Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)


Математика негіздері Тақырыбы



бет7/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
1. Математика негіздері Тақырыбы:Геометриялық пішіндерді топтастыру.

Мақсаты:Геометриялық пішіндерді пішініне, көлеміне, түстеріне қарай біріктіруге дағдыландыру. Салыстыру және топтастыруға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер,хат

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер.

Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!


Армысың, жер ана!

Армысың, жан досым!

Қызығушылықтарын ояту.

Тосын сәт. Хатшы хат әкеледі. Балалар бізді Білім ханшайымы қонаққа шақырып жатыр?

Барамыз ба?

Ой қозғау.

-Немен барамыз?

Балалардың жауаптары.

- балалар, біз Білім ханшайымына ерекше көлікпен барамыз, қандай көлік екенін білгілерің келе ме?

- Біз сиқырлы кілеммен барамыз

Кілемді балаларға көрсету.

Ой-ой балалар кілем тесіліп қалыпты

Біз бұлай ұша алмаймыз Олай болса балалар бәріміз бірігіп кілемді дұрыстайық қараңдаршы бұл тесіктер.Неге ұқсайды?

Дұрыс , олай болса кілемді

Геометриялық пішіндермен жамайық.

Сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Кілемді пішіндермен жамайық. Балалар пішіндерді жамайды.

Балалар міне кілем дайын болды, ұшуға дайындалайық.

Білім ханшайымы қарсы алады.

Білім ханшайымы:Қош келдіңдер, балалар! Балалар сендердің келетіндеріңді біліп, кездесуіміз қызықты өту үшін бірнеше тапсырмалар дайындап қойдым. Осы тапсырманы дұрыс орындап берсеңдер сендерге сыйлығым бар. Орындаймызба?

1-ші тапсырма дайын пішіндерден үй құрастыру.

2-ші тапсырма пішіндердің түсін ажырату

Жарайсыңдар балалар бәріне дұрыс жауап бердіңдер.

- Менің тапсырмаларым сендерге ұнады ма?

Сергіту сәті.

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста,

Сол қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада,

Оң қолыңды соз алға,

Дөңгелек сыз ауада

3-тапсырма: Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.

Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады.

Мысалы: алма - дөңгелектің астына т.б

Балаларды мадақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет