ІІ. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ 2.1 Арнайы мектептерде дамуында ауытқуы бар балалардың дамуы мен емделуінің алғышарты
Көмекші мектептер – органикалық орта мектептің бөлшегі болып табылады. Емдік педагогика жалпы педагогиканың жүйесіне кіреді, сондықтан ұжымның қажеттілігі мұнда да өте қажет. Шынында да балалардың ұжымдағы қарым-қатынасы мінездеріне де байланысты. Мінезі ауыр балалардың тұлға болып қалыптасуына ұжымның ықпалы зор.
Ұжымдағы өмір мен еңбек ету шарты, іс-жүзінде балалардың бойындағы кемшіліктерді жоя білуге, әсіресе жалғызілікті балаларға тән қасиет. Олар ұжым-жолдастарының әр түрлі тұлғалық қабілеттерімен ұшыраса отырып, олардың өздеріне қойған талап-тілектері мен міндеттерін ұштастырады.
Арнайы мектеп тәрбиесі қайнар көзі, оның қоғам өмірімен тығыз байланысы. Арнайы мектеп балалары шын мәнінде тату-тәтті болса, одан, адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі туады. Ұжымның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың адамгершілік талаптарынан, өзара көмек қарым-қатынасынан, бір-бірін терең түсіне білулерінен көрінеді. Арнайы мектептің негізгі міндеті – баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып, біз арнайы мектеп тәрбиесіне былай анықтама бердік: «Арнайы мектеп тәрбиесі-ата-ананың жас ұрпаққа рухани-адамгершілікті тәрбие беріп, бір-бірімен адал достай сырласып, үлгілі тәрбиесімен ерекшеленіп, жан дүниесі таза, тек қана жақсылыққа ұмтылып, кез-келген адамға көмектесіп, еліне, жеріне қызмет жасауды үйрету» [11].
Арнайы мектеп тәрбиесі мәселелері бойынша тәрбиешілердің білім қоры мен қабілеттері әр түрлі болып кездеседі.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін Қазақстан Республикасының реабилитациялық орталықтарында мынадай міндеттер шешіледі:
- отбасылық қатынас үйлесімділігін нығайту;
- мүмкіндіктері шектеулі балалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы ата-аналарды ақпараттандыруды кеңейту;
- психотерапевтік амалдармен таныстыру және басқалары;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңдерінде сыртқы әсердің әсерінен тигізген залалынан миларына зақым келіп ақыл-ойларының процестері бұзылып, жетілмей қалған балалар да кездеседі
Психологиялық бөгелуі бар балалардың арнайы пеагогикалық тәсілдердің жеңілдетілген әдістерімен оқытып-тәрбелеу және гимнастикалық түзету жұмыстарын жүргізен кезде ғана өздеріне тән кемістіктердің ерекшеліктері айрықша ескеріледі. Педагог-психолог бұл топтағы балалардың дене құрылыстарындағы жалпы қимыл-қозғалыстарының әсіздігін ескере отырып, олармен емдік гимнастикасын, яғни, шынықтырып жетілдіру жұмысын жүргізеді және оған қоса сөйлеу тілдерінің мүкістіктерін түзетіп, қалпына келтірумен айналысады. Балаларға арналған мекемелерде істейтін ұстаздар психологиялық бөгелуі бар балалармен жұмыс ретін жақсы білгені жөн. Ал психологиялық дамуы артта қалған балалармен қарым-қатынас жасайтын ұстаздар бұл әдістерді тіпті екі есе артық білгені жөн. Олар түрлі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбегін жиі оқып тұруы қажет. Психологиялық бөгелуі бар балалармен жұмыс жасайтын мамандардың өздері ең алдымен олардың ерік - күшінің бекем болуына қатысты жұмыстарды жалғастыруы керек. Баламен жұмыс жүргізетін маманның өзінің ерік күші әлсіз болса, онда ешқандай нәтиже шықпайды. Себебі, түрлі қарым-қатынас негізінде бір адамның ерік күші екінші адамға беріледі
Жалпы баланың қорқынышын жою үшін күштің қажеті жоқ, тек қана көндіру арқылы нәтижеге жетуге болады. Психологиялық бөгелуі бар балалардың арнайы ереже кестесінің шеңберінде оқып және үнемі дәрігер мен педагогтардың бақылауында болуы керек. Жетілдірілген бағдарламалармен оқығандары нұр үстіне нұр болады. Таза ауада көбірек жүріп серуендеудің және үй шаруашылығындағы жұмыстарда ата-аналарына болысып, қолғабыстарын тигізудің және дене шынықтырудың, қолөнермен айналысудың нрвтік-психикалық даму процесінің жалпы әлсіздігін қалпына келтіруге септігін тигізетін үрдістер болатыны белгілі. Балалармен әңгімелескен кезде олардың айығып кететіндеріне көздерін жеткізіп үміттендіруге және келешектеріне сенімдерін арттырып ынталандыруға ұмтылады, «жақсы сөз жан сауықтырады» дегендей, көңілдіріп сөйлегеннің шипасы тиеді. Балалардың да танымдық қызметінің күрделі түрі жетілмей қалған. Сонымен қатар бұл балалардың есту қабілеттері мен сөйлеу тілдерінің де бұзылғандығы байқалады [12].