C. М. Шакирова, ф.ғ. к., ҚазҰлтҚызПУ, Алматы қ. ҚАзақстанның педагогикалық журналдары неден зардап шегуде?


- тезис. Авторлар өз жұмыстарын әріптестеріне ресми түрде тексертпейді



бет9/21
Дата07.01.2022
өлшемі49,2 Kb.
#20952
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
8 - тезис. Авторлар өз жұмыстарын әріптестеріне ресми түрде тексертпейді. Менің тәжірибемде жалғыз зерттеуші, профессор, экономика ғылымдарының докторы өз мақаласын әкеліп, үстелге қойып: «Оқып шығыңыздаршы, өтінемін. Ертең сіздердің пікірлеріңізді білу үшін келемін» деген еді. Осындай сөзден кейін оның шынымен келетінін және сұрайтынын білесің. Ал мақала екі еселеніп оқылады. Ертеңіне өз пікіріңмен бөліскенде, ол сені мұқият көңіл қойып тыңдайды, дауласуы да мүмкін, шын мәнінде, өзінің зерттеушілік қиялымен жалғастырады, риза болып кетеді. Біздің авторлар, тек ойланбайтын магистрант немесе диссертант басылымға дейін өз жұмысын ешкімге көрсетпейді. Ал мақала жарияланғанда ұялғансып, асығыс түрде, оның шыққандығын айтады. Сонымен болды. Шығармашылық азаптану болған жоқ, күмән болмады, жұмыстағы келеңсіздік, нәтиже де толғандырмайды. Есеп беру кестесіне енгізілді, кафедра меңгерушісіне өткізді, мені жайыма қалдырыңдар. Яғни, бұл мақала авторлардың өздері үшін қызықты емес болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет