Буын Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді



бет3/3
Дата14.03.2023
өлшемі189 Kb.
#74043
түріҚұрамы
1   2   3
А. Байтұрсынұлы
  • а, о, ү,и, е дыбыстарын буыншы әріптер деп таныған.
  • Буыншы әріп басқалардың ортасында, қамауда тұрса, бітеу буын деп атаған (тас, кел т.б.)
  • Буын аяғы буыншы әріпке тіркелсе, ашық буын деп атаған (же, не т.б.)
  • Буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, тұйық буын деп атаған (ат, ек т.б.)
    •  А. Жұбанов буынның 6 түрін ажыратқан
    • 1. Жалау буын. Тек дауысты
    • 2 Ашық буын. Дауыссыз, дауысты (же, не т.б.)
    • 3. Тұйық буын деп атаған (ат, ек т.б.)
    • 5.Жеңіл тұйық буын. (Дауысты, дауыссыз)
    • 6. Ауыр тұйық буын. Дауысты созылыңқы, дауысты қатаң
    • 7. Ауыр бітеу буын. Дауыссыз, дауысты, созымды, қатаң дауыссыз
    • І. Кеңесбаев Щербаның көзқарасын жақтай отырып, буын жұтқан ауаны сыртқа шығарумен экспирациямен байланысты болатынын анықтайды. Күшті бас дыбыс және күшті соңғы дыбыс болатынын нақтылайды. Буынның ашық, бітеу, тұйық буын түрлерін ажыратқан
    •  проф. Ә.Жүнісбек төмендегідей пікір ұсынады: «Қазақ тіліндегі буын құрылымы-ның талданым нәтижесі буын жігінің неге оңай табылатын се-бебін көрсетті, оның белгілі бір фонологиялық негізі бар екен. Түркі тілдеріндегі буын жігінің оңай табылатын себебі буын төрт үндесім әуездің бірімен айтылады, сондай-ақ түркі тілдерінде (дәстүрлі фонетикада қалыптасқан көзқарасқа керісінше) буыннан кіші морфема жоқ». Сонымен ғалым пікірі бойынша қазақ тіліндегі буынның басты өзгешелік белгісі оның үндесім тұрқында болып табылады. Басқаша айтқанда буын құрамында-ғы дыбыстар өзара белгілі бір әуез арқылы кірігеді, сөйтіп барып бір буын құрайды. Буын құрап тұрған дыбыстардың ара-сындағы өзара әуез бірлік қазақ (түркі) тілдерін өзге тілдерден бөлектеп тұратын ерекше белгі. 
    •  І.Кеңесбаевтың пікірінше қазақ тіліндегі буынның негізі дауысты дыбыс болып табылады, ал дауыссыздар сол дауысты-ларға икемделіп тұрады. Ғалым орыс тіл біліміндегі «қарқын теориясын» қолдайтынын білдіреді .
    • Проф. М.Исаев қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін өзара салыстыра келіп, қазақ тілінің өзіндік іргелі белгісі жайлы: «Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сө-зінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады» деген пікірге тоқтайды
    • Қазақ тілі грамматикалары мен өзге де сол саладағы еңбектерде буынның құрылымы мен дыбыс құрамы ғана сөз болып келді. Ал зерттеу еңбектері болса, негізінен буынның акустикалық белгілерін сипаттауға арналды. Сөйтіп буынның артикуляциялық сипаты назардан тыс қалып келді. Егер кез-келген тілдік бірліктің (оның ішінде буын да бар) негізінде ал-дымен артикуляция жататынын ескерсек, онда буын мәселесінің шешімін артикуляциядан іздеуіміз керек болады. Ал оның акустикасы мен естілім белгілері сол артикуляциядан барып туындайтын қасиеттер екені лингвистикада даусыз дәлелденген. Қазақ тіл біліміндегі буын проблемасы негізінен буынның құрылым түрлері мен олардың дыбыс құрамын, фонетика-фоно-логиялық табиғаты, тілдегі қызметі мен буын жігі мәселелеріне арналған
    • Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі: бірін-ші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың дауыс қаты-сына қарай жіктеледі: жаз - үнді дауыссызға аяқталып тұржас - қатаң дауыссызға аяқталып түр; жан - үнді дауыссызға аяқта-лып тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: жаздың - ұяң з дауыссызынан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың - қатаң с да-уыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы, жанның - үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.
    • Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың әуез қатысына қарай жіктеледі: қаз — жуан езулік дауысызға аяқта-лып тұр; кез жіңішке езулік дауыссызға аяқталып тұрқұз — жуан еріндік дауыссызға аяқталып түр; күз — жіңішке еріндік дауыссызға аяқталып түр. Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың - жуан езулік з дауыссызынан кейін тек жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з дауыссызынан ке-йін тек жіңішке езулік д дауыссызы, құздұң - жуан еріндік з да-уыссызынан кейін тек жуан еріндік з дауыссызы, күздүң – жі-ңішке еріндік з дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д дауыссызы.
    • Бұл зандылықтардың реті бір түбірден бір қосым-шаға қарай бірдей бола бермейді: соңғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы ұяң бола бермей, үнді де бола береді. Алайда басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық әр уақытта сақталып отырады. Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар болып шықгы. Лингвистикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың әрқашан да артикуляциялық және акустикалық тірегі болады. Бұл — іргелес дыбыстардың арасындағы фонетикалық шарт.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет