|
Қолданылатын көрнекі құралдар
|
бет | 9/61 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 2,54 Mb. | | #19692 |
| Байланысты: ДЕКАБРЬ ЦИКЛОГРАММА 2020Қолданылатын көрнекі құралдар: Отан туралы суреттер
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер
«Арайлап таң атты» Арайлап таң атты,
Күн шуағын шашты.
Сәлем күн, сәлем жер
Сәлем достар
Бәріміз бірге болайық.
Жыл мезгілін,апта күнін сұрау.
Қызығушылықты ояту. Өлең оқу
Ж. Тұрбеков. Туған елім.
Туған өлке – кең далам,
Мәңгілік бақыт орнаған.
Сайраңдаймыз саяңда
Ерікті ұлан – біз балаң.
Ой қозғау
Сұрақ – жауап.
Өлең не туралы айтылған? Туған өлке, Отан, туған жер деген сөздерді қалай түсінеміз?
Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Біздің Отанымыз не?
ҚР рәміздерін ата ? Оларға сипаттама беру
Астанамыз қалай аталады? Сендер қай обылыста тұрасыңдар?
Ой дамыту.
АКТ технологиясы.
Слайд қарау.
Отан туралы тақпақ жаттау. –Мағынасын түсіндіру.
Отан деген Атамекен
Отан деген-туған жер.
Отан –ана, Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
Отанды жас ,кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәріміз де
Туып өмір сүреміз.
Бір қадам әдісі арқылы жаттау.
Балаларды мадақтау.
Қорытынды.
«Туған жерді гүлдендір» ойынымен аяқтау.
Балаларды мадақтау.
3.Дене шынықтыру.
Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып жүгіру. Қолды әртүрлі қалыпта ұстап,қапшықты басқа қойып, жіптің үстімен жүруге жаттықтыру.
Қысқа секіртпемен секіру.
.
I.Кіріспе бөлім.
Бір қатар сапқа тұру.
Сәлемдесу.
(нұсқауларды орындау)
.Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Жалпы дамыту жаттығулар:
Б.қ.: «Маса ұшты»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту. /5 рет қайталау/
Б. қ.: «Қақпа»
2. Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. 1- шынтақты артқа созу,
2- шынтақты беттестіру. /5 рет қайталау/
Б.қ.: «Шапалақ»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- алдыға еңкею, 2- қолдарды шапалақтау. 3- артқа шалқаю, 4- шапалақтау . /5 рет қайталау./
Б. қ.: «Күнге жетемін»
4. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- қолымызды екі жаққа созамыз. 2- өкшемізді көтеріп, қолымызды жоғары көтеремізде созыламыз.
3 -б.қ. /5 рет қайталау/
Б.қ.: «Шапалақ»
5. Аяқтарын біріктіру. Қолдар белде. 1- тізені бүгіп отырады, 2- орныныан тұрып шапалақтайды. 3- б.қ. (5 рет қайталау)
Б.қ.: «Биші аяқтар»
6. Аяқтарын біріктіру, қолдар белде. 1- оң аяқты жанға созу, 2- б.қ.; 3-сол аяқты жанға созу, 4- б.қ.; /5 рет қайталау./
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|