Борибаева сафура болатовна


 Сын есімді есімді құрама баяндауышты сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.2.2 Сын есімді есімді құрама баяндауышты сөйлемдер  
Сын  есімдер  есімді  сөйлемді  жасауда  тек  есімді  баяндауыш  түрде  ғана 
емес  құрама  баяндауыш  түрінде  келгенде  сөйлемдерді  тиянақтауы  нақтырақ. 
Сын есім мен көмекші етістікті есімді сөйлемдердің жасалуын көрсетсек.  
Сапалық сын есім мен көмекші етістік арқылы: Тымағын алғанда, сұлу 
біткен  кесек  жүзі  салқын  еді.  Күлкісінің  үні  соншалық  сыңғыраған,  сонша 
мөлдір,  нəзік  еді.  Қонаққа  тігілген  үйлер  мол,  ауыл  сəні  зор  екен.  Бірақ  аспан 
ашық емес
-  Салыстырмалы  шырай  арқылы:  Қалған  қыздардың  жастары  бұдан 
кішірек  еді.  Бірақ  Құнанбай  есебі  бұлардан  тақысырақ  екен.  Қанша  дегенмен 
қырдың  қара  заңынан,  мұсылманның  қожа,  молласының  шариғатынан 
Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ қой.  
-  Күшейтпелі  шырай  арқылы:  Жіп-жіңішке  боп,  ұзын  сызылған  қап-қара 
қасы  да  жігіт  жүзінің  жақсы  ажарын  аша  түскендей.  Бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  жіп-жіңішке  сын  есімі  мен  көсемше  тұлғалы  бол  көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған.  
-  Қатыстық  сын  есім  мен  модаль  сөздер  арқылы  жасалған  түйдекті 
баяндауыш:  Аузы  сөзге  олақ  болса  да,  алқыны,  екпіні  күшті  тəрізденеді
Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген қоңырқай көздері саналы сияқты. Мəкіш 
те Абайдан осы  жөннен жауап естімекке ынталы сияқты.  Осы  сөйлемдердегі 
негізгі мағынадағы сөздер күшті, саналы, ынталы дара қатыстық сын есімдер, 
ал  оларға  тəрізденеді,  сияқты  модаль  сөздері  тіркесіп  келген.  Негізінде  бұл 
тұлғалы  сөздер  сөйлемнің  соңында  келуі  басты  шарты.  Демек,  модаль  сөздер 
арқылы  жасалған  есімді  сөйлемдерде  сөйлемді  тиянақтау  жағы  басым.  Егер 
көмекші  етістіктер  өзі  түйдектелген  шақтық  мағына  үстейтін  болса,  модаль 
сөздерде де шақтық мəннің ізі бар деп айтуға болады. 
-  Күрделі  сын  есім  мен  көмекші  етістік  арқылы:  Өзгеше  өнер  нұрымен 
балқыған,  ерекше  сұлу  еді.  Ол  үйдегі Абайдың  апасы  Мəкішпен  ерекше  тату 
еді.  Сын  есімдер  есімді  сөйлемдердің  баяндауышы  қызметінде  сондай-ақ 
көптік,  тəуелдік  жалғауларының  тұлғасында  келіп,  оған  ғана  шылауының 
тіркесуі  арқылы:  Көзге  ілінетін  ұзын  шидің  басы,  селдір  қамыс  болса,  немесе 
анда-санда  кездесетін  тікенді  шеңгел,  қарағай  басы  кезіксе,  соларды  сыдырып 

 
81
жеп, үзіп жұлып талшық етіп, көпке төзіп келе жатқан түйенің ірілері ғана. Дəл 
қораның  өз  жанында  сай  тұрған  аттар  бірен-саран  ғана.  Дара  сапалық  сын 
есімге  ғой  нақтылық  демеулігінің  тіркесуі  арқылы:  Өмір  сондай  абзал  ғой!.. – 
Ойпыр-ай,  Үсен-ай,  сенің  орысшаңның  ударениесі  орысшаны  отызға  кеп 
оқыған  менікінен  де  жаман  ғой.  Егер  сын  есімдер  есімді  баяндауышта 
тəуелденіп жұмсалатын болса, енді құрама баяндауыштың негізгі сыңарында да 
тəуелденіп,  онан  кейін  көмекші  етістіктің  түйдектелуі  арқылы  жасалады. 
Бөжекеңді  көрген  жерде  сəлеміңді  түзу  бер,  бір  кездегі  жақынның  жақсысы 
еді.  Сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде  –дай, -дей-  жұрнақты  қатыстық  сын 
есіммен көмекші етістік арқылы жасалған: Осымен бар ынтымағын Құнанбайға 
бағындырған жиырма ауыл: дəл бір ұялас бөрідей еді. Ол алдарынан тосқауыл 
болатынын  білген  кісідей  екен. -лы, -лі  жұрнақты  қатыстық  сын  есім  мен 
көмекші етістік: Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес, жасаулы, кілемді, 
алашалы  екен.  Бөжей  Құнанбайға  қатты  ашулы  еді. -ды, -ді-  жұрнақты 
қатыстық  сын  есім  мен  көмекші  етістік:  Толық  денелі,  дөңгелек  жүзді 
Нұрғаным  сұлу  да,  сəнді  екен. -ты, -ті  -жұрнақты  қатыстық  сын  есім  мен 
көмекші етістік арқылы: Ондай жандардың өзін айыптаса жұрт жазықты емес. 
Омбы  қар  қорықтың  шет-шетінде  қалың  болғанымен,  дəл  шилердің  ішіне 
кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен
-лас, -лес-  жұрнақты  қатыстық  сын  есімге  көмекші  етістігінің  тіркесуі 
арқылы:  Құнанбай  Қаратайлармен  əсіресе  сыйлас  еді. –қыш, -кіш-  жұрнақты 
қатыстық  сын  есім  мен  көмекші  етістік:  Көргісі  келмейді,  əсіресе  танығанын 
айтқыш  емес. -тал  жұрнақты  қатыстық  сын  есім  мен  көмекші  етістік: 
Шүкіманның көңлі жүйрік , сезімтал еді. 
Абай  жолы  роман – эпопеясындағы  сын  есімді  есімді  сөйлемдер 
төмендегіше семантикалық мағынада жұмсалған: 
-  Түсін  білдіреді:  Екеуінің  шапан,  тымақтары  да  сұрғылт  түсті.  Түн 
жарық емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен.  
-Бірқалыпты  жайды  білдіреді:  Құнанбай  қоршауында,  ол  екеуі  қажып 
талған түрлерімен, ашаң, жүдеу жүздерімен өзгеше сұп-сұр. 
-Армандауды білдіреді: Өмір сондай абзал ғой! 
-  Сұлулықты  білдіреді:  Басындағы  кимешек  шаршысы  да  ұқыпты  сəнмен 
тартылған, кіршіксіз аппақ, өзгеше өнер нұрымен балқыған, ерекше сұлу еді
-Мінезін білдіреді: Шүкіманның көңлі жүйрік, сезімтал еді
-  Парасаттылықты  білдіреді:  Ұзынша  боп  біткен,  үлкендеу  келген 
қоңырқай көздері саналы сияқты.  
-Өлшемдік қасиетін білдіреді: Абай енді көрді, көлденең өтіп, селдей ағып 
жатқан халықтың саны ұшан- теңіз екен.  
-Салыстыруды  білдіреді:  Үлкен  үйдің  іші  сыртындай  жұпыны  емес, 
жасаулы, кілемді, алашалы екен. 
-Теңеулік  мағынаны  білдіреді:  Абайдың  да  оған  бейіл,  мейірі – аға, 
туыстай ғана, əкедей емес. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Күңгірт 
көңілден кешіп өткен ойлар күздің ақ сұрғылт бұлтындай.  

 
82
Міне  бұл  қасиеттерге  қарағанда  М.  Əуезов  «Абай»  романындағы  есімді 
сөйлемдер  жан-  жақты  формада  қалыптаса  келе  əр  түрлі  реңкті  білдіруде  өте 
шебер  құралған.  Бірақ  сөйлемдердегі  осы  қасиеттері  осы  кезге  дейін  қазақ  тіл 
білімінде  арнайы  зерттеудің  объектісі  болмағаны  белгілі.  Бұл  бүкіл  роман 
бойынша бір ғана тамшы ретіндегі көрініс.  
М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  сын  есімді  есімді 
сөйлемдердің жай жəне құрмалас түрлерін көрсетсек.  
Жай сөйлем түрлері 
Хабарлы  сөйлемдер:  Тəкежан  Абайдан  екі  жас  үлкен.  Ол  Құнанбайға 
өкпелі.  Биылғы  күз  аса  салқын.  Қоңыр  күздің  бүгінгі  күні  желсіз.  Құнанбай 
айналасы көбінше үнсіз
Сұраулы сөйлемдер: -Ту, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетбақ еді? Кім 
тентек, кім мақұл? ... –Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің?  
Бұйрықты  сөйлемдер: -Бəрекелді!  Сүйіндік  аға,  оныңыз  жақсы  ақыл! -
Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен! Құнанбайдың жері кеңір!.. 
Лепті сөйлемдер: Өмір сондай абзал ғой! -Япыр-ай, қандай сұлу!  
Жалаң сөйлемдер: Үй жылы. Абай жалғыз. Аспан да ашық.  
Жайылма сөйлемдер: Биылғы күз аса салқын. Қарауыл суы тентек. Үнсіз 
уайымдаған ана қаралы
Жақты  сөйлемдер:  Ауыл-үй  маңы  тап-таза.  Қарт  соқыр  екен.  Айнала 
бұлыңғыр. 
Болымды сөйлемдер: 
Қарт соқыр екен. Күн болса суық.  
Болымсыз сөйлемдерЖайсыз суық емес
Толымды  сөйлемдер:  Бұл  жайдың  бəрін  танып  сезген  Бөжей  Құнанбайға 
қатты  ашулы  еді.  Ол  үйдегі  Абайдың  апасы  Мəкішпен  ерекше  тату  еді. 
Майбасар бұйрығына қатты ашулы. Олар жаңағы интернаттың төрт баласынан 
сəл қалқыңқы.  
Толымсыз  сөйлемдер:  Ғайып  қараңғылық  жұтқандай.  Түсі  ойлы  кісідей 
салқын.  Ақсұр  жүзі  жабыңқы.  Даусы  соншалық  зілді.  Сөзі  сондай  салмақты
Диалог  жағдайында: -Япырай,  қандай  сұлу!  -Айтқаным  айтқан,  жазықтысың 
арамсың ... –Көріп, біліп келдік. Кəмшат ауру. 
Құрмалас сөйлем  
Салалас  құрмалас  сөйлем  туралы  ой  қозғаған  А.  Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанов,  С.Аманжолов,  Н.  Сауранбаев,Т.  Қордабаев,  Р.  Əмір,  Қ.  Есенов, 
Т. Сайрамбаев,  Б.  Сағындықұлы,  С.  Айтжанова  жəне  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінде  есімді  сөйлемдер  туралы  сөз  болмаған.  Профессор  Т.  Қордабаев 
өзінің  «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  синтаксисі»  деген  еңбегінде 
құрмаластың баяндауыштарына ерекше назар аударады.  
Профессор Т. Қордабаев: «Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің тек өзіне ғана 
тəн  меншікті  баяндауыш  формасы  жоқ,  қалыпты  тиянақты  жай  сөйлемдерде 
баяндауыш  қызметінде  қолданылатын  сөз  таптарының,  формалардың  қай-
қайсылары  болса  да  жалғаулықсыз  салалас  сөйлем  компоненттерінің 
баяндауыштары  бола  алады.  Мысалы:  Өзінің  барғаны  дұрыс,  істі  қолма-қол 

 
83
бітіреді  (Ғ.  Сланов) [12, 46-47 бб.].  Біз  бұл  еңбектен  тек  сапалық  сын  есімі 
дұрыс  арқылы  жасалған  мысалды  беруді  жөн  көрдік.  Қ.  Есеновтің  «Құрмалас 
сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған 
сөйлем  кездеседі. - Сиырымыздың,  тұқымы  да  жақсы,  бабы  да  келіскен  екен 
(Ғ.  Сланов).  Бұл  мезгілдес  салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  сыңарының 
баяндауышы  жақсы  сапалық  сын  есімнен  жасалған.  Осы  туралы  автор: 
«Синтаксистік  компоненттердің  баяндауыштары  осылайша  есім  сөздерімен 
берілгенде,  бұларда  мезгілдестік  қатынастан  гөрі  санамалай  айту  мəні  басым 
болады», - деп есімді құрмалас сөйлем туралы қысқаша ғана айтып кетеді, бірақ 
жеке  тақырып  ретінде  қарастырмайды [12, 21 б.].  Салалас  сөйлемдерді  сын 
есімді баяндауыштарына қарай мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады: 
- Бірінші сыңары сын есімді салалас; 
- Екінші сыңары сын есімді салалас; 
- Екі сыңары да сын есімді салалас. 
–Баяндауыштары  сын  есімді  құрама  баяндауыштар.  Жалпы  сын  есімді 
салалас  сөйлемдерді,сондай-ақ  таза  жəне  құрама  баяндауышты  есімді  салалас 
сөйлемдер деп бөлуге болады. 
Салалас құрмалас сөйлем түрлері: 
- мезгілдес (ыңғайлас) салалас; 
- себептес салалас; 
- қарсылықты салалас; 
- талғаулы салалас; 
- кезектес салалас; 
-түсіндірмелі салалас; 
- салыстырмалы салалас; 
-шартты салалас. 
Осы  аталған  салаластардың  ішінде  мезгілдес,  себептес  пен:  қарсылықты 
түрлері əрі жалғаулықты, əрі жалғаулықсыз, ал талғаулы мен кезектес салалас 
сөйлемдер  үнемі  жалғаулықты  болып  келсе,  түсіндірмелі,  салыстырмалы, 
шартты түрлері жалғаулықсыз болып келеді [17].  
Сын есімді салалас сөйлемдер 
Сапалық  сын  есімді  жалғаулықсыз  мезгілдес  салалас:  Қонаққа  тігілген 
үйлер мол, ауыл сəні зор екен. Өзгеше өнер нұрымен балқыған, ерекше сұлу еді. 
Түсі  салқын  томсарған,  ашулы  сияқты.  Соңғы  сөйлемнің  екінші  сыңарының 
баяндауышы  -лы  жұрнағы  арқылы  жасалған  қатыстық  сын  есімге  сияқты 
модаль сөзі тіркесіп келген. 
Жалғаулықты мезгілдес (ыңғайлас) салалас: Толық денелі, дөңгелек жүзді 
Нұрғаным сұлу да, сəнді екен. Бұл сөйлемнің бірінші сыңарының баяндауышы 
сапалық  сұлу  сын  есімі  арқылы  жасалса,  екінші  сыңары  -ді-  жұрнағы  арқылы 
сəнді қатыстық сын есіміне екен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. 
Сапалық  сын  есім  арқылы:  Жасына  жеткен  қыздардың  пішіндері  сұлу  да, 
сыпайы да емес. 
Қатыстық  сын  есім  арқылы:  Тартысуға  да  қорғаншақ,  шабуға  да  мүгедек 
болып қалды. Олар əрі қызғаншақ, əрі жорымтал, аңдығыш.  

 
84
Қарсылықты  салалас:  Бірақ,  үні  зор,  лебі  екпінді,  батыл.  Бұл  сөйлемнің 
екі  сыңарының  баяндауыштары  да  сын  есімдер  арқылы  жасалған.  Қатыстық 
сын есімді қарсылықты салалас: -ті - жұрнағы арқылы жасалған баяндауыш. 
Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан 
жоқ, сөйтсе де Зеренің күрсінуі күшті. Қанша дегенмен қырдың қара заңынан, 
мұсылманның  қожа,  молласының  шариғатынан  Россияның  заңы  адамға 
мейрімдірек,  рахымдырақ  қой.  Бұл  сөйлемнің  екінші  сыңарының  баяндауышы 
салыстырмалы  шырай  тұлғасында  келген  мейрімдірек,  рахымдырақ  қатыстық 
сын  есімдеріне  қой  нақтылық  шылауының  тіркесуі  арқылы  жасалған  құрама 
баяндауышты салалас. Аласа, тықыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Бірінші 
сөйлемнің  сыңарының  баяндауышы  бірыңғай  сапалық  сын  есімдер  болып 
келген. 
Жалғаулықсыз  қарсылықты  салалас:  Шам  өшсін  -өшпесін,  Абайдың  көз 
алдына  қазіргі  мезгіл,  бұл  сəт  самаладай  жарық.  Бұл  сөйлемнің  екінші 
сыңарының баяндауышы күрделі сын есім арқылы жасалған. 
Талғаулы салалас: Көпшілігі қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт, немесе 
ақшыл  қызғылт  жүзді.  Бұл  сөйлемнің  екі  сыңарының  да  баяндауыштары 
күрделі  сын  есімдер  арқылы  жасалған.  Көбінің  жүзі  ақшыл,  не  қызғылт 
сарғыш.  Бірінші  сыңарының  баяндауышы  салыстырмалы  шырай  арқылы 
жасалса,  ал  екінші  сыңарының  баяндауышы  салыстырмалы  шырайда  тұрған 
күрделі сапалық сын есімдер.  
Түсіндірмелі  салалас:  Осымен  бар  ынтымағын  Құнанбайға  бағындырған 
жиырма ауыл: дəл бір ұялас бөрідей. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, 
бие  бауы,  ауыл  қонысы,  қой  өрісі – барлығы  да  соншалық  таныс,  жақын. 
Күлкісінің үні соншалық сыңғыраған, сонша бір мөлдір, нəзік еді 
Сабақтас құрмалас сөйлем  
Сын  есімді  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас:  Сүйекті  денесі  əлі  де 
қапсағай,  зор  болғанмен,  бет  ажымы  мол.  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы 
сыңарының  баяндауышы  сапалық  зор  сын  есімі  мен  –ған  тұлғалы  бол 
етістігінен  жасалса,  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  сапалық  мол  сын  есімі 
арқылы  жасалып  тұр  Орта  жасты  адам  болса  да,  əлі  біткен  кісідей.  Басыңқы 
сыңарының  баяндауышы  -дей  жұрнақты  қатыстық  сын  есімнен  жасалған. 
Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бəрінде жақсы болғанмен, дəл күздігүні 
жайсыз-ақ. Бағыныңқы сыңары сын есім мен есімше тұлғалы көмекші етістікті 
болып,  басыңқы  сыңары  қатыстық  жайсыз  сын  есімі  жəне  -ақ  күшейткіш 
шылауының түйдектелуі арқылы жасалған.  
Салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас:  Қазірде  Абай  көңілі  қандай 
салқын болса, Ділдə да сондай жалынсыз. Бағыныңқы сыңарының баяндауышы 
салқын  болса  сапалық  сын  есім  мен  шартты  райлы  бол  көмекші  етістігінің 
тіркесуі  арқылы  жасалса,  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  жалынсыз 
қатыстық  сын  есімді  болып  келуі  арқылы  жəне  олардың  алдында  қандай
сондай сөздерінің келуі салыстырмалы мағынаны білдіріп тұр. Абай өзі қандай 
шарасыз  болса,  олар  да  сондай.  Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  жəне  басыңқы 
сыңарларының  баяндауыштары  есімді  болып  келген,  бағыныңқы  сыңарының 

 
85
баяндауышы -сыз жұрнақты қатыстық сын есім мен шартты райлы бол көмекші 
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.  
Мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы сабақтас: Үлкен жазық маңдайы ақыл 
бейнесін  аңғартса,  түксиген  қабақ  астындағы  қисық,  қиғаш  көздері  ерекше 
суық.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  ерекше  суық  күрделі  сын  есімнің 
түйдектелуі  арқылы  жасалған.  Жас  қыз  кірген  кезде,  қатып  қарап  қалған 
Абайдың  реңі  тіпті  жат  еді.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  асырмалы 
шырай  мен  сапалық  сын  есімге  еді  көмекші  етістігінің  түйдектелуі  арқылы 
жасалған.Тымағын алғанда, сұлу біткен кесек жүзі салқын еді
Себеп бағыныңқылы сабақтас: Дəл кірер жері тар болғандықтан, Көкбай 
бастаған  жігіттер  бірінің  артынан  бірі  тізілді.  Бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  сапалық  тар  сын  есім  мен  есімше  тұлғалы  -дықтан  қосымшалы 
бол  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем 
құрып тұр.  
Қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас:  Досыңа,  қатын-балаңа  қатты  боп, 
қайда барасың өзің? Бағыныңқы сыңарының баяндауышы сапалық қатты сын 
есімі  мен  көсемше  тұлғалы  бол  көмекші  етістігінің  түйдектелуі  арқылы 
жасалған.  Жеңіл  пешпет  ішік  киіп,  білегін  сыбаныңқырап  алған  Ызғұтты 
аңшыдай  шапшаң,  ықшам.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  аңшыдай 
шапшаң, ықшам бірыңғай сын есімдерінің түйдектелуі арқылы жасалған.  
Шартты  бағыныңқылы  сабақтас:  Ырғызбаймен  салысса,  Жігітекте  де 
қоныс  аз,  өріс  тар.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  аз,  тар  бірыңғай 
сапалық сын есімдері арқылы жасалған. Ірі қара дегенде сиыр болса, ол кесел 
қойдан да жаман екен. Басыңқы сыңарының баяндауышы жаман сапалық сын 
есімі  мен  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалған.  Жалғыздық  пен  осы 
қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші жоқтай. Басыңқы 
сыңарының баяндауышы жоқтай қатыстық сын есімі арқылы жасалып тұр. 
Көп бағыныңқылы сабақтас: Ал, бүгінгідей қысылған шағында, мынандай 
апат, ауыртпалық көрген шағында, қаншалық əлсізосал. Басыңқы сыңарының 
баяндауышы  бірыңғай  сын  есімдерінен  жасалған.  Бірақ,  осы  күндер  бойында 
Абай  əн  салып,  қалжың  айтып,  келелі  кеңес  те  сөйлеп  жүргенмен,  өз  ішінде 
жабырқау.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  жабырқау  сын  есімінен 
жасалған.  Құлағында  үлкен  алтын  сырғасы  ырғалып  келе  жатқан  Тоғжан, 
мынау  ат  үстінде,  мынадай  топ  қыздың  тап  ортасында,  дəл  көп  жұлдыз 
арасындағы  Шолпандай.  Басыңқы  сыңарының  баяндауышы  -дай  жұрнағы 
арқылы жасалған Шолпандай теңеулік мағынаны білдіретін қатыстық сын есімі 
арқылы жасалған.  
 
2.2.3 Сан
 
есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
  
Қазақ  тіл  білімінде  сан  есімдер  де  басқа  есім  сөздер  сияқты 
морфологиялық  жағынан  жан-жақты  зерттелді.  Барлық  түркі  тілдері  бойынша 
жеке-жеке  диссертациялар  жазылып,  соның  негізінде  монографиялар  жарық 
көрді.  Қазақ  тілінде  сан  есімді  арнайы  зерттеген  Ə.  Хасенов  бірер  мысал 
арқылы сан есім де сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалады деп тоқталып 

 
86
өткен. Сонымен қатар қазақ тілі оқулықтарында да бұл мəселе арнайы берілген. 
Осы  салада  А.  Байтұрсынов,  С.  Аманжолов,  Н.  Сауранбаев,  А.  Ысқақов, 
О. Төлеуов  т.б.  ғалымдар  үлкен  еңбек  жазды.  Əрине,  осы  аталған  еңбектерде 
сан есім морфологиялық жағынан зерттелгенімен, ара-арасында сан есімдердің 
тек  сөйлем  мүшесі  болуы  ғана  айтылады.  Демек,  жоғарыдағы  авторлардың 
еңбегі  бойынша  сан  есім  көбіне  тек  морфологиялық  жағынан  ғана  сөз  болды 
деп  айтуға  болады.  Сан  есімдер  синтаксистік  зерттеулерде  сөйлем  мүшелері 
болуымен  бірге  Қ.  Жұбанов,  М.  Балақаев,  Т.  Сайрамбаев  еңбектерінде  сөз 
тіркесінде  жұмсалуы  сөз  болады.  Бізге  қатыстысы  сан  есімдердің  сөйлем 
мүшелері  ішінде  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы.  Табиғи  жағынан  алғанда 
сан  есімдер  анықтауыш  болуы  тиіс.Сол  сияқты  сан  есім  басқа  да  сөйлем 
мүшелері  қызметінде  жұмсалатыны  туралы  жоғарыда  айтып  кеткенбіз. 
Дегенмен  ол  туралы  жоғарыдағы  авторлар  еңбегінен  мысалдар  келтіруге 
болады.  М.  Балақаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығынан: «Асқар  сағатына 
қараса,  сағат  түнгі  тоғыз  болып  қалған  екен  (С.  Мұқанов).  Мұндағы  есім 
баяндауыштың  құрамында  үш  көмекші  етістік  бар:  тоғыз – негізгі  де,  болып 
қалған екен – көмекші сөздер. Соңғы үш көмекші сөз негізгі баяндауышқа əрі 
шақтық,  əрі  видтық  (болып  қалған – тоғыз  болуға  таянған,  бір-ақ  əлі  болған 
жоқ), əрі модальдық мағына қосып тұр.  
Осындай,  есім  баяндауыштардың  құрамында  айтылатын  көмекші 
етістіктер есімдердің баяндауыштық қызметін дəлдеп, мағынасын толықтырып 
тұрады.  Ондай  көмекші  етістік  қатысқан  баяндауыштарды  күрделі  есім 
баяндауыштар деп танимыз» [1, 140 б.] - деп автор мезгіл бағыныңқы сабақтас 
сөйлемнің  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  сан  есімді  есімді  есімді  құрама 
баяндауыш арқылы жасалғанын көрсетеді. 
Біз  осы  тақырыбымызда  сан  есімді  есімді  құрама  баяндауышты 
сөйлемдердің жасалу жолдарын, сөйлем түрлерін талдамақпыз.  
Сан  есімдер  сөйлем  соңында  үнемі  таза  сан  есім  түрінде  келмей,  құрама 
баяндауышты  болып  та  келеді.  Сан  есімдерге  көмекшілік  қызметте  көмекші 
етістік,  түрлі  көмекші  есімдер,  модаль  сөздер  қатысты.  Олар  есім 
баяндауыштардың  қызметін  тиянақты  ете  түсіп,  шақтық,  видтік,  модальдық 
мағына  қосады.  Сан  есімдер  ондай  сөздермен  тіркесте  негізгі  мағынаға  ие 
болады  да,  көмекші  сөздер  сол  сан  есімдерге  көмекші  қызметте  жұмсалады. 
Əсіресе  сан  есімді  тіркесте  ондай  сөздердің  көп  қолданылатыны  көмекші 
етістіктер мен нумеративті сөздер. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:  
Реттік  сан  есім  мен  нумеративті  сөздер
:  Мұнда  келгелі  биыл  бесінші 
жыл. 
Тəуелдік жалғаулы есептік сан есім мен көмекші етістік: Байтастың мінгені 
Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Кешелер ол да 
Құнанбаймен араз кісінің бірі еді. 
Болжалдық сан есімдер: 
Барлық  жиын – елу  қаралы  еркек,  отыз-қырықтай  қатын.  Есептік  сан 
есім  сөздері  қосарланып,  -тай  қосымшасы  жалғануы  арқылы  болжалдық  сан 
есімі туып тұр. 

 
87
-  Құрама  баяндауыштағы  көмекші  етістіктер:  Есім  баяндауыштарға  да 
өткен  шақтық  мəн  беріп,  олардың  баяндауыштық  қызметін  айқындай  түсетін 
көмекші етістіктің бірі - еді. 
– Болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Иіс жинап топтаған қой саны 
елудей еді. 
Сан есім мен көмекші етістік. Көмекші етістіктер сан есімдермен тіркесіп 
құрама  баяндауыш  жасайды.  Осылай  көмекші  етістіктер  сан  есімдерге  түрлі 
шақтық  мағына  берумен  бірге  сан  есімдердің  сөйлемді  тиянақтау  қасиетін 
барынша нақтылай түседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет