Клеткалық теорияны 1839 ж. негізін қалаған неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейден. Оның негізгі қағидалары: - Барлық тірі организмдердің элементарлық бірлігі клетка. - Кез келген организмдердегі клеткалардың құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасу және де басқа тіршілік процестері ұқсас. - Клетка клеткадан пайда болады. (Р.Вирхов). - Бүкіл организмдердің қызметі оны құрайтын жеке клеткалардың іс әрекетімен анықталады.
Жасуша биологиясы – жасушаның құрылысын, қызметін зерттейтін ғылым. Барлық органикалық дүниенің көп түрлерінің ішінде бір-бірінен айырықша ажырайтын 2 топ бар: 1. жасушалық 2. жасушалық емес формалар. Жасушалық емес формаларға вирустар мен фагтар жатады. Олар 2 бөліктен тұрады. 1. генетикалық материалдарын 2. белокты қабықшадан. Вирустың генетикалық материалы РНҚ немесе ДНҚ болса, ал фагтарда ДНҚ. Олар тек тірі организмдер клеткасында тіршілік етеді. Мысалы: вирустар тұмау, энцефалит, полиэмиолит ауруын қоздырады.