БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#9898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ШƏМШІ АҒА  

 

Бір туар дарыным,   



Еске алам əн сала.  

Менің бұл сарыным,   

Жетті ме,  Шəмші аға.  

Өзіңді өсірген,   

Табындым еліңе.  

Құт мекен көсілген,   

Табындым жеріңе. 

 

Қайырмасы:   

Сыр сұлуды айтамыз,   

Біз бүгін тамсана.  

Тойлардан қайтамыз,   

Тербеліп тансаға.  

 

Тар болып мына əлем,   



Тебірендім қаншама.  

Аруағыңа сəлем,   

Аяулы,  Шəмші аға.  

 

«Қайдасың»,   «Қайықта»,   



«Бойында арыстың»   

Əндерің арқылы,   

Əлемге таныссың.  

Сезімнің тізбегі,   

Маржандай шашылды.  

Сағыныш біздегі,   

Сарынмен басылды.  

Қайырмасы:

  

Жан аға,  əніңмен,   



Нəр құйдың бойыма.  

Барғандай боламын,   

Арыстың бойына.  

Ат байлап ауылға  

Əнімді айтар ма ем.  

Бір сұлу аруға,   

Ғашық боп қайтар ма ем.  

Қайырмасы:  

 САҒЫНДЫҢ БА?  

 

Жалғызсырап батады жаным мұңға,   



Əн салады өзің деп жарың мұнда.  

Армандаймын,  аңсаймын алда күнді,   

Сағындым-ғой,  сен мені сағындың ба?    


132

133


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Бір арманға ұласып бір арманым,   

Сезімменен сағыныш жыр арнадым.  

Көз алдымнан кетпейді ауылыңнан,   

Аттанарда қия алмай шығарғаның.  

Арманың кеп мойныңа асылады,   

Асылады,  алдыңда бас ұрады.  

Ұласпаса болғаны мəңгілікке,   

Сағыныштар уақыттық басылады.  

 

МҰҢ БАР МЕНДЕ  

 

Жанарымның құрғамай жасы мұңнан,   



Айрылғанмын арманда асылымнан.  

Сезімімнің сездірер сыңарлығын,   

Сыр бар менің кеудемде жасырынған.  

 

Өмір атты өткелден сын əр сағат,   



Бақыт ғана бер десең сыңар талап.  

Тіршілікте тынысы болған адам  

Мұңсыз келіп-кетеді мұң арқалап.  

 

Күндер кешіп бір тасып бір жасқана,   



Мың қайталау көресің мың бастама.  

Шаттығы бар адамның мұңы да бар,   

Түсінеді мұңлыны мұңдас қана.  

 

БІР БЕЙНЕ  

Мұңайма,  сөзге ұнай ма,   

Ұшқыны сөнсе үміттің.  

Оңай ма,  қалқам, оңай ма?   

Жылауы жасып жігіттің.  



Қайырмасы:   

Таппайды сенсіз жаным жай,   

Тұра алам қалай табынбай.  

Тұра алам қалай сағынбай,   

Ғайып боп кетсең сағымдай.  

Түсінгендігім үшін де,   

Жүректе атың жатталып.  

Жас толы жанар ішінде,   

Бір бейне қалды сақталып.  

 

 ЖҮРЕК СЫРЫ  



 

Мұңаямыз,  жылаймыз жұбанғанда,   

Бақыттымыз дейміз-ау қуанғанда.  

Алданышпен өтеді-ау əр бір күнің,   

Бір арманнан ұласып бір арманға.  

 

Кеңдігін де, жалғанның тарлығын да,   



Біле тұрып істейсің барлығын да.  

Өмір – өзен,  толқиды əне солай,   

Жұдырықтай жүректің жарлығында.  

 

Мұңдасасың суретпен,  мүсінмен де,   



Түңілесің кей сəттер түсіңнен де.  

Жылайсың да,  күлесің, бірақ-бірақ,   

Бəрі-дағы уақыттық түсінгенге.  

ҚАМШЫ  

 

Басында бар тарихтың тамшысы,   



Ұрпағында ұнап мұра жаршысы.  

Төр алдында тымағының қасында,   

Ілулі тұр қарт бабамның қамшысы.  

 

Күн кешкенде шұбырынды ақ табан,   



Осы қамшы ата салтты ақтаған.  

134

135


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Осы қамшы дұшпаныңды таптаған,   

Осы қамшы ел намысын сақтаған.  

 

Асқар асу-адырлардан аттаған,   



Арын берген атам мінген ат маған.  

Осы қамшы атама да,  атқа да  

Қару болып қас дұшпаны батпаған. 

БЕСІГІМ  

      (терме)  

 

Адам болып өмірге ашылғанда есігім,   



Əппақ сүтін анамның жатып емген бесігім.  

Бабалар мен əжелер бəрі жатқан бесігім,   

Балпанақтай бауырлар əлі жатқан бесігім.  

 

Ақын,  жырау аяулы ағаларым,  есілім,   



Батыр,  балуан бəрін де қойнына алған бесігім.  

Туған жер мен елімді балап саған,бесігім,   

Қасиетті халқым деп қанат қағам, бесігім.  

 

Белім шықса бесіктен, сəбиліктен көшуім,   



Қасиетің емес пе сындардай боп өсуім.  

Мұрасына бабамның табынамын, бесігім,   

Əлди жырын анамның сағынамын, бесігім.  

 

Ұларыңмын,  ұямды қастерлеймін, бесігім,   



Ұланыңмын,  демеймін бос терлеймін, бесігім.  

Ақ тілекті,  ақ пейіл аналардың көзінен  

Мұңға толы парлаған жас көрмейін, бесігім.  

 

Шақырып азан құлаққа қойылғанда есімім,   



Жұрт жыйылып тілеуге жатқан алғаш, бесігім.  

Ұлы атаның ұрпағын əлдилеген бесігім,   

Тербеле бер мəңгілік əн-күй менен бесігім.  

 

 



ҚҰСТАРЫМ  

 

Құлпырған желегі,   



Көктемнің дерегі.  

Қалықтап аспанда  

Қаз қайтып келеді.  

Биікке самғаған,   

Əлемді шарлаған.  

Еркіндік еркесі,   

Сендерге таңданам.  

 

Не жетсін думанға,   



Салтанат құрғанға.  

Аңсаған жерлерге  

Барып-кеп тұрғанға.  

 

 



БАҚЫТЫМ СЕН  

 

Айтылмаған сыр көп менде,   



Жазылмаған жыр көп менде.  

Мынау жастық гүл көктемде  

Не жетсінші бірге өткенге.  

 

Уақыт деген аялсыз ба?   



Бақыт деген баянсыз ба? 

Бірақ, бəрі аяусызда,  

Көңілдері қаяусызға.  

 

Ойларым көп армандаған,   



Жолдарым көп жалғанбаған.  

Тірліктегі талғамды адам  

Тағы өзіңсің, қарғам, маған.  


136

137


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

ҚЫМБАТ ҚЫЗ  

Бала едің,  сүйкімді едің,  балауса едің,   

Өзіңді өзіме іштей балаушы едім.  

Түсіме көп кіретін болып жүрсің,   

Ойыңда бір сағыныш бар-ау сенің.  

 

Қайырмасы:   

Сұлу болмас сымбатсыз,   

Өмір болмас жұмбақсыз.  

Саған асық əр таңым,   

Бала ғашық қымбат қыз.  

 

Кей жанның түсіндің- ау,  кеш бағасын,   



Сен-дағы мүмкін мені еске аласың.  

Бойыма шуақ беріп,  қуат беріп,   

Ойыма кейде кенет кеп қаласың.  

 

Жайлауым менің  



Ақ шытты асқар,  таңбалы тастар аршалы,   

Сайраған бұлбұл,  жайнаған гүл тау сəні.  

Жалбызды бұлақ,  жайқалған құрақ жайсаң ел,   

Толқытып əнді,  баурайды мəңгі баршаны.

  

Қайырмасы:   

Аспанда ақша бұлты бар,   

Өреде аппақ құрты бар.  

Бабамның қалған жұрты бар,   

Сыр туар ғажап,  жыр туар,   

Жайлауым менің - жаннатым.  

 

Аумайды гүлден,  арғымақ мінген аруың,   



Ұларлы шыңда,  дауылың жебер тау ұлын.   

Əжемнің шашқан шашуы сынды жауының,   

Жайлауым менің жаннат боп жатқан бауырың.  

 

Маужырап түсің,  маң дала нұрға малынған,   



Ай нұрлы кешің,  айналдым арай сағымнан.  

Қайыңды сайлы,  қаймақты шайлы,  қымызды,   

Кестелі өлкем,  мен кербез еркең сағынған.  

 

Жаныма жаннат,  əніме қанат жалғаған,   



Беліңде тұлпар,  көгіңде сұңқар самғаған.  

Нуыңа-дағы,  суыңа-дағы қанбағам,   

Күй елім менің,  киелім менің - маң далам.  

 БІЗДІҢ АУЫЛ  

Түс келетін түңіліктен күн сығалап,   

Құс келетін қалықтап жыршы қанат.  

Аяулым- ау, ауылға барып біздің,   

Қарағайлы тауыма тұршы қарап.  

 

Қайырмасы:   

Таң ататын шыңдарға шуақ шашып,   

Жылғасында жататын бұлақ тасып.  

Төсіндегі төрт түлік төлдерімен,   

Кербез басып кететін қыратты асып.  

 

Кешіңмен де керемет Сайран едің,   



Мақпал түннің деміндей майда желің.  

Сағындым- ау сахара салтанатын,   

Ауылымдай жаннатым қайда менің.  

 

САХАРА САЗЫ  

Кең далам, кереметің сүйіндірген,   

Кеудемнен сарқылмайды-ау күйім мүлдем.  

Кестелі келбетің-ай кежімделген,   

Кіршіксіз арудайсың киіндірген.  

Сыңсыған ормандарың сыр шертеді,   

Сырлы өлкем сымбатыңа сыйындым мен.  

 


138

139


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Ағайындар!

Кел менің аралаңдар бау- бағымды,   

Сақтайын сары қымыз саумалымды.  

Сахарам əн тербеген сахнамдай,   

Көр менің көк тіреген тауларымды.  

 

Ауылым,  алуан гүлдер арасында-ай,   



Көріңдер көркем таудың қаласын бай.  

Тағдыры тамырласқан табиғатын,   

Қорғаған қос көзінің қарасындай  

Күміс көл,  тынысты жер,  ырысты ел,   

Жайылған дастарқаны даласындай.  

 

АҚИЫҚ АҒА  



(Оралхан Бөкеевке)

   

«Біздің де жақтың қысы ұзақ»,   

Кетеді күзде құсы ұзап.  

Алтайдан ұшқан ақиық,   

Биіктеп мəңгі ұш ұзақ.  

Қайырмасы:   

Ақиық аға,  жан аға,   

Сағыныш орнап санама.  

Менің де  «Ұйқым келмейді»,   

Көңілім ұқсас сараға.  

Ертістегі елдің еркесі ең,   

Егіліп тұрмын жағада.  

Мен-дағы  «Жетім ботамын»,   

Сезімге серік осы əнім.  

Орны толмас Орағам,   

Мұңымды жырға қосамын.  

 

Қайырмасы:



   

Келмеске бұрып кемеңді,   

Сағыныш болдың сен енді.  

Естігенде алғаш сенбегем,   

Бақиға көшті дегенде.  

Ойлана оқып отырмын,   

«Қар қызы», «Атаукереңді».  

 

Ғажайып сырлы таң гүлі ең,   



Есімде  «Аға»  əңгімең.  

«Бəрі де майдан»  өмірде,   

Сағынам сізді мəңгі мен.  

ҮШ ЖҰРТЫМ  

Уақыт- өмір,  өткеннің бəрі де елес,   

Тарих бізге əрдəйім берер кеңес.  

Егей елім үш жүзге бөлінгенше,   

Үш жұртыңды біл-дағы берекелес.  

 

Қайырмасы:   

Ата жұртым, шаңырағым дарын берген,   

Жастайымнан жүрекке жалын берген.  

Пайғамбар да күйеуді сыйлады деп,   

Қайын жұртым қастерлеп балын берген.  

 

Ал,  нағашым Анамның ауылы ғой,   



Қырық серкеш айдатып арын берген.  

Ел болмайтын жиен деп еркелетіп,   

Қолындағы барының бəрін берген.  

Ағайындар ішінің аласы көп,   

Кетеді кейде жүректің жарасы үдеп.  

Ана арманын ақтаған ұрпағын ел,   

Текке айтпаған тектінің баласы деп.  

 


140

141


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

БІР САҒЫНЫШ

  

Озды күндер құлындай ойнақтаған,   

Бақытыңның бар күнін тойлап барам.  

Сағыныштың сазына бойлап санам,   

Əйтеу сені əрдайым ойлап қалам.  

 

Қайырмасы:

   

Аспанында ай сұлу туса күміс,   



Бағы жанып басында тұрса да ырыс.  

Жүрегінде əр жанның жүреді екен,   

Бір өкініш,  бір арман,  бір сағыныш.  

Қауыша алмай аунады қаншама айым,   

Əн салайын қалайша аңсамайын.  

Жалындатқан жүректі жайдарлым-ай,   

Жадыратқан көңілімнің жан сарайын.  

 

 СƏЛЕМ,  АҒА!



 

Аңсарым ауа берет,  туған жер елесіне,   

Сол сəтте алдыменен түсесің сен есіме.  

Қажырлым,  қаранарым,  қимасым,  паналарым,   

Жолымыз қиылыспады тірліктің кемесінде.  

 

Ізіңе қарап анам  



Қиыпты тұсауымды,   

Аңсадым, аяулы ағам,   

Сүйікті құшағыңды.  

Көктемде түлежіді,   

Көрікті əлем-ана,   

Еске алам жиі өзіңді,   

Сағындым,  сəлем,  аға.  

Арқырап асау өзен тауымның асқарында,   

Ақша бұлыт қалқыды ма ауылдың аспанында.  

Аққу-қаз əн салды ма көлімнің айдынында,   

Аман-сау жүр ме менің аңсатқан достарым да.  

 ҚУАНЫШЫМ  

 

Шақтарымыз аз болған шалқымайтын,   



Салиқалы өлкеңде салтың айқын.  

Қалқам,  сенің қуанып жүргендігің  

Менің шалқар шабытым сарқылмайтын.  

Қайырмасы:   

Адамдарға арналар шуақ үшін,   

Көңілімнен көп ойлар туады шын.  

Қалқам,  сенің қамықпай жүргендігің  

Менің мəңгі ортаймас қуанышым.  

 

Көктем келді əн қосар құстар бүгін,   



Сезінемін сезімде күш барлығын.  

Қалқам,  сенің ақ жүзің,  əз жүрегің  

Қуанышым,  қуатым,  құштарлығым.  

 

 



БҰЛАҚ БОЙЫНДА  

 

Сəулемнің суреті бар сағымында,   



Сəулемнің күлкісі бар ағынында,   

Жас құрақ,  мөлдір бұлақ,  жалғыз тұрмын,   

Сыңарын ойлап жүрек сағынуда.  

 

Қайырмасы:

   

Бұлақ бойы біз барған,   



Жұп жүректен із қалған.  

Туады екен шынында  

Іңкəрлықтан ізгі арман.  

Жайдарлы жаз жайыпты көп көрмесін,   

Асыл жырым арнаған көкке өрлесін.  

Өз бойыңда пəк сезім сырын шертіп,   

Басқам алғаш махаббат от пернесін.  


142

143


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 АРМАН  

 

Адасып қалған ақ құлын едім үркінде,   



Тұманды жолдың талайын бастым бұл күнде.  

Басқаша менің мамырлай басқан қадамым,   

Басқаша менің жылауым-дағы,  күлкім де.  

Мен салған əннің сезімі басқа сыйлайтын,   

Мен басқан жердің жолдары-дағы шимай тым.  

Пендеге ерген перделі мынау өмірде,   

Аз емес екен азапты күндер қинайтын.  

Табиғат ана жылайды-нөсер сіркіреп,   

Жауын боп жауып тұрғандай көңіл бұлты кеп.  

Ашылмай қойды-ау арманнан туған бұл түнек,   

Айтылмай қалды-ау арамыздағы бір тілек.

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ  

 

Кездеседі екен ғой іздескенде,   



Көктем еді мен саған жүздескенде.  

Содан бері бір сезім мазамды алып,   

Жалғасады бір кештен бір кештерге.  

 

Қастерлеймін ибалы қылығыңды,   



Сыры мұңлы жан едің, жыры мұңлы.  

Баптағаның құлаштай бұрымыңды  

Сақтағаның деп білем тұнығыңды.  

 

Абай- Тоғжан секілді бүгінгі біз,   



Армандарға айналды бұрынғымыз.  

Əжең сенімен əйгілі бұл əлемге,   

Бабаң сенімен бақытты, бұрымды қыз. 

ҚЫЗҒАНЫШ ПЕН МАХАББАТ  

 

Жары үшін өлімнен де жасқанбаған əз халқым,   



(Шүлен шуақ қызған сайын асырады жаз нарқын)   

Сүйген жарлар бірін-бірі қызғанбаса өзгеден,   

Онда олардың арасында адалдық та аз, бəлкім.  

 

Тіл табысқан тұнық сезім гүлі мəңгі солмайды,   



Жүректегі өкініштің орны мəңгі толмайды.  

Түсінісу арадағы ортақтыққа орнайды,   

Қызғанышсыз мағыналы махаббат та болмайды.  

 

Шын сыңарын таппағандар өтері хақ өкініп,   



Жағдай үшін жарасқандар күн кешеді өтініп.  

Сүйген жарлар бірін-бірі қызғанбаса өзгеден,   

Онда олардың бірін-бірі сүйетіні өтірік. 

 

ТУҒАН ДАЛА  

 

Қиясынан мұзбалақ қыран ұшқан,   



Маңғаз қарап тауларым тұр алыстан.  

Бұлақтарға барушы ем, қыраттарға  

Тасығанда көңілім қуаныштан.  

 

Қайырмасы:   

Керім дала,  кең дала, туған дала,   

Ақ періште арманды қуған дала.  

Пейіліне бабамның балай берем  

Баурайың жатыр шалқып думандана.  

 

Қызғалдағы құлпырған қыраттарым,   



Тарихыңнан келеді сыр ақтарғым.  

Ақша бұлты қалқыған аймағым- ай  

Шұғылаңа келеді шуақтағым.  

 

ӨМІР ƏНІ  

 

Тірлікте бұл əр жанның сыйы бөтен,   



Əні бөтен,  күмбірлі күйі бөтен.  

144

145


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Мына өмір соны маған сезіндірді,   

Достасудан қоштасу қиын екен.  

 

Алдағы арман қиялға қызықтырып,   



Ертең күннің елесі сыр ұқтырып,   

Қуаныш пен қайғының бəрін-дағы  

Өмір əні кетеді ұмыттырып.  

 

Кездерім аз күлмеген,  жыламаған,   



Шын жақсылар бір-бірін сынамаған.  

Мына өмір соны маған сезіндірді,   

Айрылысып-қосылып тұрады адам.  

 

 



СЫРҒАЛЫМ-АЙ  

 

Ауылым деп əн сап кетем,   



Біздің мекен бүлдіргенді.  

Соны ойласам аңсап кетем  

Өзіңменен бір жүргенді.  

 

Көктем келді жылдағыдай,   



Шығар ма едік қырға былай.  

Еске түсіп тұрғаның-ай,   

Сағындырған  сырғалым-ай.  

 

Лəззəт екен сезімдері,   



Сен ойлаған кездердің де,   

Барлық істе төзімді едің,   

Бұл күндері өзгердің бе?   

 

 



ТУҒАН ЕЛ  

Асқарынан қыран ұшқан,   

Жыр-əн ұшқан туған ел.  

Шабыт беріп тұлпарына,   

Тұғыр болған сұңқарына туған ел.  

Дарқан дала сырласындай,   

Құрдасындай туған ел.  

 

Туған елім,  жадырашы,  жайнашы,   



Ақ тілегің алғы күннің айнасы.  

 Аспанында  

Аққу, қазы қалықтаған туған ел,   

Мерекесі,  берекесі,   

Шаттығымен шарықтаған туған ел.  

Күмбірлеткен күй елісің,  киелісің,   

Туған ел.  

 

Ата мекен  



Сағындырған,  сағым қуған туған ел,   

Салқын-саумал ауасымен,   

Даласымен  

Табындырған туған ел,   

Тілегің біз,  тірегің біз,   

Түлегің біз, туған ел.  

  

  

НАУРЫЗ ТОЛҒАУЫ  



Наурыз таңы - көктем таңы шуақты,   

Наурыз дəмі - көптің дəмі қуатты.  

Ұлыс күні - ұлы істердің жаршысы,   

Қыс пен жаздың шекарасы сияқты.

  

Наурыз таңы - ырысқа елді бөлейді,   



Наурыз таңы - жұмысқа ерді жебейді.  

Кім бол мейлің қазақ үйін қалдырмай  

Көже ішіп қайт,  не ғып жүрсің демейді.  

Жеті түрлі ас көже дəмін теңейді.  

Қаһарлы қыс,  аяз кетіп арбасқан,   

Қара жондар ағызды тер қар басқан.  

Ал көжеден жал-жая,  қазы-қартаны  

Кес қиялап,  қабырға мен жамбастан.  

Науырыз таңы ата салтым жалғасқан.  


146

147


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Науырыз келді,  домбырамды алайын,   

Шындық үшін шырқап əнге салайын.  

Қуанарым,  жұбанарым туралы  

Тоқталайын,  құлағың сал,  ағайын.  

 

Наурыз келді  



Қасиетті қаз келер,   

Қуанарым - сарыны өзге саз келер,   

Жұбанарым - сол шіркінді түсінбей.  

Мылтығын ап сығалайды-ау өзгелер.  

 

Наурыз келді  



Аққа толар сабалар,   

Қуанарым - уыз ішкен балалар.  

Жұбанарым - айраныңа қарамай,   

Арақпенен жынданады ағалар.  

 

Наурыз келді  



Көктем желі еседі-ау.  

Қуанарым - ел де,  төл де өседі-ау.  

Жұбанарым - табандары тесіліп  

Біздің ауыл тауға тағы көшеді-ау.  

 

Наурыз келді  



Күмбірлетер күйін ел,   

Қуанарым - нажағай от үйірер.  

Жұбанарым - жыландарға жан бітіп,   

Қорқытады-ау қорбаңдаған бүйілер.  

 

Наурыз келді  



Əсем əн де қалықтар.  

Қуанарым- ардақталар,  алыптар.  

Жұбанарым - қанатты су еркесі,  

Ау торына ілінеді-ау балықтар.  

 

Наурыз келді  



Əжеміздің тілегі  

Қуанарым - біз сол əже түлегі.  

Жұбанарым - əжелер де азайып,   

Ауылдың да сəні кетті, жүдеді.  

 

Наурыз келді  



Жылдың басын есептер,   

Қуанарым - құлпырады-ау көшеттер.  

Жұбанарым - гүл қадырын сезінбей,   

Табанымен таптайды-ау бір есектер.  

 

Наурыз келді  



Қысың жылжып өтеді-ау,   

Қуанарым - жаңа бір жаз жетеді- ау.  

Жұбанарым- қайталанып осылай,   

Жастығымды ұрлап бір күн кетеді- ау.  

 

ƏН САЛ,  ДОСЫМ  

Əн сал,  досым,  бір сəтке серпілейін,   

Серпілейін,  сергиін,  желпінейін.  

Аққу-арман- арайлы күндерімді,   

Көз алдыма қайталай келтірейін.  

 

Əн сал,  досым,  əнге сал өткендегі,   



Əлде кімге қош айтқан көктемдегі  

Əніңе сал əлекшіл əз досыңның  

Жанарынан зар жасын төккендегі.  

 

Əн сал,  досым,  сен мені түсінесің,   



Осы əніңмен айтып ең ісіме сын.  

Құлын кездің қызығын есіне алып,   

Құнан күнде құрбың бір кісінесін.  

 

Əн сал,  досым,  кешенің дерегі екен,   



Көз алдыма бəрі де келеді екен.  

Бір арманға, əрине жету үшін,   

Бір арманға қош айту керек екен. 


148

149


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 БОТА КӨЗІМ  

 

Құлын мүсін, қолаң шашты ақ маңдай,   



Көрген адам бар бақытын тапқандай.  

Көп толқытқан көңілімнің сырлары,   

Жанарыңда жасырынып жатқандай.  

Мейіріңнің,  пейіліңнің нұрлары-ай,   

Қасиетті қарашыққа тұнғаны- ай.  

Айтқызбай- ақ ақтарылар сырлар-ай,   

Өзің емес,  көзің сөйлеп тұрғаны-ай!   

 

Тал бойыңнан тарыдай мін таппадым,   



Сəбеңдердің сағынышын сақтадым.  

Қарай берем,  арай көрем жүзіңнен,   

Айдындағы аққуым-ай, аппағым.  

Қайырмасы:   

Бота көзім - бақытым бар асылым,   

Бота көзім - сақтаған дара сырым.  

Бота көзім - шуағым жан ашырым,   

Бота көзім - қадырлым қарашығым.  

Бота көзім, мен сені қастерлейін,   

Бота көзім, мен сенен жас көрмейін.  

ОЙ ДҮНИЕ  

 

Ой дүние,  біреулерге тоқ дүние,   



Біреулерге мəңгі жетпес жоқ дүние.  

Пенделер пейіліне қарайсың ба,   

Құбылған тотығұстай боқ дүние.  

 

Ой дүние, бүлік етер ме бетің дүние,   



Айырған талайларды жетім дүние.  

Бермейтін сұрағанын сорлылардың,   

Келмейтін орынына кетік дүние.  

 Ой дүние, жанталасқан жалған дүние,   

Жылтырап,  сан жақсыдан қалған дүние.  

Қанаты сан қыранның талған дүние,   

Болдыртар бұлаң қағып арман дүние.  

 

Ой дүние, тірлік дəнін терген дүние,   



Басы бал, соңы сортаң кермек дүние.  

Біреулер күйіктеніп күй кешкенмен,   

Біреуге үйіп-төгіп берген дүние,   

 

Ой дүние, алдап жүрген аз-ақ дүние,   



Күрсінер күліп тұрып мазақ дүние.  

Жүректен біліп тұрып күрестірген,   

Бұл  неткен бұлаңдаған ғажап дүние.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет