Гистология ғылымының даму тарихы Гистология ғылымының дамуын үш кезеңге бөлуге болады: 1. Микроскопка дейінгі; 2. Микроскоптық; 3. Қазіргі кездегі - электронды микроскоптық кезең
Гистологияғылымының даму тарихы Гистология ғылымының дамуын үш кезеңге бөлуге болады: 1. Микроскопка дейінгі; 2. Микроскоптық; 3. Қазіргі кездегі - электронды микроскоптық кезең.
Микроскопка дейінгі кезеңБіздің эрамызға дейінгі Y ғасыр мен XYII ғасыр (1665 ж) аралығын алады. Бұл кезеңде жануарлар мен адам ағзасындағы әртүрлі ұлпалардың сипаттамасын анатомиялық зерттеулерді қолдану арқылы анықтауға әрекеттер жасалған. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың пайда болуынан басталады. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасаған дейді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған деген мәлімет бар. Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылған жоқ.
Микроскоптық кезең1665 – 1950 жылдар аралағын алады. Бұл кезеңнің басталуы ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гуктың атымен байланысты. Ол микроскопты жасап, әртүрлі заттарға тұрақты түрде зерттеулер жүргізген, ол зерттеулердің ішінде биологиялық объектілер де болған. Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, оның жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Роберт Гук "клетка" деп атады (гректің "китос"— қуыс деген сөзінен шыққан), ал зерттеу нәтижелерін «Микрография» деген монографиясында жариялады. Сонымен Р. Гук “клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым.
Жарық микроскопы 1965 ж. монографиясында сипатталған микроскопиялық және телескопиялық көріністер Роберт Гук 18.07.1635 – 03.03.1703 жж
Кейінірек ағлышын ботанигі Неемия Грю мен италяндық дәрігер (микроскопиялық анатомияның негізін салушы) Марчелло Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалық қоғамына тапсырады. Мальпиги мен Грю өсімдіктердің микроскопиялық құрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің құрамында көпіршіктердің болатынын анықтаған. Өсімдіктердің клеткалық құрылысын зерттеген XVII ғасырда голландиялық натуралист, ғылымда микроскопты қолданудың негізін салушы А. Левенгук, бірақ ол өзі ашқан жаңалықтарының маңызын ұғына алмады. Ол жануарлар клеткалары - эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы организмдерді алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылымы" ашылды.