Мақсаты: Ертегінің мазмұны мен тақырыбының арасындағы байланысты көруге баулу.Ой - өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру:
1.Ойын: «Көңіл күйіміз қандай?»
Мақсаты:Бір – біріне допты беру арқылы көңіл - күйлері жайлы айтып беру.
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Олай болса бүгін біз ертегі еліне саяхат жасаймыз. Бірақ ол алыста ғой, қалай ойлайсыңдар ол жаққа қалай тез жетуге болады?