Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
«Астанаммен мақтанам!»
Астан және оның көрікті жерлері туралы балалармен әңгіме. Ой пікірлерін тыңдау.
Суреттер қарау.
|
Үстел үсті ойыны «Бөліктерін тап» Мақсаты: балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету.
|
Суретпен әңгіме: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты:балалармен әңгімелесу.
|
Суретпен жұмыс
«Суретші қай жыл мезгілін салды?» Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру
|
Отан туралы мақал-мәтелдер.
Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
|
Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері
|
1.Құрастыру.
Тақырыбы: Ауылым
Мақсаты:
Конструктор бөлшектерінен қалашық құрастыру. Татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: лего ойыншықтары,құрылыс материалдары.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман –есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Жыл мезгілін,ай атын,апта күнін сұрау.
Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен жеріміз, ауылымыз жайлы айтамын.
Ой қозғау.
балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ?
Бейне таспадан ауылды тамашалау.
Топқа бөлу.
Лего ойыншықтары және құрлыс ойыншықтары арқылы топқа бөлу.
Екі топ өз ауылдарын гүлдендіріп құрастырады.
Құрастырудың әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.
Өз беттерінше жұмыс.
Бақылау, жеке көмек көрсету.
Саусақ жаттығуы
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Балаларды мадақтау.
Қорытынды:
Балалардың жасаған жұмыстарын қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Көңілді смайктер беру.
2.Дене шынықтыру
Бір минут баяу қарқында жүгіру. Тепе-теңдікті сақтап жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу.
.
I.Кіріспе бөлім. Бір қатар сапқа тұру.
Сәлемдесу.
(нұсқауларды орындау)
.Шеңбер бойымен тұру. Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүреді,қолды жанға созып, өкшемен жүреді.
Баяу жүгіру, жылдам жүгіру
Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулар:
(гүлдермен)
1. Қол мен иыққа арналған жаттығулар:
«Тербелу» Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.
а) қолдарды жоғары көтеру.
ә) екі жанға тербелу, оңға тербелу.
б) солға тербелу.
2. Денеге арналған жаттығулар:
«Бағыттаушы» Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.
а) қолдағы гүлдерді жоғары көтеру.
ә) алға созу.
б) екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкелу.
в) екі қолды жанға созу.
г) б.қ.келу.
3. Аяққа арналған жаттығулар: «Алақай!» Б.қ: тік тұру, қол төменде.
а) екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкеліп, тізені сәл бүгіп отыру.
ә) бір орында секіріп, қолды жанға созу.
б) б.қ. келу.
Тыныс алу: «Әдемі гүлдің иісі,
Гүл ашады қауызын» (қолдарындағы гүлдерді иіскеу)
. Бастапқы қалыпқа келу.
|