Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет53/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Уақыты: 10-15 минут 
Процедура: екі минут ішінде компьютердің тышқан құрылғысын басқа 
мақсаттарда қолдануға арналған кӛптеген құралдарды тауып, оларды жазып
алыңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: 
1. Қарапайым және таныс заттарға жаңа функцияларды ойлап табу қиын 
болды ма? 
2. Бұл жаттығуды орындау барысында не ойладыңыз? 
 


122 
 
Сурет 13 - «Инновациялық технологиялар және олардың ӛлшемдері» 
тақырыбы бойынша жасалған веб квест кӛрінісі 
(
https://www.learnis.ru/edit/323411

Квест технологиясының цифрлық технологияларға негізделген веб квест 
формасы болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда кеңінен пайдаланылды. Практикалық сабақтар барысында 
білім алушылар оқытушы тарапынан ұсынылған веб квесттерді шешіп
шағын топтарда жұмыс жасады. Сонымен қатар, дәріс мазмұндары бойынша 
үй тапсырмасы ретінде шағын веб квесттерді құрастыру тапсырмаларын 
орындады
Электронды портфолио технологиясы. 
Тапсырма 1. 
Практикалық сабақтарда әзірлеген оқу тапсырмаларыңыздың жауаптарын 
электронды портфолиоға орналастырыңыз. 
Сурет 14 - Білім алушының электронды портфолиосы үлгісі 
 
Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Педагогикалық технология» ұғымына жалпы 
түсінік. 


123 
Мақсаты: Білім алушыларда педагогикалық технология ұғымының мәні 
туралы түсіндік қалыптастыру. 
Практикалық тапсырмалар 
Learningapps.org дидактикалық тапсырмалар құрастыруға арналға 
онлайн платформасында «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар»
Сурет 15 - Тапсырма үлгісі
(https://learningapps.org/display?v=p0hydd0sn20)
элективті курсының тақырыптарына сәйкес жаттығулар дайындалды. 
«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік тақырыбына сәйкес 
берілген анықтамалардың авторларын табу тапсырмасы берілді. Тапсырмада 
білім алушылар берілген анықтамаларға дұрыс авторлардың атын қойып
жаттығуды орындауы тиіс:
«Педагогикалық технологиялардың негізгі құраушылары» және «ойын 
технологиясы» тақырыптарына сәйкес бос орындардың орнын толтыру 
ойыны дайындалды, тапсырма бойынша білім алушылар берілген бос 
орындарды дұрыс сӛздермен толықтыруы тиіс:
Сурет 16 - Тапсырма үлгісі
(https://learningapps.org/display?v=p7i7rs31c20)


124 
Технологиялық карта тақырыбы бойынша В.Монаховтың болжауды 
құру аксиомаларын ретпен қою жаттығуы берілді. Тапсырмаға сәйкес 
берілген 7 аксиоманы ретімен орналастыру қажет.
Сурет 17 - Тапсырма үлгісі
(https://learningapps.org/display?v=p903qyag320)
Сонымен қатар, жіктеу ойыны негізіндегі жаттығуда «Білім жүйесінің 
түсініктері» мен «Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарының» 
түсіндірмелеріне атауларын орналастыру арқылы жіктеу тапсырмасы берілді. 
Сурет 18 - Тапсырма үлгісі (
https://learningapps.org/display?v=pjovp864c20)
«Креативті педагогикалық технология және оны іске асыру» 
тақырыбын бекіту мақсатында «Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік 
ойынының негізінде дайындалған жеңілден қиынға бағытталған деңгейлес 
сұрақтар дайындалды.


125 
Сурет 19 - Тапсырма үлгісі
(https://learningapps.org/display?v=pq7bcpvja20) 
 
Тапсырма 2. Педагогикалық жағдаяттарды шешіңіз: 
Педагогикалық жағдаят № 2. 
7-сынып оқушысы информатикадан үй тапсырмаларын жүйелі түрде 
орындамады, тіпті дәптерлерге қол тигізуге тырыспады. Мұғалім үнемі, күн 
сайын оны күнделікке және журналға қояды. Бірде мұғалім: «Марат сізде пән 
бойынша екіліктер бар, ал бүгін тағы біреуі пайда болады, және сіз үй 
тапсырмасын орындағанша солай болады», - деді. Оқушы «Ал, қойыңыз!» 
деп жауап берді.
Шешімі: ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет