Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет64/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


174 
ҚОСЫМША В 
 
«Педагогикалық жағдайлар» әдістемесі 
Бұл әдістеме адамның педагогикалық қабілеттерін сипатталған 
бірқатар педагогикалық жағдайлардан қандай жолмен табатындығына қарай 
бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеуді бастамас бұрын субъект келесі 
мазмұндағы нұсқауларды алады: 
«Сіздің алдыңызда бірқатар күрделі педагогикалық жағдайлар тұр. 
Олардың әрқайсысының мазмұнымен танысып, берілген жағдайға жауап 
берудің 
ұсынылған 
нұсқаларының 
арасынан, 
сіздің 
ойыңызша, 
педагогикалық тұрғыдан ең дұрысын таңдау керек. Егер ұсынылған жауап 
нұсқаларының ешқайсысы сізге сәйкес келмесе, онда сіз таңдау үшін 
тізімделген барлық баламалардан кейінгі екі жолға ӛзіңіздің нұсқаңызды 
кӛрсете аласыз. Бұл жағдайда жауаптардың 7-ші және одан кейінгі нұсқалары 
болады». 
1-жағдай 
Сіз сабақты бастадыңыз, барлық оқушылар тынышталды, үнсіздік 
болды, кенеттен сыныпта біреу қатты күлді. Сіз бірдеңе айтуға үлгермей, 
күлген оқушыға сұраулы және таңданыспен қараған кезде, ол сіздің кӛзіңізге 
тіке қарап: «Мен сізге қарағанда әрдайым күлкілі кӛремін, ал сіз сабақ 
бастағанда күлкім келе береді». Сіз бұған қалай қарайсыз? Тӛмендегі 
тізімнен сәйкес нұсқаны таңдап, белгілеңіз. 
1. «Мәссаған!» 
2. «Саған күлкілі ма?» 
3. «Құдай үшін, ӛзін біл!» 
4. «Ақымақсың ба?» 
5. «Кӛңілді адамдарды жақсы кӛремін». 
6. «Сенің кӛңіліңді кӛтергеніме қуаныштымын». 
7. 
 2-жағдай 
Сабақтың басында немесе сіз бірнеше сабақты аяқтағаннан кейін, 
оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете 
алмайсыз» деп мәлімдейді. Сіздің жауабыңыз: 
1. «Сенің жұмысың мұғалімді оқыту емес, сенің жұмысың – оқу». 
2. «Сен сияқтыларға, әрине, мен ештеңе үйрете алмаймын». 
3. «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысасың, немесе басқа мұғалімнен сабақ 
аларсың?» 
4. «Сен жай ғана оқығың келмейді». 
5. «Сен неге олай ойлайтының маған қызық». 
6. «Бұл жайлы ашық сӛйлесейік. Сені мұндай ойға итермелейтіндей, мүмкін 
менің іс-әрекетімде бір нәрсе бар шығар». 
7. 
3-жағдай 


175 
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, бірақ ол оны орындағысы келмейді 
және сонымен бірге: «Мен мұны жасағым келмейді!» деп мәлімдейді. - 
Мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек? 
1. «Қаламасаң - қалайтындай етеміз!» 
2. «Сен онда не үшін оқуға келдің?» 
3. «Ӛзіңе жаман, сауатсыз болып қала бер. Сенің іс-әрекетің, бетіне ренжіп, 
мұрнын кескен адамның әрекетіне ұқсайды». 
4. «Сен үшін бұл қалай аяқталуы мүмкін екендігін түсінесің бе, ӛзің?» 
5. «Неге екенін түсіндіріп бере аласың ба?» 
6. «Кел отырық талқылайық – мүмкін сенікі дұрыс шығар». 
7. 
4-жағдай 
Оқушы ӛзінің оқу жетістігіне кӛңілі толмайды, ӛзінің қабілетіне және 
материалды ешқашан дұрыс түсініп, меңгере алатындығына күмәнданып, 
мұғалімнен сұрайды: «Қалай ойлайсыз, мен үздік оқып, сыныптағы басқа 
балдардан қалмай оқуым мүмкін бе?» - Мұғалім бұған не деп жауап беруі 
керек? 
1. «Шынымды айтсам - күмәнім бар». 
2. «Әрине, сен күмәнданбасаң да болады». 
3. «Сенің қабілетің керемет, және мен саған үлкен үміт артамын». 
4. «Неге сен ӛзіңнен күмәнданасың?» 
5. «Кел сӛйлесейік және сенің мәселеңді анықтаймыз». 
6. «Кӛп нәрсе сенімен бірге қалай жұмыс істейтімізге байланысты». 
7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет