Ой дамыту.
АКТ технологиясы.
Слайд. Отбасы
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Отбасындағы ең үлкен адамдарды қалай атаймыз?
-Ал, отбасындағы ең кішкентай мүшелерін қалай атаймыз?
-Дастархан басында ата мен әже қай жерде отырады? (төрде)
- Ал, шәйді кім құйып береді? (ана)
-Балалар дастархан басында қалай отырамыз?
Ыстық орындық.
өз отбасы туралы айтып береді?
Дидактикалық ойын: «Кімге тиісті?»
Балалар заттарды қарап оның кімге тиісті екнін тауып алу керек. Сергіту сәті
Бас барамағым - атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы,
Ортан терек - әкем, отау панасы,
Шылыдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажажры,
Титтей бөбек - мен,бәрінің базары.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау
Сыйлаймын
Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинайымын,
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.
Бір қадам әдісі бойынша жаттау.
Қорытынды.
Сұрақтар ілмегі.
Бүгін кімдер туралы әңгімелестік?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Балаларды мадақтау.
2.Сурет салу
Достарыңызбен бөлісу: |