“Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне бағынбайтын



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі1,71 Mb.
#18740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Боранбай Гүлден

Бунақ және екпін

š

Бунақтар-- өзіндік екпін, ритммен айтылатын



сөздер тобы. Сонда тек бір бунаққа енген

сөздердің аралығында қатар келген дыбыстар

ғана біріне-бірі ықпал ете алады, олар көбіне

үндесіп, үйлесіп тұрады. Егер өзара акустика-

артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаса, онда

біреуі, кейде екеуі де алмасуға ұшырайды.

Сөйлеу актіне бір бунақ құрап айтылатындар

алдымен күрделі сөздер және әр түрлі

жолдарымен тіркескен сөздер.

š

Екпін—сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе



өз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа

тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі

айтылуы.Сөз екпіні—сөз ішіндегі бір буынның

көтеріңкі айтылуы.Қазақ тілінде сөз екпіні,

негізінен, соңғы буынға түседі.

š

Ой екпіні—Сөйлем ішіндегі ерекше назар



аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой

екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді.

š

Тіркес екпіні—бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле



бір тұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне

күрделі сөздерге тән.

š

Дыбыс екпіні—сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп,



көтеріңкі дауыспен немесе созылып айтылуы.


Сингорманизм

š

Сингорманизм—түркі тілдерінде тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейінсингорманизм дауысты



дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді.Түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған

тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес

қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар,

сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы.




Ә.Жүнісбеков сингорманизмнің басты фонологиялық қызметі—қазақ сөзінің өн

бойында біркелкі тембірдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа

жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.

Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгілерімен

ажырайды.

1) жуан езулік—жіңішке езулік: тыс-тіс, бас-бәс.

2) Жуан еріндік—жіңішке еріндік: сол-сөл, жон-жөн, от-өт.

3) Жуан еріндік—жуан езулік: тот-тат, сұр-сыр, от-ат.

4) Жуан еріндік—жіңішке езулік: тон-тін, тұс-тіс, от-өт.

5) Жіңішке еріндік—жіңішке езулік: өн-ін, түр-тер, өт-ет.

6) Жіңішке еріндік—жуан езулік: түс-тас, өр-ар, өт-ат.



Тіл үндестігі

š

Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не біріңғай жуан, небіріңғай жіңішке



ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейді. Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады:

Түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан. Қазіргі қазақ тілінде түбір

сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды, екі буынды, үш буынды, қала берді төрт-бес буынды

болады. Соның өзінде көп буынды түбірлер—негізінен кірме сөздер. Түбір мен қосымшалардың

арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді

болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет