Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет24/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқыға бар. 
2. Мемлекет дені сау бала тууды қамтамасыз ету үшін ананың денсаулығын сақтау 
жөнінде жағдайлар жасайды. 
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы: 
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын 
қабылдау; 
2) балалардың саламатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру; 
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік 
қолдау; 
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар 
ауруларының алдын алу; 
5) білікті медициналық көмек көрсету; 
6) баланың дені сау болып өсіп жетілуіне қажетті қолайлы қоршаған орта жасау; 
7) балалар үшін сапасы тиісті деңгейдегі тағам өнімдерінің өндірілуіне және 
сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. 
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегін 
медициналық көмектің көлеміне кепілдік береді (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз). 
5. Баланың өміріне, денсаулығына және қалыпты өсіп-жетілуіне зиян келтіретін кез 
келген ғылыми тәжірибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады. 
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы 
Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына 
құқылы, ал Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды 
сақтауға құқылы (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз Z980321 56,86-баптар (4-тармақ), 98-бап 
(3-тармақ); Z914800 (24,26,27,28-баптар). 
 
10-бап. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне 
және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы 
1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және 
жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар. 
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін 
және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен 
қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық 
іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың 
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына 
қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет