Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)


ЦИКЛОГРАММА ІII апта ( желтоқсан 2020ж.)



бет36/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
ЦИКЛОГРАММА

ІII апта ( желтоқсан 2020ж.)

Кіші тобы
Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным» Тақырыпша. «Астана-Отанымыздың жүрегі»

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Ата-аналармен жұмыс:

«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу.

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

«Астанаммен мақтанам!»

Астан және оның көрікті жерлері туралы балалармен әңгіме. Ой пікірлерін тыңдау.

Суреттер қарау.


Үстел үсті ойыны «Бөліктерін тап» Мақсаты: балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету.

Суретпен әңгіме: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты:балалармен әңгімелесу.

«Болайықшы осындай»

А.Меңжанов.

Тап-таза мұнтаздай

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам

Ұқыпты осындай

Болайықшы, досым-ай.

Саусақ ойыны:

Саусағымда сақина

Санап көрші кәнеки

1,2,3 Бір, екі үш

Демалайық жинап күш.


Таңертеңгі гимнастика


Таңертеңгі жаттығу кешені.

Картотека № 3

Жаттығу кешені қосымша тіркелген.

Таңғы ас

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау Сиқырлы сөз:

Астарыңыз дәмді болсын!

Бата беру

Аумин десең маған

Құдай берсін саған

Алтыннан-жағаң

Күмістен тағаң

Оң жағыңнан кетпесін

Тілеуің қабыл

Мұратың асыл болсын

Аумин

Ойындар, ҰОҚ дайындық

ҰОҚ өтілу барысына қажет құралдарды, көрнекіліктер дайындау

Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері

1.Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан

Мақсаты: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимн туралы білімін қалыптастыру. Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, рәміздер суреттері

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру.

«Доп лақтыру»

арқылы жыл мезгілін апта күнін сұрау

Үнтаспадан гимн тыңдату.

Балалар орнынан тұрып бірге қайталайды.

Ой қозғау

Сұрақ қою.

Балалар не тыңдадыңдар?

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстанның бас қаласы қай қала?

Біздің еліміздің президенті кім?

Балаларды мадақтау.

Ой дамыту.

Суретпен жұмыс.

Рәміздер суретін көрсету. Рәміздердің әр бөлігін талдату.

Ту,Елтаңба,Гимн

Балалар кейбір жаңадан келген балалар танығанымен толық білмеулері мүмкін таныстырып өтемін

Сергіту сәті:

Қазақстан үйіміз

Біз Отанның гүліміз

Желбірейді туымыз

Достық біздің жырымыз

 Ойын «Доп лақтыру» 


Ойын шарты:Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Елтаңба – не бейнеленген? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз)
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)


.Қорытынды: 

Балалардан бүгінгі оқу қызметінен үйренгендерін сұрау .

Балаларды мадақтау

2.Дене шынықтыру.

Шашырап жүру және жүгіру. Бір-біріне допты домалату. Басына құм салынған қап қойып тура салынған жіп бойымен жүру.

I.Кіріспе бөлім.

Бір қатар сапқа тұру.

Сәлемдесу.

(нұсқауларды орындау)

.Шеңбер бойымен тұру. Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүреді,қолды  жанға созып, өкшемен жүреді.

Баяу жүгіру, жылдам жүгіру

Негізгі бөлім:

Жалпы дамыту жаттығулар:

1.Б.Қ , қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, басты оң және сол бағытта айналдыру.

2.Б.Қ қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ ашып тұру, кеудені оң жаққа ,сол жаққа бұру.

3. Б.Қ қолды төмен түсіріп, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, оң аяққа еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу, б.қ келу, сол жаққа қайталау.

4. Б.Қ өкшені қосып, аяқ ұшын ашып, қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып отыру, тұру, б.қ келу. 4-5 рет қайталау.

5. Б.Қ өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру. Оң аяқты жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б.қ келу, сол жаққа қайталау 5рет.

6. Б.Қ өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу, б.қ келу, 4-5 рет қайталау.

7. Тыныс алу жаттығулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет