7
эволюцияны көрсететін палеолит пен неолиттің тұрақтары көп. Каспий өңірі мен Үстірттің
неолиті крем шикізатына негізделген.
Тас ғасырында еңбек құралын жасаудың негізгі материалы тас болды. Тас
құралдарының көпшілігі Қаратау жотасының оңтүстік-батысындағы Қоңырдек ауылынан
табылған. Бөріқазған мен Тәңірқазғандағы ашель тұрақтарына ғалымдар баса назар аударған.
Бұл тұрақтардағы еңбек құралдарының таралуы шектеулі, басқа жақта ондай құралдар сирек
кездеседі.
Ашель ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылған. Құдайкөл тұрағы Сарыарқаның
солтүстік-шығысында орналасқан. Құралдардың ішінен бифастарды (тастың екі жоғары
жағын өңдеп жасалған қырғыштар) бөліп айтуға болады, өйткені ол аң терілерін және
ағашты өңдеуге қолданылған. Сонымен қатар нуклеустер де пайдаланылды.
Шығыс Қазақстан территориясындағы ең ежелгі ескерткішке Күршім ауданындағы
Көлтұтты өзені жағасындағы 1989 ж. табылған Қозыбай тұрағы жатады.
Келесі мустьер кезеңінде тас өңдеудің басқа техникасы пайда болса да, өзен жұмыр
тасы мәдениеті қолданылды. Мұндай ескерткіштер Оңтүстік және Орталық Қазақстанда да
көп. Соның бірі 1958 ж. Х.А. Алпысбаев тапқан көп қабатты тұрақ ағартушы, саяхатшы,
этнограф, Қазақстан және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерттеуші ғалым Ш.Ш.
Уәлихановтың (1835-1865 жж.) атымен аталған. Бұл Қазақстан территориясындағы мустьер
дәуірінің адамы мәдени-тұрмыстық заттарын қалай қалдырды, солай сақтаған бірден-бір
тұрақ болып есептеледі. Уәлиханов тұрағының палеолиті Буденный поселкесіндегі
конгломераттардың палеолиті жатса керек, оны А.Г. Медоев Арыстанды мәдениеті деп
атаған.
Мустьер дәуірінің жаңа ескерткіштері – Өгізтау І және ІІ, Үлкен Ақмая тұрақтары 1984
ж. Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Тастан жасалған заттар бұлақтан
жоғары жерлерден табылған. Бұл жерлерде шикізат материалдары мен су көздері
болғандықтан адамдар өмір сүрген.
Маңғышлақ түбегінен табылған Батыс Қазақстанның палеолит ескерткіштері ерекше
назар аударады. Мұндағы барлық тұрақтар Каспий теңізінің террастарында орналасқан.
Өнежек тұрағы тобында тұрақ бар, олар бір біріне жақын орналасқан, тастан жасалған
құралдарында айырмашыдықтары бар. Құралдардың көлемі мен өңдеу жағынан
айырмашылықтарына қарағанда бұл жерге адамдар палеолиттің түрлі кезеңінде келгенін
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: