3-топқа бөлу.
Түстер арқылы топқа бөлу.
1-топ Үлкен аюдың тәрелсесін әшекейлейді.
2-топ Ортаншы аюдың тәрелкесін әшекелейді.
3- топ Кіші аюдың тәрелкесін әшекейлейді.
Үлгі көрсету,түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға,солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Балалардың жұмыстарын бақылау.
Жеке көмек.
Галерея шарлау әдісі.
Балалар бір бірінің жұмысын бағалайды.
Балаларды мадақтау.
3. Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Аттап жүру
Мақсаты: шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру. Көлбеу қойылған баспалдыққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету; кесек ағаштан аттап жүруге үйрету (ауыспалы қадам)
Оқу қызметінің барысы. Балалармен амандасу
Тәрбиешінің артынан саппен жүру.
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойы жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
3.Жалпы даму жаттығулары:
1. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары төменде. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою/5 рет/
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде. Оң және сол иықты көтеріп- түсіру./ 6 рет /
3. Аяқтары алшақ қойылған. Алдыға еңкейіп, қолдарды артқа тығу, денені тік ұстап, қолды алдыға созып алақанды жоғары ұстап көрсету /5 рет/
4. Кеуденің жоғарғы бөлігін сәл еңкейіп, қолдарын тізеге қою; тізесін бүгіп солға қарай (сағат тілімен), одан кейін оңға қарай (сағат тіліне қарсы) дөңгеленіп айналады./6 рет /
5. Орнында тұрып, қол белде 8-10 рет секіріп, жүру. /6 рет қайталау./
Достарыңызбен бөлісу: |