отырғаны
мынау
(М. Əуезов). Басқасын қайтейін, ең аяғы бір сүйектің басын
тістескен Достың істеп отырғаны
анау
(Ə. Нұрпейісов)» - деп, жай сөйлемді
анау,
мынау
сілтеу есімдіктері арқылы көрсетеді [14, 58 б.].
М. Əуезовтің «Абай жолы «роман-эпопеясында есімдікті есімді құрама
баяндауышты сөйлемдер ұшан-теңіз.
Сілтеу есімдіктері баяндауыш қызметінде көмекші етістіктермен тіркесіп
келіп, құрама баяндауыш тобын жасайды. Оның өзінің бірнеше жасалу түрі бар.
91
- Біріншіден, нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдігіне көмекші етістіктің
жалғасуы арқылы жасалады: Абай дəл мұндай болып құбылған ойнақы айды
ең алғаш байқағаны осы еді. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны
осы еді. Абайдың күткені де сол еді.
- Көптік жалғаулы сілтеу есімдіктері мен көмекші етістік арқылы:
Еркектер бұл ауылдың бар əйелдері мен баласын осы үйге ерте бастан қаматып
қойған. Солар екен. Ырғызбайдың жуаны Əзімбай болғанда, Жігітектің
сімілтірі солар екен. Кейде сілтеу есімдіктері мынандай құрамда келеді: Бірақ
Абайлар білмепті, Айдос ішінен Бөкеншіге кеткен алғашқы сəлем бұл емес
екен.
- Сілтеу есімдіктері мен модаль сөздер арқылы: Бірақ біздің елде тұйғын,
лашын ұстаушы аңшылар асау құсқа сенбегенде, ұзын шыжыммен ұшырады
ғой, сол тəрізді. Саркөл айналасындағы топыры көп ауыл сол тəрізді. Абайдың
да əйелге анықтап қызыға қараған жолы осы сияқты. Жаңа Қадырбай
айтқандай арғыдан бері қарай терсе, елдің үлкен арқалығы осылар сияқты.
Соңғы сөйлемнің баяндауышы көптік жалғаулы сілтеу есімдігі мен «сияқты»
модаль сөзі арқылы жасалған.
Роман –эпопеяда əсіресе сілтеу есімдіктері баяндауыш қызметінде жиі
кездеседі.
-
Сілтеу есімдігіне шылаулардың тіркесуі арқылы: Кіршіксіз таза көңілдің
бар қиялы осы ғана. Становтың тілері мен айтары осы ғана. Ендігі Становтың
Мағаш үшін алысатын мақсаты сол ғана. Абай осы ғой! Əзір көріп отырғаның
сол ғой! Көптік жалғаулы есімдігі мен нақтылық шылауының тіркесуі арқылы:
Сармолланың жауы солар ғой.
-
Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдіктеріне «ғой» нақтылық шылауының
тіркесуі арқылы: Жаным –ау, қасқыр бала мынау ғой! - деді. Кейде сілтеу
есімдігі нөлдік тұлғада келіп, оған түйдектелген көмекші етістігі мен нақтылық
«ғой» шылауы арқылы күрделі баяндауыш түрінде де жұмсалады - Бөжей
өкпесінің басы осы еді ғой.
-
Сілтеу есімдігі мен күшейткіш шылауының қосарлануы арқылы: Мың
асқанға бір тосқанның шағы кеп тұрған сəтім осы-ақ!
-
Сілтеу есімдігі мен сұраулық шылаулар арқылы: Махаббат па? Осы ма?
... Сендердің берген ақылың осы ма? Əділі осы ма? Жақсысы осы ма?
-
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Құнанбай
сонда еді. Сонда сілтеу есімдігі жатыс септігінде тұр. Əзімбай өзі де осында
екен. Мұсағұлға келсе, Базаралы да сонда екен.
-
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен болымсыздық етістігі арқылы:
Бірақ өңі сұп-сұр зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда
емес. Бұлар көптік жалғаулы сілтеу есімдігі жатыс септігінде тұр.
-
Шығыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Əлгіде
Жұмырдың айтқаны осыдан еді.
-
Сілтеу есімдігі мен нақтылық «ғана» шылауына болымсыздық
етістігінің тіркесіп, күрделі баяндауыш қызметінде келуі: Жалғыз осылар ма?
Бұлар ғана емес?
92
Жіктеу есімдіктері «Абай жолы» роман-эпопеясынан байқағанымыздай
тек жіктік жалғауы арқылы ғана сөйлемді тиянақтап қоймай, олар сөйлемнің
соңында əр түрлі тұлғаларда тұрып, есімді сөйлемдер жасайды. Мұның өзі
жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі жұмсалу аясының əлдеқайда кең екенін
көрсетеді. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы - Төрт
тарапың сай келген, ендігі қазақтың хан төресі сен екенсің!
- Жіктеу есімдігінің жіктік жалғауда келіп оған «ғой» нақтылық
шылауының тіркесуі арқылы: Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой. Жеткізетін
сенсің ғой!..
- Жатыс жалғаулы жіктеу есімдігі мен көмекші етістіктердің тіркесуі
арқылы: Бұрын бұзық ой менде де жоқ еді.
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдіктері мен болымсыздық етістігі
арқылы: Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес.
Жіктеу есімдігінен кейінгі сөйлем соңында қолданылатын есімдіктің түрі:
Өздік есімдігі. Егер жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз т.б. сөйлем соңында
баяндауыш қызметінде жұмсалса, керісінше, өздік есімдігі тек тəуелдік
жалғауының үшінші жағында келу арқылы жұмсалады. Оның өзі өздік
есімдігінің көбіне тəуелдік жалғауының үшінші жағында жұмсалуымен
ерекшеленеді.
-
Өздік есімдігінің тəуелдік жалғаулы тұлғада келіп, оған көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы: Немересін баулып отырған өзі екен. Бірақ, қаза
мен жазаны шеккен бұлардың өзі емес.
-
Өздік есімдігі жатыс септігінде келіп оған болымсыз етістігінің
тіркесуі арқылы: Сонысы, жəне, жалғыз Қадырбайдың өзінде емес.
Кейде өздік есімдігі нөлдік тұлғада келіп, оған түйдектелген көмекші сөзі
жатыс жалғаудағы күрделі баяндауыш қызметінде мекендік, бағыттық мағына
үстейді. Өз байлауы өз ішінде. Сол айтылған, жазылған жырлар əлі күнге
Абайдың өзінде, өз бойында.
-
Өздік есімдігі мен модаль сөздері арқылы: Шынында мына сорлы тілмəш
дəл соның өзі сияқты.
-
Өздік есімдігі мен «тіпті» күшейткіш шырайы арқылы: Үйдегі алжыған
əжеңнің ақылынан басқа ақыл жоқ деп алғансың ғой өзің тіпті.
-
Өздік есімдігі мен нақтылық «ғой» шылауы арқылы: ...Таң осы да ...өзі
ғой! Тартып алғыштың басы, шынға келсек, Байсал емес, өзіміз ғой.
-
Түйдектелген күрделі баяндауыш болып: Тобықтыға абырой əперіп,
ұлық қып, үске шығарып қойған да сол өздері.
-
Белгісіздік есімдіктері – Нөлдік тұлғадағы белгісіздік есімдігі мен
көмекші етістік арқылы: Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ.
-
Тəуелдік жалғаулы белгісіздік есімдігі мен көмекші етістік арқылы:
Кешелер ол да Құнанбаймен араз кісінің бірі еді. Ол өз ішінде жатқан ауыр
күдіктің, қиын уайымның бірі еді.
93
-
Сұрау есімдіктері - Сұрау есімдіктері мен көмекші етістік арқылы
жасалған сөйлемдер: -Бұ кім екен? -Жауың кім еді? Мəкішке шұғыл бұрылды
да: - Айтшы, Мəкіш, Салтанат бүгінде қандай екен?.. - деді.
-
Түйдектеліп келген күрделі құрамдағы баяндауыш арқылы: Жиырма
беске жасың келмей жатып, бұ неменең?
Жай сөйлем түрлері
Хабарлы сөйлемдер: Əзімбай өзі де осында екен.
Сұраулы сөйлемдер: - Сендердің берген ақылың осы ма?... Махаббат па?
Осы ма?
Бұйрықты сөйлемдер: Жалғыз осылар ма? Бұлар ғана емес!
Лепті сөйлемдер: Таң осы да... өзі ғой! -Абай осы ғой!
Жақты сөйлемдер: Құнанбай сонда еді.
Жалаң сөйлемдер: Байлау біреу-ақ.
Жайылма сөйлемдер: Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой. Бөжейдің
Құнанбайға қарсы жалғыз ашық серпіні сол еді.
Толымды сөйлемдер: Оразбайдың да ойындағы сөзі осы екен.
Толымсыз сөйлемдер: Айғай салып жылаған жеңгесін алғаш көргені осы
еді.
Болымды сөйлемдер: Немересін баулып отырған өзі екен. Бүгінгі Абайдың
үлкен қала базарына алғаш бару сапарында бастап айтқан сөзі осы еді.
Болымсыз сөйлемдер: Айыпты Өскен-екеңнің өзі емес. Көздегенің сол ғой!
–Жалғыз мен емес...
Құрмалас сөйлем түрлері
Есімдікті жалғаулықсыз мезгілдес (ыңғайлас) салалас
-
Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Тоғжанға
арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жырының
тұңғыш жолы осы еді.
-
Есімдікті жалғаулықты мезгілдес (ыңғайлас) салалас
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Абайдың
қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір əсерлі,
күшті жыры осы еді.
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен модаль сөзі арқылы: Мағаш,
Кəкітайларға да, əке-шешесіне де, Дəрмен арқылы айтқызып тұрған жауабы
осы сияқты.
Есімдікті қарсылықты салалас
- Сілтеу есімдікті қарсылықты салалас. – Көптік+ жатыс жалғаулы сілтеу
есімдігі мен көмекші етістігі арқылы: Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл
сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес.
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістіктер арқылы: Бірақ
Абайлар білмепті, Айдос ішінен Бөкеншіге кеткен алғашқы сəлем бұл емес
екен.
Есімдікті көп компонентті салалас
-Тəуелдік жалғаулы өздік есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Жардың
ернеуі мен арғы ойы толған қар, найза бойламайтын обыр, опқынның өзі еді.
94
Бұл сөйлемнің үш компоненттінің де баяндауыштары есімді болып келген,
бірінші сөйлемнің баяндауышы қар нөлдік тұлғалы жалпы есімнен, екінші
сөйлемнің баяндауышы обыр нөлдік тұлғалы жалпы есімнен болса, үшінші
сөйлемнің баяндауышы өзі тəуелдік жалғаулы өздік есімдігі мен еді көмекші
етістігі арқылы сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр.
Есімдікті сабақтас құрмалас сөйлем
Есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
-Сілтеу есімдікті қарсылықты сабақтас: Құнанбайдың бетіне батып айта
алмаса да, сырттан бар жақын, бар туысқан осылай десе ме екен? Батыр бітімді
Манастың бұл сөзі Салтанат пен Абайға тұрпайылау тисе де, оның бар
сыпайылап айтқаны осы еді.
Есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас
-Жіктеу есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы жіктеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Қазірде
Абай байқаса, мына Базаралы ол емес.
-Өздік есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас.
-Жіктік жалғаулы өздік есімдігі мен нақтылық ғой демеулік шылауы
арқылы: Тартып алғыштың басы, шынға келсек, Байсал емес, өзіміз ғой.
Сілтеу есімдігі мен шартты райлы бол етістікті шартты сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі: Сүйіндік, Бөжей жағының ойы осы болса,
Құнанбай да өз есебін алдын ала өзі өлшеген бетпенен ішіне ірікті. Бұл
сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы осы сілтеу есімдігі мен шартты
райлы бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалған.
-Нөлдік тұлғадағы күрделі сілтеу есімдіктері мен күшейткіш демеулік
шылауы арқылы: Тұяқ серпер күнім болса, сол осы-ақ! Бұл сөйлемнің
бағыныңқы, басыңқы сыңарларының баяндауыштары есімді болып келген,
бағыныңқы сыңарының баяндауышы тəуелдік жалғаулы жалпы есім күнім мен
шартты райлы бол+са көмекші етістігі арқылы жасалса, басыңқы сыңарының
баяндауышы сол осы-ақ күрделі сілтеу есімдіктері мен –ақ күшейткіш демеулік
шылауы арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
-Көптік жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістікті шартты
сабақтас: Ырғызбайдың жуаны Əзімбай болғанда, Жігітектің сімілтірі солар
екен.
Есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас
Сілтеу есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас.
-Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы:
Мұсағұлға келсе, Базаралы да сонда екен.
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
Жіктеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
-Жіктік жалғаулы жіктеу есімдігі мен нақтылық демеулік шылауы
арқылы: Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой.
-Сілтеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
-Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Бөжей өлген
күннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, ертемен байласқан
95
байлау осы еді. Бұл сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы сыңарларының
баяндауыштары есімді болып келген, бағыныңқы сыңарының баяндауышы
Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік бірыңғай жалқы есімдер мен көсемше тұлғалы
боп етістігінен жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нөлдік тұлғалы осы
сілтеу есімдігі мен еді көмекші етістік арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап
тұр.
Өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы
қатып, қажыған жолы осы еді. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының
баяндауышы нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы
жасалып қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сілтеу есімдікті көп бағыныңқылы сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістігі арқылы: Бір шақта,
қаладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, асығып шапқан көк
жазығы осы еді. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы осы нөлдік
тұлғадағы сілтеу есімдігі мен еді көмекші етістігі арқылы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |