Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)



бет5/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
ДЕКАБРЬ ЦИКЛОГРАММА 2020

1. Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Менің Отаным.

Мақсаты: Балаларға туған жер, Отан туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге жетелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар

Ұйымдастыру:

Жыл мезгілін,апта күнін сұрау.

Доп лақтыру арқылы сұрақ қою.

-Балалар біздер Қандай Республикада тұрамыз?

- Отан деген не?

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ширату әдісі

Отан туралы өлең оқып беру.

Отан. Ж Әбдірашев.

«Отан - атам, Отан - әкем!» Осы сөзім қате мекен?!

Қате болса,Неге біздер

Дейміз оны «Атамекен?!»

«Отан - әжем, Отан – анам!»

Туған жер! деп,Ол бекерге аталмаған.....

Атам, әжем, әкем, анам

Төртеуі де «Отан!» маған

Ой дамыту

Өлеңнің мазмұнын, мағынасын балаларға түсіндіру.

Сергіту сәті.

Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жоғары-төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір секіріп алайық,
Секіріп-секіріп алайық,
Орнымызды табайық.


Ойын: «Өз мемлекетінің туынды тап» (үстел үстінде әр мемлекеттердін тулары суретте бейнеленген, балалар ішінен өз мемлекетінің туын табу керек)

Балаларды мадақтау.

Қорытынды.

Сұрақ жауап арқылы қорытынды жасау.

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау, мақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет