Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге



Pdf көрінісі
бет25/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге 
араласуға құқығы 
1. Әрбір баланың сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына,
өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, 
қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың 
нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген бейбіт 
жиналыстарға өз еркімен қатысуға құқығы бар. 
2. Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық 
бейімділігін, 
әлеуметтік 
белсенділігін, 
ғылыми, 
техникалық 
және 
көркем 
шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншігін қорғауды, балалардың 
өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет 
ескерткіштерін қорғауды өзіне мақсат тұтатын, қайырымдылық істеріне қатысатын, мәдени 


37 
және спорттық өмірге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық 
ұйымдарға жәрдемдеседі. 
12-бап. Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы 
1. Әрбір баланың дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды дамуы үшін 
қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар. 
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар 
жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. 
13-бап. Баланың мүліктік құқықтары 
1. Әрбір баланың заңмен белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз ата-анасынан және 
отбасының басқа да мүшелерінен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, 
жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер ретіндегі тиесілі сомалар ата-анасының 
(олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және олар баланы күтіп-бағуға, 
оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (5-
бөлім). 
2. Әрбір баланың заңдарда белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды 
өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, 
стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және интеллектуалдық меншік құқығы 
объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденіп алуға және оларды жүзеге 
асыруға құқығы бар (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 22-25-баптар). 
3. Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық 
көмек ретінде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы. 
4. Әрбір баланың өзі тапқан табысқа, өзі сыйға немесе мұра ретінде алған мүлікке, 
сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікке меншік құқығы 
бар. 
5. Өз еңбегімен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бірге тұратын болса, 
отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлісуге қатысуға құқылы. 
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет