Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата09.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#8503
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Түйін сөз: өзен бассейні, су қоймасы, су тасқыны, төтенше жағдайлар. 
Сырдария Орта Азиядағы ірі өзен Қарадария мен нарын өзендерінен Ферғана қазан шүңқырының 
шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастау алып, Арал теңізіне қүяды. Ұзындығы Нарын өзенінен 
2212 км, Қарадариядан 3019 км, су жинау алқабы 219 мың км
2
. Жоғары бөлігіндегі суы Ферғана 
аңғарындағы егінді суғаруға көбірек пайдаланылады, сондықтан, көптеген салаларының суы басты арнаға 
жетпейді. Басты салалары: сол жағынан - Исфайрам, Шахимардан, Сох, Исфара, Қожабақырған, Ақсу; оң 
жағынан - Патша ата, Қасансай, Гавасай. [1] 
Арал теңізі алабы сирек шөл зонасында орналасқан. Қазақстан аумағы арқылы тек Сырдария өзені 
ағып өтеді. Сырдария өзені Қазақстан жерінен тыс Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Жоғарғы 
ағысында Арыс және Келес өзендерінің салалары келіп қүяды, өзеннің жалпы үзындығы 2212 км, оның 
1400 км Қазақстан жерінде қүмды аңғармен ағып өтеді. 
10 жылдың көлем ішінде ғана республикамызда субасудың салдарынан 10 мың адам қаза болып, 1,5 
миллион адам зардап шекті, жалпы шығыны АҚШ долларымен 300 миллиард қүрады. 
Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды суғарумен айналыса-
тын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды түтынушы - жыл сайын суға 
деген сүранысы көбейіп келе жатқан суармалы егін шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сүраныс 
өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық шаруашылықтары жағынан да бар. 
Сырдария өзен қоймасының шарттары бойынша өзен ағынын реттеу жүмысы су шаруашылығында 
айтарлықтай мәнге ие. Бүл жерде шамамен 26,0 км
3
 болатын пайдалы реттелген ағынды, 10 млн. м

ауданды 19 су қоймалары (негізгі су қоймалары 1-кестеде келтірілген) салынған. 
Сурет 1- Сырдария өзенінің тасқын суы бар аймақтарының Қазақстан картасынан көрінісі 
94 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Сырдария өзен қоймасының шарттары бойынша өзен ағынын реттеу жүмысы су шаруашылығында 
айтарлықтай мәнге ие. Бүл жерде шамамен 26,0 км
3
 болатын пайдалы реттелген ағынды, 
10 млн. м
3
 ауданды 19 су қоймалары (негізгі су қоймалары 1-кестеде келтірілген) салынған. 
Сырдария өзен арнасы бойынша ҚР-дағы өзен ағындарын қалыптастыру үшін 1974 жылы Қырғызстан 
Республикасында салынған көпжылдық реттелген 19,5 км
3
 ауданды су қоймасы айтарлықтай әсер етеді. 
Берілген тізім бойынша Сырдария өзен арнасының ағынын қалыптастыру үшін ең үлкен ауданды 19,5 км

әрі энергетикалық тәртіппен жүмыс жасайтын Тоқтагүл және Шардара су қоймасын толтырып отыруға 
біркелкі әсер ететін Қайраққүм су қоймаларын айтуға болады. Қазіргі уақытта қыс мезгілінде (желтоқсан-
ақпан) суды жылжыту үрдісі бүзылды. Тоқтагүл су қоймасынан Қырғызстанға энергетика қажеттілігімен 
су жылжытуды тамызда 300 м
3
/сек және қысқы мезгілдерде 700 м
3
/сек дейін жылжу шығынын (әдетте, 
қарапайым режимде шығын 100-200 м
3
/с аспайды) арттырды. Өзбекстан территориясында жатқан барлық 
су қоймаларының жүмысын ескеріп, олардың жылжу шығыны 1100 м
3
/сек екендігі дәлелденді. Шардара 
су қоймаларынан Қызылорда облысының шекарасына дейін тасқын толқынының жету уақыты 5-7 күн, 
Қызылорда қаласына - 12-14 күн, Қазалы ауданы территориясына дейін 40 күнге жуық уақытта жетеді. 
Шардара су қоймасының қүрылысы біткен соң қысқы мезгілде Сырдария өзенінің су шығыны 
төмендеді. Дегенмен, Тоқтагүл және Шардара су қоймалары энергетикалық жүмыс тәртібіне көшкен соң 
Шардара су қоймасына қысқы ағыны тез үлғайды. 
Қысқы мерзімде Сырдария арнасындағы су көлемін шектік қабілеттен көп мөлшерде жылжыту су 
тасқынына әкеледі, Тосқауыш дамбыларды бүзу арқылы түрғылықты жерлерді су басу барлық 
эксплуатациялық ережелерге қарсы суды ирригациялық арналарға немесе т.б. жылжыту айтарлықтай 
материалдық шығынға үшыратты. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында су шаруашылық 
мәселесі күрделі ахуалдық жағдайда түр. 
Су басу зонасына енген Қызылорда обылысының жалпы түрғын саны 150 мың адамнан асады. Бар-
лық бақылау кезеңдерінің мамыр-маусым айларында су ағыны артуының және ауыл шаруашылығының 
қажеттілік максималды мәнге ие болады. 
Тасқын кезеңі туған кезде су басу қаупі келесі аймақтар территориясына енуі мүмкін: Арал ауданы -
10 мың га, Қазалы ауданы - 15 мың га, Қармақшы ауданы - 9,8 мың га, Жалағаш ауданы - 25 мың га, 
Сырдария ауданы - 6 мың га, Шиелі ауданы - 5 мың га, Жаңақорағай ауданы - 5 мың га, Қызылорда 
қаласы (қала шетіндегі «Арай», «Ягодка», «Коммунальник» саяжайларының жер телімдері, 
«Александровский» ауылы). Сонымен бірге су басу қаупі төнген автожолдар: Самара-Шымкент 1045¬ 
1046 км, 1650-1651 км, 1974-1978 км, 1986-1987 км; Қызылорда-Жосалы 21-22 км, 101-104 км; 
Жаңақорған-Қарғалы 22-23 км; Қазалы-Қаукей 63-68 км; Қамышлыбаш-Бугунь 11-13 км, Шиелі-Қарғалы 
16-19 км. Су басу қаупі төніп түрған теміржол телімдері 3072 км, 3023-3024 км, 2258 км, 2794 км, 
2806 км, 2820 км, 2735 км, 2692 км, 2762 км, 2442 км, 2456-2457 км қашықтықта жатыр. Су басу қаупі бар 
аудандарда орналасқан теміржол көпірлері - 3100 км, 3067 км, 2074 км, темірбетонды көпірлер - 3069 км, 
3068 км, 3060 км, 3023 км, 3021 км, 3019 км, 2318 км, 2323 км, 2327 км, 2457 км, 2490 км, 2333 км 
қашықтықта орналасқан. 
Қызылорда облысында су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың жоғарғы жағында 
орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен де болуы мүмкін. Мүзды бөгеттер ағындарды 
үстап түрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгіледі. Сондықтан қажеттілігіне қарай және 
қолданыс қағидаларға қарамастан Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы жекелеген елді 
мекендерді су басу мәселесі осы уақытқа дейін шешімін таппаған. 
Сырдария өзенінің арнасымен желтоқсаннан ақпанға дейін сең жүзу кезеңінде бөгеліс қүбылыстарын 
жасайды. Бөгелістер өзен арнасының табиғи тарылуы жерінде немесе арнаның шүғыл бүрылысына 
салынады. Сонымен қатар, техногенді жағдайларға қарай бөгелістердің өзіндік орналасу орындары 
болады: жылжымалы өткел, төмен өткізгіш қабілетті көпірлік өткелдер, қалқымалы мүздарды өткізуге 
және гидротехникалық ғимараттардың тасқынға дайынсыздығы (гидротүйіндер, арналар, суды реттеуші 
ғимараттар және т.б.) және шаруашылық қызметке пайдаланып отырған арнаның тарылған жерлері. 
Сырдария өзенін зерттеуші мамандар мен экологтарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе Сырдария 
үлтанының топырағы қалыңдап, өзен арнасының тайыздана бастауы. Бүл жағдай әсіресе мүз еріп, 
жоғарыдан төменгі арнаға көп су жіберілетін көктем айларында жақын қоныстанған елге көп қиындықтар 
әкелуде. Сырдария үлтанының тайыздануынан арнаның су өткізгіштік қасиеті төмендеп, соның салдары-
нан жыл сайын су тасқыны орын алуда. Сырдария су өткізгіштік қабілетін арттыру үшін арнаны көмілген 
топырақтан өзен арнасын қыста мүзасты ағысы арқылы тазартуды қажет етеді. Жаз мезгілінде арнасының 
95 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
96 
кеңіп, одан өтетін су мөлшерінің аздығынан ағыстың жылдамдығы да баяулайды. Әлсіз ұлтанындағы 
құмды шайып, оны ілгері ағызып әкетуге шамасы жетпейді. Aл, қыста Сырдария ұлтаны мен қалың 
ұстасқан мұздың арасында кернелген судың ағысы күшейіп, өзен асты батпағын шайып әкету мүмкіндігі, 
тиісінше арнаның су өткізу қабілеті де артады. 
Өңірлердегі су тасқыны ахуалын дер кезінде бағалау үшін ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ маман-
дары аумақтарды аэрошолу ұшулары жүргізіледі. Шардара су қоймасынан Сырдарияның төменгі 
сағасына дейінгі учаскелерде «Қазселден қорғау» ММ-нің 15 уақытша және жылжымалы гидробекеттері 
ұйымдастырылды, айрықша маңызды қорғауыш ғимараттарының техникалық жағдайы тексерілді, 
жарылыс жұмыстарын жүргізу және Сырдария өзенінің арнасын мұздан тазарту бойынша ұсынымдар 
беріліп, шаралар жүзеге асырылды. Дегенмен, бұл шаралар су тасқынын толығымен жойған жоқ. 
Қазіргі кезде жылжымалы гидробекеттерді Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында: 
«Әйтеке би», «Жосалы», «Тереңөзек», «Aйтек», «Караөзек», «Көктөбе», «Жүлек», «Тасбөгет», Шардара, 
Aрыс, Көксарай, Майқұм, Aқын-Жақып елдімекендерінде жедел іске қосылды. 
Жүргізілген шолу бойынша Шардара су қоймасының 70% акваториясы мұз астында, мұздың қалың-
дығы 10-20 см құрайды. Мұздану үрдісіне байданысты барлық жағдайда да судың деңгейі құбылмалы 
болады. Су деңгейі су ұстағыш болып табылмайтын үйілген дамбаға қарай жанасады (биіктігі 1 метрге 
дейін). Бұзып өту кезінде су автожолдардың қорғансыз жырынды төмен бьефімен тікелей өтіп, оны бұза-
ды. Aвтожолдарды бұзбау мақсатында Шардара су қоймасы транзитті режимде жұмыс жасап, 1500 м
3
/с 
дейін шығынды суды жылжытады, ол қыс кезеңінде тасқыннан Сырдария арнасындағы ағын режимін 
реттеуге қолайсыз. 
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы тасқын қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Aрыс 
өзені бойымен болатын жыл сайынғы болжалды жоғары тасқынды реттеп (үлкен қарқорына байла-
нысты), Қызылорда қаласы арқылы сең жүру апатсыз транзитін қастамасыз ету керек, ал ақпан айының 
ортасына дейін Көксарай бақылауреттеу орталығына су тарылуын болдырмау керек. 
Заманауи шарттар бойынша су басу мен тасқын аймақтарын инженерлік қорғау әдісі бойынша қорғау 
қазіргі кездегі қарқынды әдістердің бірі, оған: 
1. Су басқан территориядан суды бұру. Қоршамалы арналарды, тезағындылар және сарқырамалар, 
түннелдер мен құбырларды пайдалану мүмкін. 
2. Жағанығайтқыш, имараттар мен бақылауреттеуіштен құрылысы. Aймақтарды су басу және 
тасқынмен шаю мәселесін шешудің негізгі шешімі қысқы мезгілде Сыржария өзені бойынша су 
шығынын 300 м
3
/сек деңгейде реттейтін, жобалық ауданы - 3,0 км болатын, қыс мерзімінде келіп түскен 
су ағынын реттеуге арналған Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шекарасында 
орналасқан Көксарай су қоймасының құрылысы. 
Су қойманың құрылысы Шардара су қоймасынан суды апатты ағызу және тасқын кездерінде төтенше 
жағдайларды төмендетеді. Жоба бойынша 46 км жер дамбаларының құрылысы қарастырылуда. Көксарай 
бақылауреттеуші Сырдария өзенінің су режимін бұрынғы ирригациялық режимге ауыстырады. 
Соңғы 35 жыл төңірегінде Сырдария өзенінен болатын тасқындардан тұрғылықты жерлерді, тұрғын-
дарды, шаруашылық нысандарын қорғау үшін 526,0 км дамбылар құрастырылды, оның ішінде: 
Қызылорда облысы бойынша 519,4 км, Оңтүстік Қазақтан облысы бойынша 6,6 км ғимараттар 
орнатырды. 
Aпатты жағдайда салынған, тасқын қаупі кезінде Сырдария өзенінің жағасында орналасқан жағаны-
ғайтқыш ғимараттар техникалық талаптарға сай келмейді, сондықтан өзенде азғайтай мөлшерде су 
деңгейінің көтерілуі кезінде дамбылардың бұзылуы немесе шынайы бұзылу қаупі төнеді. Дамбалар 
қорғау, жобалау, өндірістік жұмыстардың біріккен технологияларының (дамбаны механизмдермен 
қабатты нығыздау, ылғал еңкістерін бекіту және т.б.) Генералды сызбанұсқасына сәйкес жасалмаған. 
Көп жағдайда ғимараттар эксплуатациялық ұйымдармен тепе-теңдікте болмайды, құрылыс кезінде 
өндіріс жұмысына тезникалық шолу болмады. Қорғаныс ғимараттарының техникалық ахуалын 
тексеретін, жіберулерді эксплуатациялық қызмет тепе-теңдігіне бойынша және әрі қарай эксплуатациялау 
және жөндеу-қалыптастыру жұмыстарын өз уақытында жүргізу жұмыстарын бақылайтын компетентті 
комиссия құрамын орнату керек. 
Қорғаныс ғимараттарының құрылысы өңделген техника экономикалық негізде және арнайы 
участкелердің шарттарын ескере отырып жобалы шешім таңдау негізінде жасалуы керек. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
97 
1. Баринов А.В. Чрезвычайные ситуации природного характера и защита от них. Учеб. Пособие для студ. 
высш. учеб. заведений. - М.: Издательство ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. - 496 с. 
2. Виноградов Ю.Б. Гляциальные прорывные паводки и селевые потоки. - Л.: Гидрометеоиздат, 1977. - 154с. 
3. Виноходов В.Н. Стихийные бедствия и мероприятия по уменьшению опасности природных катастроф в 
Казахстане / Современные проблемы геоэкологии и созологии. - Алматы, 2001. - С.194-196. 
4. Bozhinski, A.N., Nazarov A.N., Chernous P.A. A probabilistic model of snow avalanche origin and motion 
//Материалыгляциологическихисследований. 2002. Вып. 
5. Осипов В. И. Природные катастрофы на рубеже XXI века //Вестн. РАН.
 - 2001. Т. 71. - № 4. - С. 291 302. 
6. Гостюшин А. В. Энциклопедия экстремальных ситуаций. 3-е изд.
 - М.,1996. 
References 
1. AV Barinov Natural emergencies and protection from them. Proc. The benefit for students. Executive. Proc. 
institutions. - M.: Publishing VLADOS-Press, 2003. - 496p. 
2. Vinogradov Yu Breakthrough glacial floods and mudslides.
 - L.: Gidrometeoizdat, 1977. - 154 c. 
3. Vinohodov VN Natural disasters and measures to reduce the risk of natural disasters in Kazakhstan / Modern 
problems of geoecology and sozologii.
 - Almaty, 2001. - S. 194-196. 
4. Bozhinski, A.N., Nazarov A.N., Chernous P.A. A probabilistic model of snow avalanche origin and motion // 
Proceedings of glaciological studies. 2002. Vol. 
5. Osipov VI Natural disasters around the turn of the XXI century // Vestn. Russian Academy of Sciences. 2001. T. 71.
 -
№ 4.
 - C. 291,302. 
Резюме 
Джусупова Д.Б. - д.б.н., профессор, Оразова А.Е. - магистрант 2-го курса 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
В статье рассматриваются вопросы затопления бассейна реки Сырдария Кызылординской области и создании в 
связи с этим сложной водохозяйственной обстановки в зимний и весенний периоды, вызванные опасными 
аварийными сбросами воды из водохранилищ. Дана характеристика основных водохранилищ, режим стока воды, 
формирование притока речных вод по руслу реки Сырдарья. Описаны изменениия уровня воды, объеми сброс воды 
по реке. Причины и время наводнения, толщина льда. Образование заторов в русле реки из-за возможного 
затопления территории, автодорог, железной дороги. Приведены результаты аэровизуального осмотра 
водохранилища. Дана рекомендация по обеспечению паводковой безопасности. Методы инженерной защиты 
территорий от наводнений: отвод воды с затопляемой территории; строительство берегоукрепительных сооружений; 
русло выпрямительные и дноуглубительные работы, расчистка русла и другие позволяющие минимизировать 
чрезвычайные ситуации при прохождении паводков и аварийных сбросов воды с водохранилищ. 
Ключевые слова: речной бассейн, водохранилище, наводнение, чрезвычайные ситуации. 
Summary 
Dzhusupova D.B. - professor, Doctor of Biological Sciences, Orazova A.E. - 2
th
 course master 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 
The article deals with the Syrdarya river basin flooding Kyzylorda region and establish a connection with this difficult 
water situation in winter and spring caused by dangerous floods emergency release of water from reservoirs 
vodohranilisch.Dana characteristics of the main mode of water flow, the formation of the inflow of river water along the bed 
of the Syr Darya River . Describe the changes in water level, the volume of discharge vodypo river. The causes and the flood, 
the ice thickness. Education congestion in the riverbed Izon possible flooding areas of roads, rail dorogi.Priveden 
yrezultatyaerovizualnogoosmotravodohranilischa.The recommendation poobespecheniyu flood safety. Methods of 
engineering protection of territories from floods: diversion of water from the flooded areas, the construction of flood 
protection structures; ruslovypryamitelnye and dredging, cleaning and bed dr.pozvolyayuschie minimize emergencies during 
the passage of floods and accidental discharges of water from reservoirs. 
Keywords: river pool, storage pool, flood, emergencies. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
ӘОЖ 502:52-852 (574.25) 
П А В Л О Д А Р  Қ А Л А С Ы Н Ы Ң АУА  Б А С С Е Й І Н І Н І Ң 
ӨНДІРІС  К Ә С І П О Р Ы Н Д А Р Ы  Ж Ә Н Е  А В Т О К Ө Л І К П Е Н  Л А С Т А Н У Ы 
Абдулина А.Т. - 2 курс магистранты, alma- abdulina@mail. ru 
Сабденалиева Г.М - п.г.к., доцент Sgulnaray@mail.ru 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Бұл мақалада Павлодар қаласы атмосферасының өнеркәсіптік кәсіпорындармен, автокөліктер және тұрмыстық 
қалдықтармен ластану мәселелері жайлы жазылған. Қазақстан Республикасының ерекше экологиялық қолайсыз 
өңірлерінің бірі Павлодар облысы. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және 
солтүстікте - Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста - Новосібір облыстарымен, шығыста - Алтай өлкесі-
мен, оңтүстікте - Қазақстан Республикасының ІШіғыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста - Ақмола 
және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр. Павлодар облысы өзінің жазық далаларымен, шыршалы, 
қайыңды орман-далаларымен, тауларымен, көптеген өзен, көлдерімен аса бай табиғатымен танымал. Облыс орта-
лығы - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Павлодар -
индустриялық дамыған, көп салалы өнеркәсіптік орталық. Павлодар - электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, 
мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталған өзіндік көп салалы кешені бар 
қала. Атмосфераның тазалығын қорғау бойынша жұмыстардың табысты өтуіне қажетті шарттардың бірі, атмосфера 
ауасының жағдайын қадағалау болып табылады. 
Түйінсөздер: атмосфералық ауа, поллютанттар, шығарындылар, зиянды, ластаушы заттар, тұрмыстық қалдық-
тар, қоқыс, көмірсутектер, күкіртті сутектер, азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы 
қосылыстар, альдегидтер, металлургиялық алюминий тотығы, металлургиялық галий, күкірт қышқылды алюминий, 
метилтредбутил эфирін, пропилен, пролипропилен, ауа тозаңы, ауыр металдар, бензапирен, шығарындыларды 
тазарту, ластану себептерін жою. 
Атмосфераның ластануы Қазақстан Республикасында осы күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып 
отыр. Атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары тұрақты көздерден шамамен жылына 2,5 млн. 
тонна, көлік шығарындылары 1 млн. тоннадан асады. Атмосфераны ластаушы үш негізгі жолы бар: 
өнеркәсіп, тұрмыстық ошақтар, автокөлік. Ауаны ластануышы бұл көздердің үлесі орналасу жеріне 
байланысты болады. Қазіргі уақытта жалпы анықтау бойынша аса көп мөлшерде өнеркәсіп өндірісі 
ластайтыны анықталған. Ластаушы көздер - ауаға түтінмен күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын 
жылу электр станциялары; металлургия кәсіпорындары, әсіресе атмосфераға азот оксиды, хлор, фтор, 
күкіртті сутек, аммиак, фосфор қосылыстарын, сынап және мышьяк қосылыстары және бөлшектерін 
шығаратын түсті металлургия; химия және цемент зауыттары. Зиянды газдар ауаға кәсіпорындардың 
мұқтажы үшін отынды жағу, автокөлік жұмысы, тұрғын үйлерді жылыту, тұрмыстық және өнеркәсіптік 
қалдықтарды жағу және қайта өңдеу нәтижесінде түседі [1, 15-28 б.]. 
Қазақстан Республикасыны ерекше экологиялық қолайсыз өңірлерінің бірі Павлодар облысы. 
Павлодар- индустриялық дамыған, көп салалы өнеркәсіптік орталық. Ол - электр және жылу өндірісіне, 
сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталған 
өзіндік көп салалы кешені бар қала. Өндіріс көлемінің 70% құрайтын өңірдегі негізгі сала - металлургия-
лық өнеркәсіп және металл өндеу [2,VisitKazakhstan.kz]. 
Индустрияландыру жылдарында Павлодар облысы аумағында шамамен алты миллиард тонна 
өнеркәсіптік қалдықтар жинақталды. Олармен ластану деңгейі бойынша Павлодар өңірі республикада 
үшінші орынды алады. Жыл сайын 100-ден астам миллион тонна қалдықтар пайда болады. Осыған 
тұрмыстық қалдықтарды қоссақ, ал олар бүгінгі таңда облыста 4,5 миллион тонна және жыл сайын оған 
шамамен 640 мың тонна қоқыс қосылады. Бұл тек көзге көрінетін қалдықтар. Ал қанша улы қалдықтар 
жер астында жатыр. Мысалы, жылдар бойы жиналып, электролиз цехынан шыққан 900 тонна сынап. 
Сынаптың Ертіс өзеніне ағып кетуіне кедергі болатын балшықты қабырға салынды. Бірақ бұл қанша-
лықты тиімді екені беймәлім. Егер атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындармен ластануын айтатын 
болсақ, жыл сайын Павлодар облысында 600 000 тонна денсаулыққа зиянды қалдықтар түседі. Бұл 
Республика шығарындыларының 4/1 бөлігі. Соңғы 10 жылда зиянды қалдықтардың көлемі аймақта 46% 
өсті. Қаладағы атмосфераның шамадан тыс ластануының негізгі себептері өнеркәсіптің ескірген техно-
логияларын, тиімсіз тазарту құралдары, төмен сапалы отынды пайдалану, жылудың жаңартылған қайнар 
98 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
және балама көзін нашар колдану. Автокөлік санынынын күрт өсуі Павлодар каласында көмірсутек 
оксиды мен азот диоксидынын концентрацияларынын өсуіне алып келеді [3, 22-26]. 
Павлодарда облысында келесідей кәсіпорындар орналаскан: Павлодар алюминий зауыты, Қазакстан 
электролиз зауыты, Павлодар машина жасау зауыты, Павлодар мүнай өндеу зауыты, Павлодар химия 
зауыты (Каустик),Кастинг АҚ және тб. Қала территоряисында ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 жүмыс жасайды. 
Сурет 1 - Павлодар алюминий зауыты 
Бүл зауыттардын өндіретін өнімдері бір жағынан халыктын кажеттілігі үшін жарамды болса, екінші 
жағынан ауаны ластайды. Мысалы Павлодар алюминий зауыты - халыкка жарамды жылу энергиясын, 
электр энергиясын, отка төзімді саз балшык, әктас сиякты заттар шығарса, «Кастинг» АҚ - балкытылған 
темір, болат өнімдерін дайындап шығарады. Сонымен катар алюминий зауыттын түтіні атмосфераны 
фтор косылыстарымен және т.б. ластайды. «Кастинг» АҚ - сүйык хлормен, шойын өндірісі ауаны улы 
көміртек (П) оксидімен, кағаз өндірісі - күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, жасанды талшык өндірісі 
күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды [1, www.VisitKazakhstan.kz., 4, 15-18 б.]. Көмір 
өнеркәсібінде ластаушы көзі террикондар болып табылады. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, 
шайырлы заттардын косылыстары бөлінеді. 
Мүнай өндіретін кәсіпорындардан атмосфераға шығатын заттардын күрамында көмірсутектер, 
күкірттісутектер және жаман иісті газдар (стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен) бар. Қүрылыс 
материалдары өнеркәсібінде цемент және күрылыс материалдарын өндіру кезінде де коршаған ортаға 
зиянды шандар, фтор, азоттын және күкірттін костотығы шығарылады. Мүндай зиянды заттар негізгі 
технологиялык процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралык өндеу 
кезінде бөлінеді. Түсті металлургия кәсіпорындары күкірттін костотығы, фторлык газы және металдары 
бар шанға араласкан газдарды шығарады [5, 10 б.]. 
Химия өнеркәсібі пластмасса, майлайтын материалдар, түрмыстык химия заттарын өндіреді. Ол 
атмосфераны органикалык және органикалык заттары бар шанмен және түрлі газдармен ластайды. Бүл 
өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін кауіптілердін бірі болып саналады. 
Химиялык өнеркәсіптерден коршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, 
күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы косылыстар және т.б. бөлінеді. Атмосферада 
күкіртті газдар үзак сакталмайды, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше 
сағаттарға дейін сакталады. Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалык, фотохимиялык 
реакциялардын әсерінен тотығып H
2
SO
4
 ерітіндісін түзеді. Сөйтіп бүл косылыстын кауіптілігі арта 
түседі. Күкіртті косындылар ауа массасы аркылы сульфатты формаларға ауысады. Олардын көшуі желдін 
жылдамдығы 10 м/сек жағдайында 750-1500 м биіктікте жүреді, күкіртті газдардын таралуы 300-400 км 
кашыктыкка дейін жетеді. 
Энергетика өнеркәсібінін барлык салалары - транспорттын, коммуналды және ауыл шаруашылығы-
99 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Кесте 1- Ауаға шығатын әр түрлі көлік қалдықтары, % 
Көлік түрі 
Ластаушы заттардың қалдықтары, % 
Көлік түрі 
СО 
СН 
NO2 
С 
РЬ 
Жеңіл автокөліктер 
23,6 
19,1 
33,3 
5,9 
-
48,0 
Қала және халықаралық 
автобустар 
23,8 
10,3 
13,4 
17,2 
13,5 
14,0 
Ауыр жүк тасымалдаушы 
көліктер 
28,1 
52,8 
31,6 
86,9 
86,5 
18,5 
Жеңіл жүк тасымалдаушы 
көліктер 
24,5 
17,8 
21,7 
-
-
19,5 
Жалпы автокөліктер 
100 
100 
100 
100 
100 
100 
Ауаның зиянды заттар қоспаларымен ластану деңгейі тек зиянды заттар қалдықтарына ғана емес, 
сонымен қатар, ауадағы зиянды қоспалардың таралу жағдайына да байланысты болып келеді. Белгілі бір 
метеорологиялық жағдайда ауадағы қоспалар концентрациялары көбейіп, қауіпті жағдайға жетуі мүмкін. 
Зерттеулер бойынша үлкен жол жанында орналасқан (10 м. дейін) тұрғындары, жолдан 50 м. қашықтықта 
алшақ орналасқан тұрғындарына қарағанда, қатерлі ісік ауруымен 3-4 есе жиі ауырады екендігін 
дәлелдеді [7, 31-40 бб.]. 
Автокөлік қалдықтарында, сонымен қатар, азот оксиді де бар. Азоттың қос тотығы атмосфералық 
ауадағы өнімдерді көмірсутекке айналдыруда үлкен рөл атқарады. Пайдаланылған газдар құрамында 
тарамаған көмірсутек жанармайы да болады. Олардың ішінде ерекше орынды этилді қатарына жататын 
соңғы емес көмірсутектер, әсіресе, гексен мен пентен алады. Автокөлік қозғалтқыштарындағы жанар-
майдың толығымен жанбай қалу себебінен көмірсутектердің бөлігі құрамында шайырлы заттар болатын 
қара күйеге айналады, көбінесе, көп мөлшерде күйе мен шайыр мотордың техникалық жағынан бұзылуы 
және жүргізуші қозғалтқыш жұмысы жылдамдату мақсатында ауа мен жанармай арақатынасын азайту, 
«бай қосынды» алуға тырысу кезінде көптеп шығады. Осындай жағдайда автокөліктін артынан құрамын-
да полициклиналық көмірсутектер және бензапирен бар көзге көрінетін қара түтін шығады. 
Қорыта келе, өндіріс кәсіпорындарынан, автокөліктерден бөлінетін, газ тәрізді, ауа тозаңы, ауыр 
металдар, көмірсутектер және бензапирен, фенолдар, азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті 
сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар, тұрмыстық қалдықтар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден 
асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады. Қазіргі уақытта 
Павлодар қаласының атмосфера ауасы жайлы сұрақ әлі де ашық күйінде қалып отыр. Осыған байланысты 
аймақтағы эколог мамандармен түрлі шаралар жүргізілуде. Оларға мемлекетаралық деңгейде жүргізілетін 
шаралар, бұзылмаған табиғатты сол қалпында сақтап қалу, эколог мамандарды дайындау, халыққа 
100 
ның еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы 
күш. Отын-энергетикалық кешен - жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және 
пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Отын өнеркәсібі (мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылы-
ғындағы басқа салалармен тығыз байланысты. Сонымен қатар жылу электрстанциялары атмосфераға 
құрамында азоттың және күкірттің тотықтары бар газдар, күл, металдар шығарады [6, 72-78 б.]. 
Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды 
қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар 
жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі 
азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете 
түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті 
аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзыла-
ды. Адам денсаулығына қауіптілердің бірі шаңдар, оның ішінде ең қауіптісі күл өйткені ол улы заттарды 
өзінде ұстайды. 
Павлодар қаласында атмосфералық ауаны ластаудың тағы бір негізгі көзі автокөлік болып табылады. 
Олардан шыққан қалдықтардың құрамы екі жүзден астам газдардың түрлерінен тұрады, соның ішіне 
канцерогендері аз емес күрделі қоспалар кіреді. Соңғы жылдары автокөлік саны ұдайы өсуде, бұл 
қоршаған ортаға, оның ішінде адам денсаулығына кері әсерін тигізуде. Орташа алғанда, бір автокөлік 
жылына 165 мың.км. жүріс кезінде 2 тонна отын, оның ішінде 4,5 тонна оттегі, (адам қажеттілігінен 50 
есе көп) шығарады. Осы жағдайда автокөлік атмосфераға (кг/жылына): 700 - тұншықтырғыш газ, 
230 - жанбай қалған көмірсутек, 40 - азот диоксидін және 2-5 - қатты заттар шығарады. Содан басқа, 
көбінесе, этилді жанармай қолдануы себебінен қорғасын қосындылары көптеп шығарылады. Атмо-
сфераға түсетін қалдықтар автокөліктің түрлерімен де ажыратылады (кесте 1). 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
экологиялык тәрбие беру, сонымен катар жеке кәсіпорындармен зиянды заттардан суды, ауаны тазарту, 
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану кызметтері жүргізілуде. Бүл шара көбінесе инженерлік әдістермен 
іске асады. Кәсіпорындарда табиғатты корғаудын негізгі екі әдісі бар. Онын бірі - зиянды шығарын-
дыларды тазарту. Бүл әдіс «таза күйінде» аса тиімді емес, өйткені биосфераға зияндызаттардын түсуін 
толыктай токтату мүмкін емес жәнеде бір компоненттін тазаруы екіншісінін одан әрі ластануына алып 
келуі мүмкін. Мысалы ылғалды фильтрларды күру атмосферанын ластануын азайтса, судын одан да көп 
мөлшерде ластануына алып келеді. Екіншісі - ластану себептерін жою, яғни бүл ретте зиянды калдыктары 
аз немесе калдыксыз технология жасап шығару. Бірак казіргі танда көптеген кәсіпорындарда осындай 
технологиялар енгізілмеген. Сондыктан да казіргі уакытта екі әдістін де шамалап колданылғаны жөн. 
1. «Өнеркәсіптікэкология» пәннінің оқу-әдістемелікматериалдар» «30»09.2013 ж. № 2 басылым. - 52 б. 
2. Павлодар облысы туралы жалпы ақпарат - VisitKazakhstan.kz 
3. Голдовская Л. Ф. Адам организміне және өсімдіктерге азот оксидтерінің әсері. - 67 б. 
4. Экология производства. Научно-практический журнал, выпуск. - №5. - 2014. - 6-11 бб. 
5. Научный журнал защита окружающей среды в нефтегазовом комплексе. - 2014. - 60 б. 
6. Научный журнал LandscapeEcology. - 2016. - 80 б. 
7. Ауаның көлік құралдарынан ластануы. Қоршаган ортаны қоргау. Университеттік сөздігі. - М.: Прогресс
1999. - 65 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет