«центр инноваций в образовании» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата03.03.2017
өлшемі8,96 Mb.
#6452
түріУрок
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56

Қандай қорытынды жасауға болады? 

 

(Адам спортпен, волейболмен  айналысса дені сау болады, ауырмайды, өмірі 

ұзын болады, сұлу болады) 

IV.Сергіту  сәті  

«Қара жорға» биін интерактивті тақтада ойнатылады, соны қайталап билейді, 

бойларын жазады 

V. Грамматикалық жаттығулар:  

Дәптерлерде жұмыс.   

Жіктеу: Волейболшы (1 оқушы тақтада) 

Тәуелдеу: Волейбол (1 қатар) 

Септеу: Волейбол (2 қатар) 



(Бір – бірін тексеру)  

Сөздер арқылы мәтін құру. (Мен болашақта волейболшы боламын. Менің 

досым волейбол үйірмесіне қатысады.) 

Қорытынды: Волейбол сөзін жақсы пайдалану білесіңдер. 

VI.Флипчарт арқылы жұмыс 

1.Дұрыс сөйлемдерді табыңдар. 

Мен спортпен айналыспаймын. 

Маған волейбол  үйірмесі ұнайды. 

Мен волейбол жарысына қатысамын. 

Мен Қазақстан намысын қорғаймын. 

Спорт адамға пайдалы. 

Біздің мектепте волейбол үйірмесі жоқ. 

2. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып, жазу.  

 1. (Күнде, таңертең) я занимаюсь гимнастикой.  

 2. (Сенбі күні) с семьей выезжаем в горы.  

3. (Аптасына екі рет ) хожу в спортивный зал на тренировки.  

 4.Тренировки (5-6 сағат) проводятся.  

5.Заниматься спортом(ұнатамын).  



3. Диалогты төменде берілген сөз тіркестерімен толықтырып сөйлесу.  

 Сен ертеңгілік жаттығумен күнделікті шұғылданасың ба?  

 - ......................................................................................  

 - Спорт туралы бағдарламаны қашан көресің?  

 - ..................................................................................................  

 - Спорт үйірмелеріне қашан барасың?  

 - ..................................................................................................  

 - Туристік базаға қай кезде барып тұрасың?  

 - ...................................................................................................  

 Керекті сөз тіркестері: әр таңда, апта бойы, бос уақытымда, жолдастарымен 

келіскен күні.  

VII. Қорытынды:  

Спорт қандай дәстүр? 

Волейбол туралы не білдіңдер? 

Волейбол қандай ойын? 



VIII.Рефлексия:  

«Бүгін алған әсерім» 



 

Нені меңгердім? 

Нені білемін? 

Не ұнады? 

Не істей аламын? 

 (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі) 



IX. Үй жұмысы  Синквейн - спорт сөзіне 

 

Қазақ әдебиеті. Сынып: 9 

Есбатырова Гүлнара Әшенқызы 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

жоғары санатты 

«Ілияс Жансүгіров. Құлагер шешең – сұңқар, әкең – тұлпар» 

Сабақ типі: аралас сабақ 

Сабақ түрі: зерттеу сабақ 

 «Құлагер шешең – тұлпар, әкең – сұңқар» атты сабақ дамыта оқыту сабағы  

түрінде  өтті.  Сатылай  кешенді  талдау,  проблемалық  оқыту,  сұрақ-жауап, 

мәнерлеп  оқу,  баяндау,  түсіндіру,  салыстыру,  іздену  сияқты  сабақ  әдістері 

қолданылды.  Ілияс  Жансүгіров,  Ақан  сері  Қорамсаұлының  суреттері,  қанатты 

сөздер,  сюжетті  суреттер,  баспасөз  материалдары,  тірек  сызба,  кластерлер, 

презентациялар,  нақыл  сөздер,  сөзжұмбақ    сабақтың  жабдығы  ретінде 

пайдаланылды.  Оқушыларға  өтілетін  тақырып  бойынша  ізденімпаздық, 

байқампаздық  қасиетін  қалыптастыру,  белсенділігін  арттыру,  еліне,  тарихына, 

деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық дәстүрлерді қадірлеумақсатында алдын-

ала  тапсырмалар берілді. Жаңа сабақта оқушылар І.Жансүгіров пен Ақан сері 

Қорамсаұлының  өмірі  мен  шығармашылығымен,  «Құлагер»  поэмасымен, 

қазақтың  «Ас  беру»,  «Бәйге»  тәрізді  дәстүрлерімен  тарихи  деректермен 

толықтыра отырып танысты.  

Сабақтың  тақырыбы:  Ілияс  Жансүгіров.  Құлагер  шешең  –  сұңқар,  әкең  – 

тұлпар. 


Сабақтың мақсаты: шығарманың мазмұнын меңгерту, тарихи фактілерге назар 

аударту,  Ақан  мен  Құлагердің  құдіреттілігіне  көз  жеткізу.  Бұл  оқушылардың 

ізденімпаздық,  байқампаздық  қасиетін  қалыптастырады,  тапқырлыққа,  ой 

еркіндігіне,  зерделілікке  баулиды,  тіл  байлығын  тереңдетеді,  мәнерлеп  оқу 

мәдениетін жетілдіреді, өз ойларын айта білуге дағдыландырады, белсенділігін 

арттырады.  Бұл  міндеттердің орындалуы үшін қажетті ресурстардың  бәрі бар: 

интерактивті  тақта,  флипчарттар,  портреттер,  қанатты  сөздер,  сюжетті 

суреттер,  баспасөз  материалдары,  карта,  тірек  сызбалар,  сөзжұмбақ, 

презентациялар. 

Сабақтың типі: аралас сабақ 

Сабақтың түрі: зерттеу сабақ 

Сабақтың  әдісі:  сатылай  кешенді  талдау,  проблемалық  оқыту,  сұрақ-жауап, 

мәнерлеп оқу, баяндау, түсіндіру, салыстыру, іздену. 

Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка. 



 

Сабақтың  көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  флипчарттар,  презентациялар,  Ілияс  

Жансүгіров,  Ақан  сері  Қорамсаұлының  суреттері,  қанатты  сөздер,  сюжетті 

суреттер, баспасөз материалдары, карта, тірек сызба, музыка.  

Сабақтың эпиграфы: 

«Құлагер – ат жүйрігі болса, Ақан – ақын жүйрігі». (М. Қаратаев) 

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру. 

Үй  тапсырмасы.  «Құлагер»  поэмасын  мәнерлеп оқу,  «Ас»  дәстүріне,    «Бәйге» 

ұлттық ойынына презентациялар жасау. 

Жаңа сабақ. 

1. Презентация. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. 

2. Презентация. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы. 

3. «Құлагер» поэмасы туралы мұғалім сөзі. 

4.Тірек сызбамен жұмыс 

Ақан сері – ақын, әнші, сазгер. 

Құлагер – Ақан серінің тұлрапы. 

Сағынай – елге сыйлы би. 

Батыраш – атбегі, бай адам. 

Көктұйғын – Батыраштың тұлпары. 

Ереймен – жер аты, ас өтетін ел. 

Бала – Құлагерге мініп бәйгеге шабатын бала. 

Қараған – бұта тектес өсімдік. 

Көкөзек – Құлагер мерт болатын жер. 

5. Поэманы оқу, талдау.  

Жоспар. 

1. Арқадағы Сағынайдың асы. 

2. Құлагерді баптаған – Ақан сері. 

3. Көктұйғынды баптаған – Батыраш. 

4. Санақшының саны. 

5. Ақанның балаға берген кеңесі. 

6. Бәйге шабыс. 

7. Көкөзектегі оқиға. 

8. Ақан серінің күйініші. 

      6. Сұрақтарға жауап беру. 

1) І.Жансүгіровтің шығармаларын атаңдар.  

2) Ақан сері кім? 

3) Ақан серінің балаға қандай кеңес берді?.  

4) Көкөзекте қандай оқиға болды? 

5) Құлагерді кім, не үшін өлтірді? 

6) Поэма тек Құлагер жөнінде ме? 

7) «Ас» фильмін кім түсірген?  

8) Ақан серінің күйініші суреттелетін жерді тауып оқыңдар. 

9) «Құлагер» әнін мәнерлеп оқы. 

10)  Поэмада қазақтың қандай салт-дәстүрлері кездеседі? 

11) Ақан сері Құлагерді кімнен, қалай сатып алған?  

7. Презентация. Ас (дәстүр).  



 

Ас  –  дүниеден  өткен  ең  белгілі  адамдардың  жылы  толғанда  оған 

жасалатын  ақырғы  зор  құрмет  және  ұлы  жиын.  Аста  жүздеген  ордалар,  киіз 

үйлер  тігіліп,  үш  жүзге  сауын  айтылады.  Асқа  белгілі  батырлар,  билер, 

ақындар,  балуандар,  әншілер,  жыршылар,  көкпаршылар  шақырылып,  бәйгеге 

жүйрік  аттар  келеді.  Аста  елдің  бірлігі  мен  байлығы,  мырзалығы,  біліктілігі 

сынға түседі. 1860 жылы Ерден Сандыбайұлына берілген аста 500 үй тігілген, 

160 жылқы, 200 қой сойылған. Бас бәйге 100 жылқы болған. Мұның сыртында 

шақырылғандар әруаққа деп малын, қымызын әкеледі. 

8. Презентация. Бәйге (дәстүр).  

Бәйге  –  тойда,  аста,  мерекеде  балуанға,  жүйрік  атқа,  ақынға  берілетін 

жүлде.  Мысалы  Лабақ  Қуатұлының  асында  бас  бәйгеге  100  жылқы,  1  отау,  9 

нар,  9  ат,  9  құндыз  тігілген.  Аты  озып  бәйге  алғандар  оның  бәрін  еліне  алып 

кетпейді.  Оның  біраз  бөлігін  ақсақалдармен,  жолдастарымен,  туыстарымен 

бөліседі.  Бұл  –  жомарттық  ғұрып.  Бәйге  –  қазақ  халқының  рухани,  мәдени 

дәрежесін көтеретін және көрсететін үлкен дәстүр.  

9. Презентация. Ақан серінің жан серіктері. 

Тұлпары – Құлагер 

Қаршығасы – Көкжендет  

Қыраны – Қараторғай 

Тазысы – Базарала 

10. Сатылай кешенді талдау. 

1.Авторы – Ақан сері Қорамсаұлы. Шын аты – Ақжігіт. 

2. Тақырыбы – ақынның жан серігіне айналған тұлпары, оның өлімі, болашаққа 

деген үміт. 

3. Жанр түрі  – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз  – белгілі бір өлшеммен қиыннан 

қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. 

4.  Өлеңнің  идеясы  –  ел  абыройын,  ер намысын  көтерген Құлагердей  жүйрікті 

дәріптеу  және  оны  өлтірген  зұлымдыққа  лағынет  айту.  Зұлымдық  пен 

қатігездікті  әшкерелеу.  Идея  дегеніміз  –  тақырып  арқылы  автордың  айтайын 

деген ойы мен мақсаты, арманы. 

5. Шумақ саны – 29 шумақ 

6. Тармақ саны – 116 тармақ 

7. Бунақ саны – 3 бунақты 

8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы. (-а-а-б-а) 

9. Әдеби теориялық ұғымдар: 

Теңеу – ұшқан құстай, бердеңкедей, доптай, Ақандай. 

10.  Тәрбиелік  мәні.  Өлең  Құлагердей  тұлпарды  аялауға,  оған  қастандық 

жасағандардың  озбырлығын  әшкерелеуге,  зұлымдық  пен  жауыздықтан  аулақ 

болуға үйретеді. Ақын жанының қайғысын да қуанышын да ортақ сезіне білуге, 

қамқор болуға тәрбиелейді. Бұл өлең – Құлагердің басына тұрғызылған күмбез. 

Сабақты қорыту.  

1.Ақын  Кәкімбек  Салықовтың  мына  өлеңін  оқып  «Ақан  сері  кім?» 

сұрағына  жауап  алу.  (Ақан  сері  –  тұлпар,  сұңқар,  дана,  «бір  сырлы,  сегіз 

қырлы», сері, аққан сел, ақтангер, саятшы, бапкер, ұстаз, ел ағасы, Құлагердің 

жан досы.) 



 

Ұқсаған тұлпарға да, сұңқарға да, 

Болғаны қандай жақсы атаң дана. 

«Бір сырлы, сегіз қырлы» бар қазақта, 

Атасы серіліктің Ақан ғана. 

 

Сұлу саз, асыл жырдың аққан селі, 



Кемеңгер әншіліктің ақтаңгері. 

Саятшы, бапкер, ұстаз, ел ағасы, 

Жан досы Құлагердің Ақан сері. 

                        (Кәкімбек Салықов) 

2. Сөзжұмбақ. «Жансүгіров» 

1. І. Жансүгіровтің романы  

2. «Құлагер» поэмасы бойынша түсірілген фильм  

3. Ақан сері кім? 

4. І. Жансүгіровтің туған жері) 

5.  І.  Жансүгіровтің  адамның  рухани  өміріндегі  музыканың  рөлін  көрсететін 

поэмасы  

6. Ақан серінің Құлагерге арнаған әні    

6. Ақан серінің шын аты     

7. Сағынайдың асы өткен жер     

8. Ақан серінің құсы     

9. «Ас» фильмінің режиссері    

 

 

 



 

 

 





Ж  о 

л 

д 



а 

с 

т 



а 

р 

 



 

 

 



 

 



А 

с 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



а 

қ 



ы 

Н   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



а 

қ 



С 

у 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



к 

Ү 

й 

 



 

 

 



 

 

 



м 

а 



ң 

м 

а 



ң 

Г 

е 

р 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



а 

қ 



ж 

І 

г 

і 



т 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



е 

Р 

е 

й 



м 

е 

н 



 

 

 



 

қ 



а 

р 

а 



т 

О  р 

ғ 

а 



й 

 

 



 

 

м 



а 

н 

с 



ұ 

р 

о 



В 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Арттағыға сөзі мен ісі қалған, өлсе де өлмегенмен болады тең» - деп ұлы Абай 

айтқандай  Ілияс  Жансүгіров  те,  Ақан  сері  де  артына  өшпес  мұра  қалдырып 

кеткен дарын иелері.  

Үйге  тапсырма.  «Құлагер»  поэмасын  мәнерлеп  оқу.  «Құлагер  трагедиясы  – 

Ақан трагедиясы» тақырыбына эссе жазу. 

Сабақты бағалау. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Жансүгіров  Ілияс.  Құлагер.  Поэмалар  мен  өлеңдер.  Алматы,  «Жазушы», 

1974 


2.

 

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” 



ЖШС, 2005 

 

3.

 



Оразахынова  Н.А.  Қазақ  тілі  сабағында  сатылай  комплексті  талдау 

жүргізу. А., 1997 

4.

 

Білім  технологиялары=Образовательные  технологии:  республикалық 



ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. - Алматы, 2010, №6 

 

Қазақ тілі.

 Сынып: 9 

Жалпакова Балдырған Жалғаспайқызы 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  

жоғары санатты 

«Ақпарат құралдары» 

Сабақтың

 

түрі:  зерттеу сабақ 

Сабақтың типі: аралас сабақ 

Сабақта  оқушылардың  танымдық,  коммуникативтік,  шығармашылық, 

функционалдық  сауаттылығын,өз  ойын  еркін  жеткізе  білуін  және  өз  бетінше 

жұмыс  істеу  қабілеттерін  арттыру  мен  қалыптастыруда  әр  түрлі  тәсілдер 

ұсынылады: «ішіне-сыртына», «ой толғау», «логикалық қатарлар»,  

«жалпақ,  жіңішке  сұрақтар»,  «дұрыс-бұрыс»  стратегиялары,  тірек-сызбалар, 

грамматикалық  талдаулар.  Жұмыстың  әр  түрлері  оқушылардың  танымдық 

мәдениетін,  тілдік  және  интеллектуалдық  икемділіктерін  жетілдіреді,  олардың 

ойлау қабілеттерін арттырады, оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істей алу 

дағдыларын дамытады. 



Сабақтың  мақсаты:  бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы  білімдерін 

қалыптастыру,    өмірдегі  орнын  ұғындыру,  функционалдық  сауаттылығын 

арттыру.Бұл 

оқушылардың 

ізденімпаздылық, 

байқампаздық 

қасиетін 

қалыптастырады, өз ойларын жеткізе білуге үйретеді, өздігінен жұмыс істей алу 

дағдыларын  дамытады.  Бұл  міндеттердің  орындалуы  үшін  қажетті  ресурстар 

бар:  интерактивті  тақта,  презентациялар,  слайдтар,  флипчарт,  семантикалық 

карта, тірек-сызбалар. 

 Сабақтың  ұраны:  «Жаңа  технологиялар  ақпаратты  алу  мен  таратудың  кең 

мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оны байыптайды» (Я.Засурский) 



Сабақтың  әдістері:  сұрақ-жауап,  топтық жұмыс,  талдау,  сөйлестіру,  сұрақтар 

стратегиясы, іздену жұмысы, ой толғау, ішіне-сыртына стратегиялар 



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба,тақырыпқа байланысты 

материалдар, презентациялар,семантикалық карта, слайдтар, флипчарт 



Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, тарих 

Сабақтың өту барысы.  

І  Ұйымдастыру  кезеңі.  а)  Оқушылармен  сәлемдесу,  сабаққа  дайындығын 

тексеру. Психологиялық дайындық жасау. 



 ІІ Үй жұмысын тексеру.Кіріспе 

 

тест «Ақпарат құралдары» 



1.Тұңғыш қазақ газеті қай жылы шықты?  

А) 1870 ж. В) 1912 ж. С) 1900 ж 



 

2.  “Үлгі  аларлық  тұлғаларды  теледидардан  көрсеткендіктен,жастар  жақсы 

тәрбие  алады.”А)  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  В)  себеп  бағыныңқылы 

сабақтас С) шартты бағыныңқылы сабақтас 

3. Интернет қайда пайда болды? А) Еуропада  В) Ресейде  С) АҚШ-та 

4.Қазақ 


тұңғыш 

журналистері?А)А.Байтұрсынов,Р.Дүйсебаев  

В)Е.Абылайханов,Д.СұлтангазинС) М.Сералин,Ы.Алтынсарин 

5.Радио байланысты алғаш ойлап тапқан кім?А)А.С.Попов   

В) Ә.Байжанбаев  С) В.Радлов 

6.Публицистикалық стиль қайда қолданылады?А) ғылыми еңбектерде  

В) көркем әдебиеттерде  С) бұқаралық ақпарат құралдарарында 

7.”Интернеттің ... шексіз.” А) уақыты   В) мүмкіндіктері  С) байлығы 

8.”Слово найдет правду” А) Орынсыз сөз-өзіңе тиер. В) Сөз сүйектен өтеді.  

С) Сөз шынды табар. 

9. Тұңғыш қазақ газеті? А) “Түркістан уәлаяты” В) “Қазақ” С) “Айқап” 

10. “Ақпарат” сөзіне синоним табыңдар:А) қағида, ереже  В) мәлімет, мағлұмат  

С) мерзім, кезең 

(музыка  үзіндісі,  «Жаңалықтар»  бағдарламасы  интерактивтік  тақтада  қалай 

басталатыны көрсетіледі) –Осылай күнде үйімізге ақпараттар келеді. 

ІІІ  кезең.  «Ой  шақыру»1.Ақпарат  деген  не?  2.  Ақпарат  құралдарына  не 

жатады? 3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не білуге болады? 

4. Бұқаралық ақпарат құралдары дегенде қандай сөздер еске түседі? (Оқушылар 

өз ойларын айтады) 

-Дұрыс,  қазіргі  «Ақпарат  ғасырында»  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  рөлі 

ерекше.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  әлеуметтік  қажеттіліктердің  қатарынан 

бастау  алады.  Ақпарат  құралдары  бүгінде  әрбір  үйдің  күнделікті  қонағына 

айналды.(мұғалім сөзі) 

Сабақты  топтық  түрде  өткіземіз.«Телевидение»,«Интернет»,  «Баспасөз» 

топтары. 

-Топтағы  рольдер:журналист,  тайм-пикер,координатор,  секретарь  және  әр 

топтың өз бағалау парағы бар. 



1тапсырма: «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы алатын орны 

мен  рөлі»  тақырып  бойынша  әр  топ  дайындап  келген  презентацияларын 

қорғайды,  ал  тыңдаушылар  презентациясын  қорғаған  топқа  екі  сұрақтан 

дайындап отырады( жалпақ және жіңішке сұрақтар)  

2тапсырма -Сұрақтар бойынша сұхбат құрастыру( әр топтың ішінде жұптық 

жұмыс )1.Сен білесің бе, Интернеттің мүмкіндіктері күшейіп келеді?  

2.Интернетте қандай жұмыстар жасап жүрсің?  

3.Ақпарат –іздеу порталдарынан не таба аласың? 

4.Ұялы телефон арқылы Интернет жүйесіне қосылуға бола ма?  

5. Интернет арқылы кіммен танысуға болады? 

6.  Теледидарды  көп  қарайсың ба? 6.Балаларға  арналған  жеке бағдарлама болу 

керек  пе?  7.  Қазақстан  Республикасында  қандай  телеарналар  бар?Атап 

беріңдер. 

8. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылады?  



 

9.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады? Оқып тұрасың 

ба?10. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай? 

3 тапсырма- Мәліметтің дұрыс, бұрысын анықтаңдар 

 

Дұрыс 


Бұрыс 

 

1.Газеттерден көп мағлұмат, ақпарат аламыз. 



 

 

2.Газетте ауа райы жайында мәлімет берілмейді 



 

 

3.Интернет  арқылы  дүниежүзінің  кезкелген 



нүктесінде ақпаратқа ие болу мүмкіндік бар. 

 

 



4.Телевидение  адамның  психологиясына  әсер 

етпейді. 

 

 

 



5. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді 

туғызады. 

 

 

 



6.Теледидар мен компьютердің адамға зияны жоқ   

 

 4  тапсырма-Ақпарат-  журналистиканың  әсерлігі  мен  тиімділігін  арттыратын 

фактор, сондықтан журналистикада ақпараттың орны ерекше деуге болады. 

-Ол қандай факторлар екенін тірек сызба арқылы дәлелдеңдер. 



Слайд( тірек сызбалар б/ша  журналистика туралы әңгімелеу) 

                                                  жаңа көзқарасты  

Журналистика                         жаңа ұғымды                           қажет етеді                          

                                                  Жаңаша ойлауды 

Журналистердің  

           ой тереңдігіне 

           сөздің өткірлігіне                                                            ықпалы тиеді 

           қабілеті мен шеберлігін дамытуда   

 

Шындықты айту 



Қажетті,өзекті фактілерді таба білу                                 үлкен жауапкершілікті  

Оны зерттеп халыққа ұсыну                                              талап етеді 



«Ой  толғау»-Журналист  қандай  болу  керек  деп  ойлайсыңдар?  (жоғары 

мәдениетті  адам,  сабырлы,  тартымды,  шетел  тілін  меңгерген,  үлкен 

жауапкершілікті түсіну, өмірге қызығушылығы, тән қасиет, мейірімді, ақылды, 

өз  Отанын  сүйетін,қоғамның  тыныш,  қалыпты  өмір  сүруін  қалайтын  адамдар 

болғаны жақсы. ) 

-Қандай журналистерді білесіңдер? Олар қандай бағдарламалар жүргізеді? 



Слайд «Белгілі Қазақстан журналистері»  

-Қандай бағдарламаларды қарайсыңдар? 

-Мүмкін болашақта біреуіңіз осы мамандықты таңдап аларсыз. 

-Сонда Эрнст Генридің рецебі пайда болар. Эрнст Генри кім деп ойлайсыңдар? 

5 тапсырма-   Кеңестерді қазақша, ағылшынша айтып беріңдер. 



Слайд ( Рецепт журналистам против старения. Э.Генри )  

1.

 



Всегда глядеть на окружающий мир с любопытством.  

2.

 



Ни в коем случае не бросать писать, даже когда нет заданий.  

 

3.

 



Больше читать, писать и задумывать, меньше выступать. 

4.

 



Ни в коем случае не позволять себе скучать.  

5.

 



Чаще встречаться с молодежью. 6.Поменьше говорить о болезнях. 

5тапсырма- Сатылай кешенді талдау- (әр топ өз тапсырмасын орындайды) 



Синтаксистік талдау:«Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына 

әсер етеді.» Морфологиялық талдау: «Көңіл-күйіне»  



Фонологиялық талдау: «Тұрмысына»  

-Қоғамға  әлеуметтік  әсері  жағынан  аудиовизуалды  БАҚ:  радио  мен 

телевидение, интернет пен баспасөз күшті әрі ықпалды болып отыр. 

6 тапсырма- «Ішіне-Сыртына» Мысалы, Баспасөздің оң ықпалына- өзіңмен 

алып  жүруге,  кез-келген  жерге,  ыңғайлы  уақытта,  айналадағыларға  кедергі 

келтірмей  оқуға  мүмкіндік  береді,теріс  ықпалына  -ақпараттық  фантомдарды 

жатқызамыз.  Тұлғаның  ұстанымының  қалыптасуы  мен  өзгеруіне  ықпал  ететін 

тексерілген,  тексерілмеген  және  толық  емес  ақпараттардың  үйлесуі.  Көбінде 

фантомдар адамдарға теріс әсер етеді. 

Телевидениенің  оң  ықпалы-  көңіл  көтеру,  ақпараттық,  рухани  дүние  мен 

мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік қызметтерін атауға болады т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет