C. М. Шакирова, ф.ғ. к., ҚазҰлтҚызПУ, Алматы қ. ҚАзақстанның педагогикалық журналдары неден зардап шегуде?


- тезис. Әлсіз методологиялық база



бет8/21
Дата07.01.2022
өлшемі49,2 Kb.
#20952
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
7 - тезис. Әлсіз методологиялық база. Бұл - алдыңғы әлсіздіктің жалғасы. Қазіргі ғылыми еңбектерді оқымай, автор методологиялық бағалылықтан бір нәрсе бере ала ма?! Әлбетте, тар ой-өріс, ғылыми қызығушылық, интеллектуалды әуесқойлықтың болмауы, іздеу дағдыларының дамымауы нәтижелілік зерттеуге тосқауыл болады. Ізденбей, таба алмайсың. Мақала – бұл дипломдық немесе магистрлік жұмыстардың ықшамдалған мазмұны емес. Бұл - ғылыми жазбаның өзіндік жанры. Ғылыми мақаланың өзіндік ережесі, міндеттері мен орындау техникасы бар. Бүтіндей диссертацияны мақалаға дейін ықшамдап, солайша мақаладан диссертация жасау мүмкін емес. Қазақстанға шақырылған шетелдік ғалымдар ғылыми мақаланың жазылу методологиясы туралы біздің оқытушыларымызға мақаланың ұзақ жазылатынын, тер төгу керектігін, қарапайым емес екені туралы түсінік берген болатын. Мақаланың жазылуына орташа есеппен бір, бір жарым жыл керек. Мақала өз қолымен жүргізілген зерттеу нәтижесінен: сандық, сапалық, теориялық, эмпирикалық, статистикалық және өңделген мәліметтерден тұруы керек.

Өз жұмысыңның методологиялық базасын қалай дамытуға болады? Меніңше, оқу, оқығанға талдама жасау, әртүрлі зерттеулердің нәтижелерін салыстыру, ой елегінен өткізу арқылы дамытуға болады. Яғни, ақыл-ой күші арқылы дамытуға болады. Велосипед ойлап табу әрекеті авторлық біліксіздікті айқындайды. Әлемдегі ғылыми пікірлесудің негізгі ағынынан оқшаулану біздің ғалымдарымызды бәсекеге қабілетсіз етеді және шетелдік зерттеушілер қоғамымен қарым-қатынасты тежейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет