Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата09.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#8503
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Балгимбеков Ш.А. - д.м.н., профессор, заведующий кафедрой анатомии, физиологии
зоологии и безопасности жизнедеятельности, balgimbekov@inbox. ru 
Жарылкасынова Ж.М. - магистрантка 2 курса по спецальности 6М011300 - Биология, jonsi 94@mail.ru 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Роль физической активности в формировании образа жизни современных студентов 
8 статье показана важная роль физической активности в формировании образа жизни студентов в современных 
условиях и пути ее оптимизации. В настоящее время большинство молодежи одной из основных жизненных целей 
определяют получение высшего образования, однако не уделяет достаточное внимание своему здоровью и не 
придерживаются принципов здорового образа жизни. У 20-40% студентов выявлены наличие различных хрони¬ 
ческих заболеваний, а 40% выпускников имеют плохие показатели здоровья. В этой связи авторами предложены 
пути опитимизации двигательной активности учащейся молодежи. 
Ключевые слова: студент, здоровье, физическая активность, здоровый образ жизни. 
Summary 
Balgimbekov Sh.A - d.m.s., professor, head of the chair of Anatomy, Physiology, Zoology and Life Safety
balgimbekov@inbox. ru 
Zharylkassynova Zh.M. - 2
th
 course master specialty of Biology, jonsi 94@mail.ru 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Role of physical activity in formation of a lifestyle of modern students 
The article shows an important role of physical activity in formation of a lifestyle of students in modern conditions and the 
way of its optimization. Up-to-date a main life goal of many young people is to have a degree of higher education, however 
they neglect their health and don't follow healthy lifestyle principles. 20-40% of the students have various chronic diseases, 
and 40% of graduates have bad indicators of health. In this regard, the authors offered the ways of opitimization of a physical 
activity of the young students. 
Keywords: student, health, physical activity, healthy lifestyle. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
ӘОЖ 612.766.1:621.395.72 
БАЛАЛАР  Д Е Н С А У Л Ы Ғ Ы Н  Қ А Л Ы П Т А С Т Ы Р У Ш Ы  Ф А К Т О Р Л А Р 
Құлжанова Д.Қ. - б.г.к., ага оқытушы 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, dkulzhanova@mail. ru 
Адамдард^ің денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дүрыс 
дамып, үзақ уақыт сақталуын^ің динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары 
деңгейде болып, күш-қайраты талмай, үзақ уақыт өмір сүруі. Балалардың денсаулығын нығайтуға және балалардың 
денсаулығын бүзатын факторларды алдын-алу мен жоюға бағытталған жағдайлар мен шаралар, республикалық және 
аймақтық деңгейде жасалынған. Жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні балалар 
қүқықтарын қорғау, олардың денсаулығын сақтау және нығайтудың аса маңызды екенін баса көрсетеді. Балалардың 
шандығы кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуына, оның ішінде демографиялық саясатына елеулі әсер етеді. 
Түйін сөздер: денсаулық, антропометрия, динамика, әлеуметтік, демография, индекс, корреляция, центил. 
ӘР6ІР адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкін-
діктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз 
кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. 
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз 
етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау 
саласы халық әл-ауқатының орнықты және түрақты өсуі түрғысынан алғанда республикадағы негізгі 
басымдықтардың бірі болып табылады. [1] 
Қазіргі заманғы қоғамда балалардың денсаулық жағдайына деген әлеуметтік жауапкершілік мемлекет 
пен ата-анаға жүктеледі. Балалардың денсаулығы балаларды қорғау әлеуметтік саясатының негізгі 
бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау көптеген қүқықтық-
нормативтік қүжаттарда қарастырлған және денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бағдарламаларымен 
нығайтылған. Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдауларында, 2002 жылғы 
8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасындағы Баланың қүқықтары туралы Заңының 8-бабында 
«Баланың денсаулық сақтауға қүқығы» қарастырылған [2]. 
Денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың 
денсаулығына дүрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының 
(1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы 
ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" 
түсінеміз. Бүл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсет-
кіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің 
мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жатады. Халықтың денсаулығы, 
олардың түрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған 
факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды. Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің 
өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, 
дүрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да 
әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау үйымының 
«денсаулық» деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік 
бермейді. ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басы Қазақстанда қоғамның және мемлекеттің барлық өмір сүру сала-
ларында, әсіресе 90-шы жылдары саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды. Балалар 
қоғамдағы әр бір өзгерістерге аса сезімдалдықпен әсер ететін халықтың бір бөлігіне жатады. Халықтың 
денсаулығын зерттеуде балалардың денсаулығы туралы ақпарат ерекше рөл атқарады. Балалар халқының 
денсаулығы қоғамдық денсаулықтың қүрамдас бөлігі болып табылады [3]. 
Қазіргі заманғы қоғамда балалардың денсаулық жағдайына деген әлеуметтік жауапкершілік мемлекет 
пен ата-анаға жүктеледі. Балалардың денсаулығы балаларды қорғау әлеуметтік саясатының негізгі 
бағыттарының бірі болып табылады [4]. 
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын 
жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсет-
66 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
67 
кіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Туып-көбеюшілікті 
жасанды реттеуге болатындықтан және оған этникалық ерекшеліктер әсер ететіндіктен денсаулықтың 
көрсеткіші ретінде алуға болмайтын сияқты. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азайту, денсау-
лықтың басқа көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Және керісінше, кейбір этникалық топтар-
дағы туып-көбеюдің жоғары болуы, денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, ден-
саулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге кешенді түрде 
қараған дұрыс. Халықтардың денсаулығына сипаттама беруде кейбір авторлар өлім көрсеткішін пайда-
лану мүмкіндігін қолдамайды. Бұл пікірде негізгі аргумент ретінде аурушаңдық пен өлім саны арасын-
дағы сәйкестіктің болмауы алынады, бірақ, өлім ешуақытта аурусыз келмейді. Бұл көрсеткіштердің ара-
сында қатал түрде пропорция болмаса да бір бағытта өзгеріп отырады. Жас кезеңдері бойынша ер адам-
дардың арасында өлім көрсеткіші жоғары болатындығы олардың өмір сүру мүмкіндіктерінің төмен 
екендігін көрсеткенімен, денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға келмейді. Б.Н. Ильиннің пікірі бойынша 
да өлім саны адамдардың биологиясына ғана емес, көптеген жағдайларда әлеуметтік факторларға да 
байланысты болғандықтан денсаулықтың белгісі ретінде алуға келмейтіндігін айтады. Бірақ, автор 
"халықтың (жеке адамның) денсаулығы медициналық (биологиялық) - әлеуметтік түсінік" екенін мойын-
дайды. Ю.П. Лисициннің пікірі бойынша денсаулықты тек қана әлеуметтік және биологиялық қатынас 
тұрғысынан қарау керек, сондай жағдайда эндогендік және экзогендік себептерден болған өлім саны 
биологиялық факторларды да сипаттайды. Олай болса, өлім көрсеткішін халықтардың денсаулығының 
белгісі ретінде алуға болады. Әсіресе, бұл жағдайда балалар өлімі ерекше орын алады.[5] 
Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде негізінен аналар мен балалардың 
организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар: 
1. Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға 
дейін әсер ететін) факторлар. 
2. Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар. 
3. Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты. 
4. Тамақтану жағдайы. 
5. Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа 
кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды 
әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы. 
6. Сәдибің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты. 
Бұлай топтастыру әлеуметтік гигиенаның ғылыми зерттеу институтында және Денсаулық сақтау 
Министрлігінің ұйымдарында жасалған. Көрсетілген факторлардың ішінде, әсіресе, жүктілік пен 
босанудың нәтижесінде, жаңа туған нәрестенің денсаулығына және сәбидің алғашқы жылғы өміріне әсер 
ететіндері тереңірек зерттелген. Мысалы, балалардың дене салмағының аз (2500 гр төмен) болып 
туатыны көбінесе жас (18 жасқа дейінгі) және кәрі (35 жастан жоғары) аналарда болатыны байқалды. 
Оларда перинаталдық өлім саны мен жүктіліктің асқынуларының көрсеткіштері де жоғары болып келеді. 
Балалардың дене салмағына, мезгілінен бұрын босануына және іс-жүзіндегі өлім санының көбеюіне 
аналардың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы да әсер етеді. 
Анасының шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы 
нәрестенің құрсақта жатқандағы өсуіне ғана емес, одан кейінгі дамуына да зиянды әсерлерін тигізеді. 
Аналардың жұмысына екі рет 100 гр. артығырақ арақ ішуі, салмағы азайған балалар туу қауіпін көбейтіп 
жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін 
маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене 
салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың 
себептері, басқа да қауіптілік факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді. 
Ата-анасының білім деңгейімен әлеуметтік-экономикалық статусының балаларының денсаулығына 
тигізетін әсері туралы көптеген мәліметтер бар. 
Балалардың денсаулық көрсеткіштері әсіресе ерте жастағы балалардың, жанұя жағдайына байла-
нысты. Толық емес жанұялардағы балалардың аурушаңдығы толық жанұяларға қарағанда сенімді түрде 
жоғары және оларды жиі ауыратын балалар саны да басым келеді. Мұндай айырмашылық жас өскен 
сайын тереңдей түседі. Некеге тұрмаған ата-аналардың балаларының денсаулығы нашарлау келеді, олар 
көбінесе айы-күні жетпей шала туады, аяқтануы, сөйлеуі уақытынан кешірек қалыптасады, осындай 
балалардың арасында жедел және созылмалы аурулардың жиірек болатынын байқауға болады. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
68 
Үйлесімсіз тұратын жанұялардағы балалардың созылмалы ауруларының асқынулары жиі қайталанады 
және олар ауыр түрде, ұзақ жүретіндігі байқалады. 
Балалардың денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын корреляциялық байланыс бар екені 
анықталған. Үйқысы қанбаған оқушылар арасында денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада 
күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз болатын оқушылар көз рефракциясының аномалиясымен, ревматизм-
мен, зат алмасу бұзылыстарымен, басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға қарағанда жиірек зардап 
шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар арасында таралуы, негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің 
ауданының жетіктілігіне, жеделдетуіне және сонымен қатар, ғимараттың жоспарлануына тікелей 
байланысты болып келеді. 
Aкадемик Г.Н. Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді "бала-қоршаған орта" жүйесіне 
факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында аурушылық қалыптасуына әсер ететін 80-ге 
жуық көрсеткіштердің әсері анықталған. 
Мұнда оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі факторлар анықталды: жергіліктік 
жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-
гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп сиымдылығының жоғарылауы, екі сменде сабақ оқу, оқу бөлме-
лерінің ауданының жеткіліксіздігі т.с.с); жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы; анасының 
жұмыс бастылығы; мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы, бастауыш сыныпта 
ұзартылған күн тәртібінде болуы; әкесінің маскүнемдігі; мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы; күн 
тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы; 
Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер 
ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған 
жіктемесін ^.ПСухарев) қолдануға болады: 
1. Қолайлы факторлар: 
a) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі; 
b) шынығу; 
c) дұрыс, балансты тамақтану; 
d) рационалды күн тәртібі; 
e) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы; 
f) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру. 
2. Қолайсыз факторлар ("қауіптілік" факторлары): 
a) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы; 
b) оқу-тәрбие процестерінің жеке күн тәртібінің бұзылуы; 
c) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы; 
d) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер; 
e) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әрекеттермен айналысу; 
f) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат. 
Сонымен қатар, дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған ортаның 
тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру шараларының тиімділігі туралы пікір 
айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы 
гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, 
жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек. 
Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін 
міндетті түрде зерттеу керек. Aрнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің 
ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің 
дамуын, жеке жас мөлшерінің топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгеріс-
терінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды. 
Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: 
Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары 
- индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі 
индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды 
(дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі 
қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралған-
дары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. 
болды. 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см 
алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығы 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, 
немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. 
Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептеледі. 
Индекстердің көптігі, олардың ешқайсысының да қанағаттанарлық нәтиже бермейтіндігінен болады. 
XIX ғасырдың аяқ кезінің өзінде олардың қолданылуы күдік туғыза бастады. Индекстердің балалар 
организмдерінің бой ұзындығының бірдей еместіндігін есепке алмайтындығы, олардың негізгі кемшілігі 
болып саналады. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды. 
Индекстер тәсілдерінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі) келеді. Оны 1925 
жылы белгілі неміс антропологы Рудольф Мартин ұсынған еді. Ол, жеке адамдардың дене бітімі дамуы-
ның параметрлерін, осы параметрлердің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы 
жүргізіледі. Алынған айырмашылық санды, сәйкес белгілердің орташа квадраттық ауытқуына бөледі де, 
сигмадан ауытқуды табады. Дене бітімінің дамуы сигмадан ауытқу көлемі бойынша бағаланады. Әрбір 
баланың профилі ретінде графиктік көрсеткіш сызылады. Бұл тәсіл қарапайым және шындыққа жақын, 
бірақ дене бітімі дамуының барлық көрсеткіштері бір-бірінен бөлек және жеке бағаланатындықтан 
Кеңестер одағында бұл тәсіл кенңінен қолданылмады. 
Сол сияқты Центиль және процентил (Centum-жүз) тәсілі де қарапайым және қолайлы. Бұл тәсілді ең 
алғаш медицинаға енгізгендердің бірі, Американың зерттеуші ғалымдары Стюруа мен Мередит. ХХ 
ғасырдың бірінші жартысында олар, дене салмағы мен бой ұзындығы үшін, кеуде және жіліншік шеңбері 
үшін, май қабатының қалыңдығын бағалау үшін графиктік проценттік шкалалар жасады. Центильдік 
анализдің негізі мынандай: қандай да бір белгінің барлық варианттарын кішісінен бастап үлкеніне қарай, 
бір қатарға орналастырады. Одан соң барлық қатарды 100 бөлікке-процентильге бөледі, олардың тең 
ортасы Р50-медиана деп аталады. Әрбір центиль, зерттелетін бөліктердің проценттік қатынасын 
сипаттайды. Көбінесе Р3, Р10, Р25, Р50, Р75, Р90, Р97 процентильдері қолданылады. Белгілердің Р25-Р75 
шегіндегі көлемдері орташаға жатады. Бір өлшемді процентильді графиктер пайдалануға өте қолайлы 
және оны антропологтар және педиатрлар өте кеңінен қолданып жүр. Бірақ, сигмадан ауытқу тәсілі 
сияқты бұл тәсіл де дене бітімі дамуының көрсеткіштерін бір-бірінен жеке дара, корреляциялық 
байланыссыз қарастырады. 
Регрессиялық анализ (корреляциялық) тәсіл бой ұзындығы 1 см өзгергенде, дене салмағы мен кеуде 
шеңберінің қандай көлемге өзгеретінін көрсететін регрессиялық шкала құруға негізделген. Бұл шкала 
жеке адамның барлық параметрлерін сигмалық регрессия көлемі бойынша, бір-біріне байланысты алып, 
дене бітімінің дамуы туралы жалпы қорытынды жасауға болатынын, бағалау таблицасы болып табылады. 
Балалар мен жасөспірімдердің ғылыми зерттеу институты дене бітімінің дамуын регрессия шкаласы 
бойынша сандық жағынан бағалау үшін, арнаулы үлгі құрастырды. Үлгіде бой ұзындықтарының 5 классы 
бөлінген: 1-аласа, 2-орташадан аласа, 3-орташа, 4-орташадан биік, 5-биік және мұнда дене бітімі дамуын 
бағалаудың 5 дәрежесі бөлініп көрсетілген: 
Бүгінгі күнге дейін, жоғарыда көрсетілген дене бітімінің дамуын бағалау тәсілдерінің бірде-біреуі 
абсолютті қолдау таппағанын айта кету керек. Олардың бірде-біреуі кемшіліксіз емес. Сигмадан ауытқу 
тәсілі сияқты центильдік тәсілдер де дене бітімі дамуының параметрлерін, бір-біріне қажетті байланыс­
сыз, бірінен-бірін жеке дара қарастырады. Регрессиялық тәсілде дене бітімі дамуының негізі ретінде бой 
ұзындығы алынады, ал, оған бағынышы белгілерге (дене салмағы мен кеуде шеңбері) варианттарды 
бөлген кезде мектеп оқушыларында мөлшерленген дұрыстыққа сәйкес келмейтін, жиіліктің бір жақты 
ассиметриясы тән. Осы көрсетілген жағдайлар белгілі қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, баға-
лау таблицасындағы бағынышты белгілердің мектеп оқушылары үшін алынған - "нормалау" шекарасы 
М +2-ға дейін кеңейтілген. "Нормының" шекарасын кеңейту, "дене салмағы артық" деген бағасы бар 
оқушылардың меншікті үлесін азайтады. Өйткені -1 және +2 арасындағы "дене салмағы артық" деген 
оқушы, семіздікке жата бермейді. Өсіп, даму жағдайындағы мектеп оқушыларының организмінің артық 
салмағы семіруді ғана көрсетпейді, сонымен қатар, белгілі, дәрежеге дейін бұлшық еттер дамуының да 
көрсеткіші болып саналады. Нағыз семіру олар үшін М +20 шегінен едәуір шығып тұрады. Мұндай 
жағдайды гигиенистермен бірге клиницистер де растайды. 
Стандарттар жасау үшін, екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады: жалпылама тәсілі (көлденеңінен 
кесу) - салыстырмалы аз ғана уақыттың ішінде қажетті топтарды жалпы тексеру және жекелендіру тәсілі 
(лонгитудиналық немесе ұзынынан алу) - ұзақ уақыт бойы белгілі бір баланы, немесе белгілі бір ғана 
топтың балаларын бақылап отыру. 
69 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
70 
Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға 
(шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. 
Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобио-
логиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады. 
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығу-
лардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін (ақырындап, еппен 
бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды. 
Балаларды ерте жастан метерологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене темпера-
турасының тұрақтылығын химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы 
сақталады. Біріншісі - жылу бөлуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі - жылу беруді реттеу болып табылады. 
Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер 
етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет 
терісінде, ең аз бөлігі аяқ, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін 
аяқталуы туралы- салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер 
туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипоталамусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) 
барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы 
ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланысты болады. 
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің 
жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының 
кеңеюі немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлек-
торлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. 
Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз рефлекстер де іске қосылуы мүмкін. 
Бала организмі туған күннен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, 
әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. 
Тері бетінің көлемі де салыстырмалы көбірек болады, зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі 
түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда 
болатын ауруларға бейім келеді. 
Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге 
кейбір жүктеме түсіру бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан, 
организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негіздеген. 
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу 
орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакция-
сының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. 
Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін 
жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. 
Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсер-
лерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады. 
Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты: 
1. Процедураларды қолданудың жүйелілігі. 
2. Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту. 
3. Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас 
ерекшеліктерін ескеру. 
4. Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы. 
5. Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы. 
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн 
радициясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза 
және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы 
да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде 
болуы қажет. 
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті 
сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес 
түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың орындалуын: 
организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның 
өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі керек. 
Жылдық динамикада баланың жеке басының және ұжымның денсаулық көрсеткіштерінің жақсы 
жаққа өгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық норма-
лардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары: 
1. Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру. 
2. Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру. 
3. Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу. 
4. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлері мен балалардың ата- анасы арасында 
санитарлық ағарту жұмысын жүргізу. Денешынықтыру тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті 
түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек. 
Өсіп келе жатқан организмдегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері. Балалар организмі үнемі 
өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. 
Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс: 
1. Балаларда өсу, даму процесі өте қарқынды жүретіндіктер, зат алмасу ересектерге қарағанда үдемелі 
түрде жүреді және жас ұлғайған сайын баяулай бастайды. 
Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының 
орнын толтыру мен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, 
балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары, яғни анаболизм катаболизмнен 
жоғары болып келеді. 
2. Балалар организмінде жасушалары мен тіндердің құрылысына қажетті белоктар үдемелі түрде 
түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге белок қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала 
неғұрлым жас болса, белок қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Белок жетіспеуі өсу процесінің 
тежелуіне ұшыратуы мүмкін. 
3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық (клетка қабығының, 
дәнекер тіндерінің қалыптасуы және т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажетті-
лігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондақтан, жас балалардың 
организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді; 
4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген 
кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болуымен қатар, организмді 
жылу жоғалтудан, органдарда жарақат алудан қорғайды; 
5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез 
жинап, тез жоғалтып отырады. Сондақтан балалар организмдегі су алмасу процесі жылдам бұзылады 
және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер 
балаларда жақсы көрінеді; 
6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп - дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге 
қарағанда 1,5 есе жоғары. Кальций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзілетін-
діктен, организм кальциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді; 
7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің 
жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады; 
8. Am сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы 
микроэлементке (әртүрлі жеміс-жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады; 
9. Бала организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу 
процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады. 
10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғар 
болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді. 
Негізгі зат алмасудың мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституция-
сына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне 
(көктем, жаз мезгілдерінде жоғары) және т.б. байланысты болып келеді. 
Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана 
мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген шаралардың орындауы қажет: 
71 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
1. Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын сақтау. 
2. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы. 
3. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына баланысты дұрыс бөлу; 
4. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі. 
Санитарлық дәрігер ас-мәзірін құрастырған кезде мынадай негізгі қағидаларды білуі керек: 
1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, 
климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажетттілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз 
мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам каллориясын 10%-ға жоғарылату қажет; 
2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді. 
3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың 
түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, 
кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнде-
лікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек. 
4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс. 
5. Барлық мекемелерінде, Медециналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдай-
ларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалды. Сонымен 
қатар «жазғы» және «қысқы» деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационың калориясын және 
химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша 
жүргзіледі. 
6. Күнделікті ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және 
осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. 
Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі (мектепке 
дейінгі балалар мекемелеріндегі қызметкерлер тек қана түсте, ал мектеп интернаттарында 3 мезгіл 
тамақтанады). 
7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын 
тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен 
ауыстыруға болады. 
8. Балалар рационында ас қорыту органдарының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар (қара 
бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болуы керек). 
9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгілінде тұрақты түрде болады. 
Балалар мекемелерінің асхан жұмыстарына ағымды санитарлық бақылау жүргізу жұмысы: 
1. Келіп түскен тамақтардың сапасы мен олардың тасымалдануын бақылау. 
2. Тағамдардың сақталу жағдайын бақылау. 
3. Тағамдардың таратылу мерзімінің сақталуын бақылау. 
4. Тағамдарды дайындау технологиясын бақылау: 
5. Дайын тағамдардың сапасын бақылау. 
6. Асхананың санитарлық, індетке қарсы жүргізілетін тәртібін және ыдыс-аяқтарды тазалау тәртібін 
бақылау. 
7. Асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауын бақылау. 
8. Тағам рационының құрамын бақылау. 
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтау, нығайтуға, салауаттандыруға 
арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс 
пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. 
Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке 
әлеуметтік тортар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. 
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және оргинизмге зиянын 
тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер-гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш 
қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, 
жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің 
денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді. 
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. 
Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдас-
тырушыларға, педагогтарға байланысты. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен 
бастап тіршілік ортасын байланысты болады. 
72 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
73 
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін 
заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды 
әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірім-
дердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. 
Қазіргі кезде, жоғары сынып оқушыларына жүргізілетін эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, 
шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе 
маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. 
Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең- жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігіне 
бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы 
қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу 
дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-
құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпелегіштікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар 
тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің 
бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері 
қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары 
мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, 
көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр 
ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады. 
Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте 
араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, 
жылдам үйір болады. 
Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, 
негізгі іс-әрекеттеріне (оқу, жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. 
Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйіткілдері 
мазасыздандырып, күткен жітістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға ауысу арқылы 
қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке 
қойылған қарсы талаптарды да бұзады. 
Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт- жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, 
оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени 
құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл 
бөлінуі тиіс. 
Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке 
қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізілген кезде 
төменгі принциптерді басшылыққа алған дұрыс: 
- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке 
көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сынып-
тардан басталғаны жөн; 
- алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының 
жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамда да, өзіне де келтіретін 
кесапатты түсіндіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек; 
- ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау; 
- ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық 
ерекшеліктерін ескеру; 
- оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрып-
тық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс; 
- балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққанды демалыстар 
ұйымдастыру; 
- алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды 
жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен 
бірлесіп жүргізгені тиімді; 
- жоғары сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке 
қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғары сынып оқушыларымен қатар бастауыш 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, 
мүғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді. 
Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиім-
ді емес. Мүндай орталарда алкогольге қарсы жүмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті қүнды-
лықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанүядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы 
орнын тауып беруге бағытталғаны дүрыс. 
Ішімдікке қарсы жүмыстың мазмүны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дүрыс 
қамтитын терең үғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының 
тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді. 
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, 
үжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады. 
Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дүрыс көңіл 
бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дүрыс тәрбие беру, оларға дүрыс көңіл 
бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады. 
Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен 
бірге баланы әдептілікке, саналыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу 
олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиена-
лық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. 
Оның негізгі белгілері: 
1. Оқу үрдісінде гигиена негізінен сабақ беру. 
2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жүмыстарын жүргізу. 
3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жүмыстарын жүргізу. 
4. Ата-аналармен санитарлық ағату жүмыстарын жүргізу т.с.с. болып табылады. 
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жүмысы - мектептің оқу 
бағдарламасының міндетті түрдегі қүрамды бөлігі болып табылады. 
Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарла-
масы төмендегі талаптардан түрады: 
1. Денешынықтыру мен шынығудың салауаттандырудағы маңызы. 
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. 
3. Тамақтану гигиенасы. 
4. Қоғамдық және жеке бас гигиенасы. 
5. Жарақаттанудың алдын алу. 
6. Политехникалық оқытудың гигиенасы. 
7. Жыныс тәрбиесі. 
Бүл салада ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай 
бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді: 
1. 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар); 
2. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар); 
3. 15-17 жастағы жасөспірімдер (8-1 сыныптар). 
Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу -тәрбиенің 
негізігі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің 
мағынасы тереңдей түседі. 
Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене түлғасының дүрыстығы туралы мәліметтер кіреді. 
Мүнда олар іс-әрекеттің дене түлғасының қалыптасуына әсерін, денешынықтыру жаттығуларының, 
қимыл-қозғалыстың, демалыстың орнанизмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. 
Балалар таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиенлық дағды 
болып табылады. 
Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбынан күн тәрітбі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, 
демалыс тәртібі мен үйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің 
күн тәртібінің элементтерінің ең дүрыс үзақтығын білуі оны өмірде дүрыс пайдалана білуі керек. 10 
жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін қүрастыра алуы тиіс. 
Жоғары сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлүмат алып, 
бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы 
керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі үйқының жағдайы мен үзақтығын дүрыс бағалай білгені дүрыс. 
74 

Абай атындагы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
75 
Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастархан басына отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды 
пайдалана білуден түрады. Мүнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағ-
дыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, 
минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады. 
Жарақаттану - балалар мен жасөспірімдер өлімінің негізгі себептерінің біріне жатады. Оқушыларға 
осы жайында жүргізілетін дүрыс гигиеналық тәрбиенің профилактикалық маңызы өте үлкен. Бүл тақы-
рыпта мектеп оқушыларына (бастауыш және орта сыныптар) жол қозғалыс ережелерін оқытып, таныс-
тыру - басты мақсат. Мектепте және түрмыста жарақаттанудың алдын алу үшін оның тал, бүталардан, 
баспалдақтардан, балкондардан қүлау жағдайлары, асхана пышағын, қайшыны, газ плитасын, электрлі 
заттарды дүрыс пайдаланбаудан болатын қателіктер талқыланады. 
Мектеп оқушылары төменгі сыныптан бастап жеңіл-желпі жарақат алғанда, кесіп алғанда, тырнал-
ғанда, сырылып кеткенде, күйікте, мүрны қанағанда т.б. жағдайларда алғашқы медициналық көмек 
көрсету тәсілдеріне үйренеді. 
Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру- рационалды тамақтану, күн тәртібін және бас гигиенасын 
сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру үзақтығын 7-10 жылға үзартады деп санайды. Деке 
бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы 
қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жүқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп 
оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс. 
Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге 
оқытып, дағдыландыру қажет: 
- қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнаған 
соң т.б.) мүқият жуу; 
- денені белге дейін және аяқтарды жуу; 
- тісті күту; 
- шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау; 
- бөлмелерді дүрыс жиыстырып, желдетіп отыру. 
Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан 
сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық 
тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру 
болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп 
ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. 
Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап 
алуы, қүрал-саймандарды дүрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау 
жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. 
Барлық жастарда техникалық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. 
Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сүрақтарға тоқталады. Соның 
ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен 
хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мүндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер 
балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық 
қарым-қатынас жағынан да дүрыс мінез-қүлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жүмыстары 
жүргізіледі. 
Темекі шегудің кең таралуы және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы - медицинаның ең 
маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе бойынша санитарлық ағарту орнының ғылыми-зерттеу 
институтының жан-жақты ғылыми зерттеулері негізінде бірқатар заңдар мен ағарту сипатындағы шара-
лар өңделіп, шығарылған болатын. Сонымен қатар, Бүкілодақтық Денсаулық сақтау үйымының Еуропа-
лық аймақтық бюросы темекі шегетіндердің жасы жылдан-жылға жасарып бара жатқанын көрсетеді. 
Осыған орай, егер бүгінгі күні шылыммен танысу балаларда жасөспірім жаста ғана емес, 10-12 жаста, 
тіпті одан да ертерек басталатындықтан, балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің зиянды әсері 
жөнінен гигиеналық тәрбие беру - міндетті шара. Темекі түтінінің адам денсаулығына әсері туралы 
мәліметтермен өсіп келе жатқан үрпақтар ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де толық 
хабардар емес. 
Темекі түтінінің адам денсаулығына зиянды әсерлері: 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
76 
1. Темекі шегетіндер қан айналу жүйесінің ауруларымен (атерсклероз, стенокардия, гипертония, 
миокард инфаркті) темекі шекпейтіндерге қарағанда жиі зардап шегеді. Әрбір тартылған темекі қан 
тамырларының 20-30 минутқа дейін тарылуына әкеліп соғады; 
2. Никотин адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Aлғашқыда орталық ми қыртысын қоздырады, 
соңынан тежейді, әлсіретеді; 
3. Темекі шегу зат алмасуды және организмдегі витаминдердің сіңуін бұзады. Темекі құмарлардың 
басым бөлігінде авитаминоз байқалады. 
4. Никотин асқазанның кілегей қабатының қабыну процестерін шақырып, ас қорыту жолдарының 
қабынуына ықпал етеді. Aсқазан жарасы ауруының 98% темекі шегетіндер құрайды; 
5. Никотин жыныс гормондарының өндірілуін және жыныстық белсенділікті төмендетеді. 
6. Темекі түтінінде концерогенді заттар табылған. Өкпе және асқазан рагі темекі шегетіндерде темекі 
шекпейтіндерге қарағанда бірнеше есе жиі кездеседі; 
Қазіргі кезде алкоголизм мәселесі де шындап көңіл бөлерлік мәселелердің бірі болып отыр. Aлкоголь-
дік ішімдіктерді нысапсыз пайдаланудың қаіптілігін ерте заманның өзінде-ақ түсінген, ал қазіргі кездері 
ол көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы дәлелденген. Aлкоголь нәрестенің құрсақта жатқан 
кезінен бастап, оның даму жолдарының барлық кезеңдерінде организмге кері әсер етерін тигізеді: 
1. Aқыл-ойының дамуы төмен 100 баланың ішінде 90-ны алкогольдік маскүнемдік жағдайында 
ұрықтанғандығы дәлелденген. 
2. Жүкті әйелдердің алкогольді интоксикациясы, туа пайда болған ақаулар (жүректің туа пайда болған 
ақауы, аяқ-қолдардың анамалиясы, қылилиық және т.с.с.) санының өсуіне әкеліп соғады. 
3. Aлкоголь орталық жүйке жүйесін, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды, дәрілердің әсерін 
бұрмалайды, қызмет қабілетін және ақыл-есін кемітіп, адамның жеке басын аздырады. 
4. Aвтомобиль апатының 30% көбінің себебі алкогольдік маскүнемдік болып табылады. 
5. Маскүнемдер арақ ішпейтіндерге қарғанда екі есе жиі ауырады. Бұрынғы кездерде де, қазіргі 
уақытта да маскүнемдікке қарсы әр түрлі шектеулер мен заңдылықтар қабылданған. 
Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі қызметкерлердің және ата-аналардың санитарлық сауат-
тылығы төмен болған жағдайда, өсіп келе жатқан ұрпақтарға гигиеналық тәрбие берудегі белсенді жұ-
мыстардың өзі қажетті тиімділікті бере алмайды. Бұл сұрақты дұрыс шешу, балалар мен жасөспірімдерді 
гигиеналық тәрбиелеу - жанама түрде, яғни олардың ата-аналарына да әсер ету арқылы жүзеге асады. /6/ 
Бұл жұмыс бала өмірге келісімен, алғашқы патронаж жасаған кезден бастап жүргізілуі керек. Бала 
бала-бақшаға барған күннен бастап, таңертеңгі қабылдау кезінде топтық және жалпы ата-аналар 
жиналыстарында әңгіме немесе инструктаж түрінде жүргізіледі. Санитарлық сауаты төмен ата-аналармен 
жеке әңгіме жүргізудің маңызы зор. Әсіресе мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жедел ішек 
аурулары пайда болған кезде бұл жұмыстың маңыздылығы жоғары болады. 
Aта-аналар үшін дәрістер оқып, ашық есік күндері, конференциялар, фильм демонстрацияларын 
жүргізу, және көрнекті құралдар арқылы әңгімелер өткізу. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі 
қызметкерлер: директорлар, меңгерушілер, педагогтар, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер, 
салауаттандыру лагерьлерінің бастықтары, асхана қызметкерлері және техникалық қызметкерлер міндетті 
түрде гигиеналық дайындықтан өтуі тиіс. 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарга арналган 
"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президенттщ 2010 жылғы 
29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген. 
1. 2002 жылғы 8 тамызда қабылданган Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Заңы. 
2. Социальная гигиена (медицина) и организация здравоохранения: Учебное руководство / Под ред. 
Ю.П. Лисицына. -М., 1998. 
3. Тынышбаева А.А. Здоровье детского населения: основные направления социальной политики защиты детей. 
//Международный конгресс по изучению Азии и Северной Африки 10 - 15 сентября 2007 г. - Ankara, 2007. - 807 с. -
С. 741. 
4. Неменко БА. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы /Оқулық. - Алматы, 2002.- 344 б. 
5. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. - М.: Медицина, 2004. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет