№ М. Əуезовтің «Абай
жолы» роман-
эпопеясындағы есімді
сөйлемдер
Саралаудағы
сандық мəлімет
Барлығы
Пайызды
қ
мөлшері
%
Пайызды
қ
мөлшері
%
Зат есімді есімді сөйлемдер 889 29,1
%
1
Зат
есімді
құрама
баяндауышты сөйлемдер
604
1493
19,8 %
49 %
Есімдікті есімді сөйлемдер 344 11,3
%
2
Есімдікті
есімді
құрама
баяндауышты сөйлемдер
232
576
7,6 %
19 %
«Бар», «жоқ» сөзді есімді
сөйлемдер
374 12,3
%
3
«Бар», «жоқ» сөзді есімді
құрама
баяндауышты
сөйлемдер
126
500
4,1 %
16,4%
Сын
есімді
есімді
сөйлемдер
268 8,8
%
4
Сын есімді есімді құрама
баяндауышты сөйлемдер
139
407
4,6 %
13,2%
Сан есімді есімді сөйлемдер
31 1%
5
Сан есімді есімді құрама
баяндауышты сөйлемдер
42
73
1,4 %
2,4 %
Барлығы:
3049
100%
Есімді сөйлемдердің ішінде зат есімді баяндауыштар М. Əуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясында ең молы. Сараптамаға алынып, талданған үш
мыңнан астам есімді сөйлемдердің таза зат есімді есімді сөйлемдері 29,1 пайыз
104
болса, зат есімді құрама баяндауышты 19,8 пайыз, екеуінің қосындысы
49 пайыз құрайды.Олар мынадай тұлғада келеді:
-Нөлдік тұлғада: Əсіресе өзінің ең ыстық көрген өзені - Қарауыл.
-Көптік тұлғада: Көшіп келе жатқан Абай аулы мен көрші ауылдар.
-Жіктік жалғауда: -Мен Оралбай емеспін. Елдің жазықсыз, қылмыссыз
адамымын.
-Тəуелдік тұлғада: Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл –
Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.
-нікі қосымшасы арқылы: Шетінен кішкене шағын қоңырқай үйлердің орта
тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі.
-Септік тұлғада кездесетін есімді сөйлемдер роман-эпопеяда жатыс,
шығыс, жалғаулары арқылы өте мол кездеседі: Үкілі тымақ, қызыл шапан
қоржында. Алпыс үйдің екеуіне бір аттан. Қар басқан кең дала қыбырсыз,
ұзақ жота үнсіз де момын тыныштықта.
Септік жалғауларының ішінде ең жиі кездесетіні атау, жатыс, шығыс
жалғаулары арқылы жасалған есімді сөйлемдер деп айтуға болады. Роман-
эпопеяда көптік, тəуелдік жəне септік жалғаулары арқылы жасалған есімді
сөйлемдер мол, ал жіктік тұлғадағы есімді сөйлемдер санаулы ғана.
-Шылаулардың зат есімдерге түйдектелуінен есімді сөйлемдер жасалады:
Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. Ұлықтар
қасында өзінің екі атшабар, екі старшынымен қалған Тəкежан ғана.
- Көмекші есім: Көмекші есімді есімді сөйлемдер ілік жалғауының ашық,
жасырын түрі арқылы жасалады: Осы – Тереңсайдың тұсы.
-Модаль сөздер есімді сөйлемдерде сияқты, тəрізді, керек, мүмкін т.б.
сөздер мол қатысады: Оның бəріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық
керек. Осы аз күн ішінде Оязбен менің жауаптасуым мүмкін. Сырт ажарлары
шынымен егілген, есінен танып, бауыры езілген кісілер тəрізді.
-«Абай жолы» роман-эпопеясында əсіресе көмекші етістік зат есімдердің
нөлдік, көптік, тəуелдік, септік тұлғаларына түйдектеліп, есімді сөйлем
жасайды жəне олар əр түрлі құрамда келеді. Көмекші етістіктер дара, екі, үш
сөзді күрделі де болып келеді.
- Жай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты, жалаң,
жайылма, болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, атаулы түрлері
кездескенімен, бірақ жақсыз сөйлем жасалмайды. Хабарлы, лепті, бұйрықты
жай сөйлемдер жиі ұшырасады.
-Салалас құрмалас сөйлемнің мезгілдес салалас, қарсылықты салалас,
талғаулы салалас, кезектес салалас түрлері жиі кездеседі. Бүгін, Ақшоқыдағы
ауылда қалың думан бар, ауыл əбігерде.
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқылы, мезгілдес
бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы түрлері
мол. Əзімбай ашық зұлымдық атты дерт болса, мынау екі жүзді айлалы
жабысқақ кесел.
105
-Зат есімдер сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жəне басыңқы
сыңарында да жұмсалады: Шынында ол ұлық үшін ұры, қарақшы болғанмен,
халық үшін - əділ кек жолындағы өжет жігіт.
-Роман-эпопеяда есімді жай сөйлем мен есімді құрмалас сөйлемдер тең
дəрежеде деп айтуға болады.
Сын есімді сөйлемдер. М.Əуезовтің роман-эпопеясында сын есімді есімді
сөйлемдер 13,2 пайыз құрайды, оның ішінде таза сын есімдісі 8,8 пайыз, ал
құрама баяндауыштысы 4,6 пайыз. Сын есімдер есімді сөйлемде сапалық та,
қатыстық та, дара, күрделі түрде де кездеседі.
-Сапалық, қатыстық сын есімдер жай сөйлем жəне құрмалас сөйлемде де
кездеседі: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл. Күрделі баяндауыш түрінде:
Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен тартылған, кіршіксіз аппақ.
-Сапалық сын есім есімді сөйлемде нақтылық шылаулармен де, ойдың
тиянақтылығын нақтылайды: - Қара көктің жал-құйрығы қара ғой.
-Сын есімді есімді сөйлемдер құрмаластың бағыныңқы жəне басыңқы
сыңарында да жұмсалады: Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бəрінде жақсы
болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ.
- Сын есімдер барлық шырай түрінде келеді: - Құнанбаевтың білімге
ұмтылу талабы аса зор. - Салыстырмалы шырай арқылы: Қанша дегенмен
қырдың қара заңынан, мұсылманның қожа, молласының шариғатынан
Россияның заңы адамға мейірімдірек, рахымдырақ қой.
-Асырмалы шырай: Бірақ, байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. Тағы да
талай күннен толас таппаған, ақыры үскірген сұмдық суық.
-Қатыстық сын есімдер арқылы жасалған сын есімді сөйлемдерді екі бөліп
қарастыруға болады, біріншісі: есімдерден сын есім тудыратын өнімді
жұрнақтар арқылы: –лы,-лі, -ды,-ді,-дай,-дей,тай,-тей,-сыз,-сіз,-шаң,-шең,-дас,-
дес: Олар, анау көрініп тұрған екі, Ақшоқы биігіндей... Қонақ үйі шешелер
үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз... Тағы біреуі – қан иісін сезіп
жаланып жүрген түлкідей.
-Өнімсіз жұрнақтар арқылы: Соның бəрі шетінен қалжыңқой, ашық.
-Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар –ыңқы,- ңқы,- уық,-
уік, -шақ,-шек, -ғыш,-гіш,-қыш,-кіш арқылы: Олар жаңағы интернаттың төрт
баласынан сəл қалқыңқы.
-Қатыстық сын есімдер салаластың екі сыңарында да кездеседі: Олар əрі
қызғаншақ, əрі жорымтал, аңдығыш.
-Өнімсіз –ғы,-гі,-ғыр,-гір жұрнақтары: Сөзге жүйрік мінезбенен іске де
алғыр.
-Сын есімдер жіктеліп те, тəуелденіп те сөйлемді тиянақтайды:
Парақорлық- кітап айтатын күнəнің үлкені... -Айтқаным айтқан, жазықтысың,
арамсың.
-Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде де салалас сөйлемдерде мол
жұмсалады: Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сəнді екен.
-Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде сабақтас құрмаластың
бағыныңқы жəне басыңқы сыңарында да жұмсалады:
106
Омбы қар қорықтың шет-шетінде қалың болғанмен, дəл шилердің ішіне
кіргенде оншалық қатты емес, күпсек екен.
-Сын есімдер модаль сөздермен де түйдекті тіркесті есімді сөйлемдер
жасайды: Аузы сөзге олақ болса да, алқыны, екпіні күшті тəрізденеді.
-М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сын есімді есімді
сөйлемдер парасаттылықты, армандауды, сұлулықты, өлшемді т.б. мағыналарда
жұмсалады.
- Сын есімдер арқылы жасалған жай сөйлемнің ішінен жақсыз сөйлем
жасалмайды, жай сөйлемнің басқа барлық түрі кездеседі.
-Құрмалас сөйлемдердің салаласынан: мезгілдес (ыңғайлас) салалас,
қарсылықты салалас, талғаулы салалас, түсіндірмелі салалас.
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің қарсылықты бағыныңқылы сабақтас,
салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы
сабақтас, себеп бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас,
шартты бағыныңқылы сабақтас түрлері мол кездеседі.
-Көп бағыныңқылы сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдер де мол.
-Сын есімді есімді жай сөйлемдерге қарағанда сын есімді есімді құрмалас
сөйлемдер басым.
Сан есімді есімді сөйлемдер басқа сөз таптарына қарағанда роман-
эпопеяда сирек кездесетін есімді сөйлемнің түрі. Сан есім арқылы жасалған
есімді сөйлемдер 1 пайыз, ал құрама сан есімді сөйлемдер 1,4 пайыз болса,
жалпы 2,4 пайыз құрайды.
-Сан есімдер есімді сөйлемде таза түрінде жəне аналитикалық тəсіл
арқылы келеді. Таза сан есімді есімді сөйлемде есептік, жинақтық, топтау,
болжалдық сан есімдері кездеседі. Олар дара, күрделі, түрде жəне тəуелдік,
жіктік, септік жалғауларында да келеді.
-Есептік сан есімді: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Ал мен,
шынында, қатардағының бірімін!
- Реттік сан есім мен нумеративті сөздер: Мұнда келгелі биыл бесінші
жыл.
-Жинақтық сан есімді: Əлпеншекті Тоғжанмен бірге теуіп тұрып, осы əнге
сыр бөлеп еді екеуі.
-Топтау сан есімді: Бəйгенің бəрі де тоғыз-тоғыздан.
-Болжалдық сан есімді: Базаралының туыс, дос көршілерінен құралған
аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай.
-Сан есімді есімді сөйлемді тиянақтауда көмекші есім, шылау, модаль сөз,
көмекші етістіктер де қатысады: Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал
бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Күткені, тісін басқаны біреу-ақ. –Бар
мал емес, елу-ақ қой керек.
-Сан есімдер көмекші сөздер құрамында келіп, тəуелдік, көптік, септік
жалғауларында да ойды тиянақтайды: Бас тоғызы түйе, екінші тоғызы жылқы,
аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты тоғыздар еді. Үйткені, анау
таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес.
107
-Салалас құрмалас сөйлемнің екі сыңары да сан есімді:Алдыңғы бəйге түйе
бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз.
-Сан есімді есімді сөйлемдер құрмаластың басыңқы сыңарында жиі
жұмсалады:
Бас жасысы Қоқан керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса,
содан ары, ішік жиырма бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен.
-Сан есімді есімді жай сөйлемдердің ішінен жақсыз сөйлем жасалмайды,
болымсыз, сұраулы сөйлемдер кездеспеді, роман-эпопеяда жай сөйлемнің басқа
барлық түрі кездеседі.
-Салалас құрмаластың жалғаулықты жəне жалғаулықсыз ыңғайлас,
кезектес салалас түрлері жиі кездеседі.
-Сабақтас сөйлемнің шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл-
сын бағыныңқылы жəне аралас сөйлемдер кездеседі.
-Сан есімді есімді жай сөйлемдер сан есімді құрмалас сөйлемдермен
салыстырғанда басым.
Есімдікті есімді сөйлемдер де зат есімдерден кейін М. Əуезовтің роман-
эпопеясында ең мол кездесетін түрі. Олардың жалпы саны 19 пайыз құрайды,
таза есімдікті есімді сөйлемдері 11,3 пайыз, құрама баяндауыштысы
7,6 пайыз.Біз өз жұмысымызда есімдікті баяндауыштардың түрлеріне, жасалу
жолдарына, семантикасына көңіл бөліп, есімдіктің сөйлемнің соңында келіп,
ойды тиянақтап, есімді сөйлем болуын дəлелдедік.
-Жіктеу есімдігі:Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде.
-Сілтеу есімдігі: Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы.
-Сұрау есімдігі: Судан қалай өтесіз, Абай, атыңыз қайда?
-Өздік есімдігі: Жаңағы даурықтардың бəрін естіп, тоқыраған Шөженің өзі.
-Белгісіздік есімдігі: Мұхаметжан – Абайдың туысқандарының бірі.
-Есімді сөйлем құрауда есімдіктің əрбір түрінің орны ерекше. Роман-
эпопеяда жіктеу, сілтеу, өздік, сұрау есімдіктері жиі кездеседі, ал белгісіздік
есімдіктері сиректеу.
-Барлық есімдіктер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік жалғауларында
келіп, есімді сөйлемді тиянақтайды, əсіресе жіктеу, сілтеу есімдіктері септік
жалғауларының барлық түрінде ұшырасады: Абайдың бас алмай оқығандары
осылар. ...Сол таңым сенсің бе? Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы
Жиренше де осында.
-Жіктеу есімдіктеріне -нікі, -дікі қосымшалары жалғанған түрлері де
кездеседі: Шөжікеңнің түскен үйі біздікі! Ет бауыр туыс оныкі! –Ел де сенікі, ел
ішіндегі тентек те сенікі.
- Есімдіктерге көмекші етістік, шылау, модаль сөздер жалғасып, есімдікті
құрама баяндауышты есімді сөйлем болып, сөйлемді одан əрі тиянақтай түседі:
Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес. Ендігі Становтың Мағаш үшін
алысатын мақсаты сол ғана. Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой. Шынында
мына сорлы тілмəш дəл соның өзі сияқты. Саркөл айналасындағы топыры көп
ауыл сол тəрізді. Алшынбайдың ойы да осы туралы еді.
108
- Есімдікті есімді құрмалас сөйлемге қарағанда есімдікті есімді жай сөйлем
басым. Жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты, жалаң,
жайылма, толымды, толымсыз, болымды, болымсыз сөйлемдері кездеседі, тек
есімдіктерден жай сөйлемнің жақсыз түрі жасалмайды. Осы сөйлемдердің
ішінде хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдері жиі кездеседі.
- Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінен мезгілдес салаластың
жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері жəне қарсылықты салалас сөйлемдер мол
кездеседі: Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы.
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің мезгілдес бағыныңқылы сабақтас, қимыл-
сын бағыныңқылы сабақтас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас, шартты
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер түрлері жиі ұшырасады.
- Есімдікті есімді сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемнің көбінесе
басыңқы сыңарында кездеседі: Базаралыны бұдан былайғы бір қимылға
шүйлеп, қайрап салудың анық сөзі осы
.
- Көп бағыныңқылы сабақтас, аралас сөйлемдер де бар.
- Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем: Абай ауылынан кеткен бетінен
қалаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тіреген жері осы.
«Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер 16,4 пайыз құрайды. Оның ішінде
таза «бар», «жоқ» сөздері арқылы 12,3 пайыз, құрама баяндауышты түрлері
4,1 пайыз. Құрама баяндауышты «бар», «жоқ» сөздері арқылы жасалған есімді
сөйлемдерге қарағанда таза «бар», «жоқ» сөздерінен болған есімді
баяндауыштар мол.Бұл сөздер арқылы жасалған есімді сөйлемдер жай,
құрмалас жəне аралас болып келеді.
- Жай жəне құрмалас сөйлемдер тең дəрежеде кездеседі.
- Жай сөйлемдердің хабарлы,сұраулы түрлері мол.
- Хабарлы сөйлем: Бақанаспен қатар ағатын Жəнібек суы бар.Ерболдың
алдында түк бөгет жоқ.
- Сұраулы сөйлем: Бірақ, Бақанастың өз өңірінде ол өспейді.Өзге қай
жерде бар? ...Шыңғыс деген Тобықты бар ма?
Зерттеу барысында есімді сөйлемдердің жасалуындағы төмендегідей
парадигмалық қатарларын қарастырдық.
-Зат есімді есімді сөйлемдер;
-Сын есімді есімді сөйлемдер;
-Сан есімді есімді сөйлемдер;
-Есімдікті есімді сөйлемдер;
-«Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер;
-Зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер
-Сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
-Сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
-Есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер;
-«Бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер.
Есімді сөйлемдер баяндауышы роман-эпопеяда мынадай жағдайда
кездеседі: есімдер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік жалғауларында тұрып
109
сөйлемді нақты тиянақтайды: Соның екі жағасы селдір біткен аласа тоғай.
Ақбоз аттың тоқым-көпшігі де аппақ.
-есімдер, шылаулар, (демеуліктер) көмекші есім, көмекші етістіктің
түйдектелуі арқылы жəне модаль сөздің қатысы арқылы тиянақтылық
нақтылана түседі: Шаң ғана емес, адырдың құлай берісінен селдей қаптап,
жосытып келе жатқан қалың қол екен. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой.
Ұзынша боп біткен, қоңырқай көздері саналы сияқты. Күткені, тісін басқаны
біреу-ақ. Бірақ, атадан бала, баладан нəсіл сол көргеннен өнеге алары бар ма?
Абай мұның не қылғанын байқаған жоқ еді.
-нікі, -дікі қосымшасы арқылы: - Бұйрық ұлықтікі. Құнанбай мен
Майбасардікі...
Сөйлемді тиянақтауда бұл топтар зат есімді, сын есімді, сан есімді,
есімдікті, «бар», «жоқ» сөздері арқылы жасалған баяндауыштарда жəне құрама
баяндауыш түрінде əр түрлі деңгейде қолданылады.
-Роман-эпопеяда есімді жай сөйлем мен есімді құрмалас сөйлемдер тең
дəрежеде деп айтуға болады.
110
ҚОРЫТЫНДЫ
Синтаксис – тіл білімінің грамматика саласындағы ең іргелі тарауының
бірі. Алғашында сөз бен сөздің бірігуі, қосақталуы деген ұғымнан кеңейе келе,
сөйлем құрудың жүйесі жəне тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым
деген мағынаға ие болған.
Негізгі зерттеу нысаны адам ойын білдірудің тура сəулесі, көрінісі болып
табылатын сөз жəне сөйлем болып табылады, нақты айтқанда сөз тіркесі, жай
сөйлем жəне құрмалас сөйлемдер. Біз бұл жұмысымызда М. Əуезовтің «Абай»
эпопеясының негізінде есімді сөйлемдер, олардың берілу жолдары, түрлері
мəселесін қарастырдық.
Жалпы басқа түркі тілдерінде М. Əуезов сияқты жазушылардың
еңбектерін тілдік жағынан талдау жан-жақты қолға алынған. Ал қазақ тілінде
осы сияқты еңбектердің тілдік жағы тіпті сөз болмады десе де болғандай.
Сөйлем синтаксисі өте күрделі. Осы күрделілік олардың түр-түрімен
байланысты. Қазіргі кезде қазақ тілінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем, жалаң,
жайылма, жақты жақсыз, хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты, болымды,
болымсыз, толымды, толымсыз, белгілі жақты, белгісіз жақты, атаулы деп
беріліп келеді. Осылайша сөйлемдерді беру қалыптасты да, дегенмен соңғы
кезде осы сөйлемнің түрлері қатарына есімді, етістікті сөйлемдер дейтін де
түрлері орын ала бастады.
- Осы кезге дейін есімді, етістікті сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы
туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын
қалыптасты десе, керісінше, етістікті сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де
көзқарастар орын алуда. Орыс тіл білімінде есімді сөйлемдердің етістікті
сөйлемдерден бұрын пайда болды деген М. Ломоносовтың пікірін
қолдаушылар А.А. Потебня, А.А. Шахматов, Н.Ю. Шведова, В.А. Белошапкова,
Г.А. Золотова, З.П. Табакова, Н.М. Александров, Я.И. Рословец болды. Түркі
тіл білімінде А.П Поцелуевский, Э.В. Севортян, Н.З. Гаджиева,
Б.А. Серебренников т.б. ғалымдар ең алдымен есімді сөйлем пайда болғанын,
содан кейін етістікті сөйлемнің пайда болғанын ғылыми дəлелдейді.
- Ойдың ұғымдық мəнін білдіретін есімді сөйлемдер М. Əуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясында мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай
жəне құрмаластардың қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің
есімді түрі соңғы уақытта айтыла бастады. Жоғарыда талданған еңбектердің
барлығы есімді сөйлемдерді жеке зерттеудің нысаны ретінде қарамаған. Олар
сөйлемнің түрін ажыратуда, баяндауыштың жасалу ерекшелігін анықтағанда
айтылып отырған. Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді жеке зерттеу
нысанасы ретінде қарастырған елеулі екі еңбек бар. Оның бірі –
К.Қ. Оңалбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер» атты
кандидаттық диссертациясы. Екінші жұмыс – Б. Елікбаевтың «Қазақ тіл
біліміндегі
есімді
құрмалас
сөйлемдер»
тақырыбына
кандидаттық
диссертациясы.
111
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы-
олардың баяндауыштары есімдерден жасалады жəне сөйлемдегі ойдың
ұғымдық мəнін білдіреді. Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің
мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан
амал, əрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты
ұғымдарды қамтиды, ал есімді сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан
жасалып тұрғанын, сол сөз табының заттық, сындық, сандық, мекендік,
салыстырмалылық, мезгілдік мағыналарын білдіреді.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдердің
баяндауыштың барлық түрлері анықталды. Есімді сөйлемдегі байланысу
тəсілдері нақтыланды. Есімді сөйлемдерді айқындауда əрбір есімді сөз табының
морфологиялық өрісі кең айқындалды.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші басылымында
есімді сөйлемдер мол ұшырасатыны дəлелденіп, кесте арқылы берілді.
М. Əуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин
шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын үзінді алып, баяндауыштары
талданды. Көлемі жағынан бірдей əріптік белгілерден тұратын (3400 əріптік
белгі), төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу» тақырыптары əр
жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. Салыстыру нəтижесі
М. Əуезовтің шығармасынан алынған мəтін бөлігінде есімді сөйлемдердің мол
екені тілдік деректермен нақтыланып, сандық көрсеткіші анықталды.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының синтаксистік жүйесі
есімді сөйлемдердің белсенділігімен сипатталады. Ойдың ұғымдық мəнін
білдіретін есімді сөйлемдер М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында
мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай жəне құрмаластардың
қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің есімді түрі соңғы уақытта
айтыла бастады.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында есімді сөйлемдердің
ішінде ең молы зат есімнен жасалған баяндауыштар. Олар нөлдік тұлғада,
көптік тұлғада, жіктік жалғауда, тəуелдік тұлғада, септік тұлғада жəне -нікі, -
дікі, -тікі қосымшалары арқылы жасалады.Кейде жас бала жеткіншектер
даусымен, кейде салмақты ашық үнді жігіт шырқауымен, тағы бірде нəзік,
сезімтал қыз əншінің ырғағымен толқыған аға ақынның көп жылдан бергі
шабыт жемістері. Роман-эпопеяда септік тұлғада кездесетін есімді сөйлемдер
жатыс, шығыс жалғаулары арқылы өте мол кездеседі: Үкілі тымақ, қызыл
шапан қоржында. Алпыс үйдің екеуіне бір аттан. Септік жалғауларының
ішінде ең жиі кездесетіні атау, жатыс, шығыс жалғаулары арқылы жасалған
есімді сөйлемдер деп айтуға болады. Роман-эпопеяда көптік, жіктік, тəуелдік
жəне септік жалғаулары арқылы жасалған есімді сөйлемдер мол.
– Зат есімдерге көмекші сөздердің түйдектеле тіркесуінен есімді
сөйлемдер жасалады: Көлқайнар суы мөлдір,мол бұлақ болғанмен, кең қоныс
емес. Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. Ұлықтар
қасында өзінің екі атшабар, екі старшынымен қалған Тəкежан ғана. Көмекші
есімді есімді сөйлемдер ілік жалғауының ашық, жасырын түрі арқылы
112
жасалады: Осы – Тереңсайдың тұсы. Модаль сөздер есімді сөйлемдерде
сияқты, тəрізді, керек, мүмкін т.б. сөздер мол қатысады: Оның бəріне ас
пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек.Сырт ажарлары шынымен егілген,
есінен танып, бауыры езілген кісілер тəрізді.
– М. Əуезовтің роман-эпопеясында сын есімдер есімді сөйлемде сапалық
та, қатыстық та, дара, күрделі түрде де кездеседі.Қазірде Абай көңілі қандай
салқын болса, Ділдə да сондай жалынсыз.Бірі – қабаған қара төбеттей. Біреуі
–бүйірі солған, аш көкжал бөрідей.Сапалық, қатыстық сын есімдер жай сөйлем
жəне құрмалас сөйлемде де кездеседі: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл.
Күрделі баяндауыш түрінде: Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен
тартылған, кіршіксіз аппақ. Сапалық сын есім есімді сөйлемде нақтылық
демеулік шылаулармен де келіп, ойдың тиянақтылығын нақтылайды: - Қара
көктің жал-құйрығы қара ғой.
– Сын есімдер барлық шырай түрінде келеді.Салыстырмалы шырай
арқылы: Абай тіккізген үйлер қазірде бұл өлкедегі қонаққа арналған үйдің
бəрінен оқшауырақ. Асырмалы шырай арқылы: Биылғы күз аса салқын.
Күшейтпелі шырай арқылы:Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы əлі де тап-таза.
– Қатыстық сын есімдер арқылы жасалған сын есімді сөйлемдерді екі
бөліп қарастыруға болады, біріншісі: есімдерден сын есім тудыратын өнімді
жұрнақтар арқылы: –лы,-лі, -ды,-ді,-дай,-дей,тай,-тей,-сыз,-сіз,-шаң,-шең,-дас,-
дес: Олар, анау көрініп тұрған екі, Ақшоқы биігіндей... Қонақ үйі шешелер
үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз...
– Сын есімдер жіктеліп те, тəуелденіп те сөйлемді тиянақтайды:
Парақорлық - кітап айтатын күнəнің үлкені... -Айтқаным айтқан, жазықтысың,
арамсың. Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде де салалас сөйлемдерде
мол жұмсалады: Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сəнді екен.
Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы
жəне басыңқы сыңарында да жұмсалады: Омбы қар қорықтың шет-шетінде
қалың болғанмен, дəл шилердің ішіне кіргенде оншалық қатты емес, күпсек
екен.
– Сан есімді есімді сөйлемдер басқа сөз таптарына қарағанда роман-
эпопеяда сирек кездеседі. Сан есімдер есімді сөйлемде таза түрінде жəне
аналитикалық тəсіл арқылы келеді.Қыстың басы, көшпелі қазақ аулында тегі он
екі ай ішіндегі, ең ауыр кездің бірі.Биыл Асан жетіде,Үсен бесте. Сан есімді
есімді сөйлемде есептік, топтау, болжалдық сан есімдері кездеседі. Олар дара,
күрделі, түрде жəне тəуелдік, жіктік, септік жалғауларында да келеді. Есептік
сан есімді: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Реттік сан есім мен
нумеративті сөздер: Мұнда келгелі биыл бесінші жыл. Топтау сан есімді:
Бəйгенің бəрі де тоғыз-тоғыздан. Болжалдық сан есімді: Базаралының туыс,
дос көршілерінен құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай.
– Сан есімді есімді сөйлемді тиянақтауда көмекші есім, шылау, модаль сөз,
көмекші етістіктер де қатысады: Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал
бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Күткені, тісін басқаны біреу-ақ. –Бар
мал емес, елу-ақ қой керек. Сан есімдер көмекші сөздер құрамында келіп,
113
тəуелдік, көптік, септік жалғауларында да ойды тиянақтайды: Бас тоғызы түйе,
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты
тоғыздар еді. Үйткені, анау таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес
жүзден кем емес.
– Салалас құрмалас сөйлемнің екі сыңары да сан есімді:Алдыңғы бəйге
түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Сан есімді есімді
сөйлемдер құрмаластың басыңқы сыңарында жиі жұмсалады: Бас жасысы
Қоқан керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік
жиырма бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен.
– Есімдікті есімді сөйлемдер де зат есімдерден кейін М. Əуезовтің роман-
эпопеясында ең мол кездесетін түрі. Зерттеу жұмысында есімдікті
баяндауыштардың түрлеріне, жасалу жолдарына, семантикасына көңіл бөлініп,
есімдіктің сөйлемнің соңында келіп, ойды тиянақтап, есімді сөйлем болуын
дəлелдедік. Есімді сөйлем құрауда есімдіктің əрбір түрінің орны ерекше.
Роман-эпопеяда жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі, ал белгісіздік,
есімдіктері сиректеу. Барлық есімдіктер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік
жалғауларында келіп, есімді сөйлемді тиянақтайды, əсіресе жіктеу, сілтеу
есімдіктері септік жалғауларының барлық түрінде ұшырасады:Тегінде, өзі
болыс болып жүрсе де, «күндердің күні боп, орнымнан тайып қалатын
болсам,жығылар жағым əзір тұрсын» дегендей, басқа болысқа шығып кетуді
ойлап жүргеннің бірі – Күнтудың өзі.Жардың ернеуі мен арғы ойы толған қар,
найза бойламайтын обыр, опқынның өзі еді.Қалың жұртым, менің айтар сөзім
осы-ақ!
- Роман эпопеяда жіктеу есімдіктеріне -нікі, -дікі қосымшалары, көмекші
етістік, шылау, модаль сөздер жалғасып, есімдікті құрама баяндауышты есімді
сөйлем болып, сөйлемді одан əрі тиянақтай түсетіні тілдік деректермен
дəйектелді. Есімдікті есімді құрмалас сөйлемге қарағанда есімдікті есімді жай
сөйлем басым. Жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты,
жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, болымды, болымсыз сөйлемдері
кездеседі, тек есімдіктерден жай сөйлемнің жақсыз түрі жасалмайды. Осы
сөйлемдердің ішінде хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдері жиі
кездеседі.
– «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер жай, құрмалас жəне аралас болып
келеді. Жай жəне құрмалас сөйлемдер тең дəрежеде кездеседі. Жай
сөйлемдердің хабарлы,сұраулы түрлері мол. Əйгерімнің кең, жылы үйінде
Базаралыдай сый қонақты үлкен ықласпен күткен ажар бар.Қызылшоқыдан
Шыңғысқа қарай тартатын көш соқпақтың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе
бар еді. Бұл жиында əзіл-күлкі де, əңгіме де жоқ.
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы-
олардың баяндауыштары есімдерден жасалады жəне сөйлемдегі ойдың
ұғымдық мəнін білдіреді. Есімді сөйлемдерге талдау жасау барысында
предикативтілік тек етістік сөз табына ғана тəн емес, есімді сөйлемдердің
бастауышы мен баяндауышы предикативтілік қатынаста тұрып, шақ, жақ,
модальділік қатынас білдіреді жəне ол формалар есімді баяндауыштың көмекші
114
құрамы арқылы айқын көрінеді: Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Мен
Оралбай емеспін. Ұзынша боп біткен, қоңырқай көздері саналы
Достарыңызбен бөлісу: |