Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет15/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Публицистикалық стиль
Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) – функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында саяси, мәдени экономикалық қарым қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық сстильдің екінші бір ерекшелігі бар: ол ұлттық әдети тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.
Пубицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.
Публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика проблемалары, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер т.б.
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялық дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі ықпал ету. Тілдің екі қызметі ортақ прагматикалық «әрекеті» публицистикалық стиль тілінің құрылымдық жүйесінің ерекшелігін анықтайды.
Публицистикалық стильдің хабарлама функциясы тілдің құрылымдық жүйесінің бейтарап сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі. Мәдени коммуникацияда стилистикалық амал тәсілдер хабарлама жеткізу үшін ауызша және жазбаша тілмен берілетін шығарманың стилистикалық нормасы жасалу қажеттілігі бірінші орынға қойылады. Тілдің стилистикалық ісер ету және прагматикалық мақсат ету функциясынан концептуалды сөздер, көркемдік тәсіл, сөйлем құрамы, сөйлемдердің компоненттерінің құрылымдық ерекшеліктері айқындалып отырады. Хабарламалық және әсер ету функциясынын өзара ортақ қызмет бірлігінен сөздің экспрессивтігі және стандартты сөз үлгілері публицистикалық стильдің негізгі стильдік базасын құрайды, оның жазылуын тездетеді және қоғамдық қызметінің әмбебаптық рөлін атқарады.
Публицистикалық стилдің лексикалық базасы көпшлікке тиімді, әсер ету мақсатын көздейтінін білдіреді, екіншіден, публицистикалық стильдің лексикалық қабатынан стиль түзу қабілетінің өзгермелі сипаты басым екендігін айғақтайды.
Публицистикалық стильде жалпы ұлттық тілдің байлығы стилистикалық дәреже алуға икем болады. Көркем әдебиет стилінде жалпы халықтың тілдің лексикалық байлығы стильдік бояу, стильдік астар, сттльдік реңк алуға бейім болса, публицистикалық стильде бейтарап лексикалық қабат стильдік дәрежеге көтеріледі. Публицистикалық стильде оның жасалу жолдарының негізгі адам танымы мен эрудициясының толығып, дамып, жетілу процесімен тығыз байланысты.
Публицистикалық стильде лексикалық өзгертіп қолдану жалпы қолданыстағы сөздердің дамуы және әлеуметтік бағалаушы стильдік мәнер жасау процесінде ие болуымен айқындала түсетіндігін көруге болады. Әлеуметтік бағалаушы сөздер газет тілінің басты ерекшелігі болумен қатар, жалпы тілдік қордың, яғни лексикалық базасының номинациялық атауын ғана көрсетпейді, факт, оқиғаларды, құбылыстарды сипаттап қоюмен шектелмейді. Бұл құбылыс қазақ пубдицистикасының бірнеше сатысында өз мақсатына жетіп, тілдік процестің дамуынна, қалыптасуына, жаңаруына ықпал етті.
Публицистикалық стильдің лексикалық қабатына қоғамдық өзгеру, мәдениеттің түрленуі спорт саласының дамуы, әлеуметтік таптардың көзқарасының өзгеруі, саясаттың құбылмалы сипаты, экономикалық жағдай, халықтың тұрмыс тіршілігінің көрінісі, әр түрлі топтардың пайда болуы т.б. үлкен ықпалын тигізді.
Қоғамдағы әлеуметтік жағдай оның лексика семантикалық топтарының атауларын өзгеріп қана қоймай, стильдік сипатына әсер етеді. 70 – 80 жылдардағы публицистикалық стильде жазылған шығармалардағы лексикалық қабат жоғары пафосқа толы, шабытты сөздер жағымды стилистикалық бағалаушы категория мәнерін құрды.
Егеменді жылдардағы публицистикалық стильдің лексикалық қабаты жағымсыз стилистикалық мәнер түзеуге қарай іріктеліне басталды, сонымен бірге қарама қарсы мағынадағы сөздер мен сөз тіркестерінің стильдік жүк арқалаған сөздік қордың бір шоғыры пайда болды. Бұның басты себебі мынада: ұлттық идеологияның қоғамдық шындық пен оның өсу талаптарының қыр сырын ашуға да тікелей арақатынасы публицистикалық стильдің лексикалық қабатынын тура мағына мен ауыспалы мағынаның ортасындағы тұрақты стильдік қызмет атқаратын сөздермен толығуы болып табылады.
Көркем әдебиет стилінің авторымен салыстырғанда публицистикалық мәтіннің авторы «шебер журналист», сонымен қатар, «жеке тұлға» да бола алады. Осындай белгілі себептермен публицистикалық стиль тілдік стильдік құрылымдағы стильдік мәнердің жалпыдан жалқыға, эмоциональдық , субъектілік сипаты мен басылымдылығы осы жағдайдарға тікелей байланысты болып келеді. Публицистикалық стильдің ерекшелігі, яғни жалпы тілдік қабаттың лексикалық қазынасының барлық қатпарларын пайдаланады. Публицистикалық мәтіннің авторы тағы бір жеке тұлға ретінде танылады, яғни ол әлеуметтік адамы, ол саяси өмірдің барлық қыр сырын әлеуметтің назары мен көзқарасының жиынтығы тұрғысынан қарайды, сондықтан ол шындық болмысқа реалды түрде белсене араласады.
Публицисткалық стильдің субъективті объективті мәнін анықтауда лингвостилистикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда «автор» деген ұғымның атынада көп жағдайда қатыстылығы айқындалып отыр. Қазіргі публицицистикалық стиль түзуші автор «жұмсақтық, адамгершілік қасиеттерге» көп көңіл бөлгендіктен өзінің ойы мен сезімін қатар ұстап, ойшылдық, көрегенділік қасиеттерді қайта електен өткізетін өз құқыығын нақты пікірмен ұштастыратын тұлға ретінде танылады.
Қазіргі публицистикалық стильде авторлық «мен» стилі ерекше стильдік мәнермен оқшауланып, даралана бастады.
Деректеме, хабарлама жанрларына: деректемелер, интервью, рецензия жатады.
Аналитикалық жанрларға бас мақала, мақала т.б.
Публицисткалық стильде қазақ ұлттық әдеби тілінің өзіндік орны бар. Публицистикалық стильдердің стилистикалық құрылысы ұлттық әдеби тілдің дамуы, баю, толығу үрдісіне незілделеді. Публицистикалық стильде көптеген жаңа сөз, сөз тіркестерінің қолданысқа түсіп, әдеби тілден берік орын алуы жиі ұшырасады. Бұл публицистикалық стильдің стилистикалық нормасына кері әсерін тигізеді.
Публицистикалық мәтін екі негізгі функцияны атқарады. Осы екі негізгі функция публицистикалық стильдің мәтіндегі стильдік құрылымының басты күрделілігі болып табылады.
Осы күрделі стильдік құрылым екі бірліктен тұрады:

  • Экспрессиялы сөздер;

  • Стандартты сөздердің бірлігі.

Хабар – БАҚ та күнделікті оқиғаны хабарлайтын материалдар онда бүгінгі кешегі ертеңгі оқиғаларды хабарлау үшін белгілі сөздер тізбегі іріктеп алынады. Хабар бар жоғы бірнеше жай сөйлемдерден тұрады. Хабарларда оқиғаның қашан, қалай, қайда болғанын көрсетеді, сұраққа орай жауап оқиғаның мезгілін, мекенің қатыстылығын көрсетіп, үстеудің мезгіл, мекен мағыналық топтарымен жұмсалады. Хабарда етістіктің барлық қимыл әрекетіне қатысты шақтық, жақтық, райлық тұлғалары қатыса алады. Хабарлар әр уақытта көптік формада айтылады, себебі автордың сырт жағында ұжымдық топ тұратындықтан, оның көпше түрінде берілуі стильдік заңдылыққа сәйкестену процесі қалыптасқанын байқатады. Хабардың айтылуы көрсетілуі сан алуан тақырыпқа қатысты болып келеді, сондықтан онда экономикалық қарым қатынасқа, мәдениет, оқу ағарту саласына, заң тіліне, әскер өміріне қатысты сөздер диі кездеседі. Ол публицистикалық стильдің қоғамдық саяси терминдерін құрайды, оның семнтикалық стильдік өзгеріске ұшырауы қоғамдық көзқарасқа тікелей тәуелді.
Публицистикалық стильде ықпал ету қызметі эмоциональды экспрессивті сөздермен, көркемдік бейнелілік амал тәсілдер арқылы прагматикалық мақсатпен жүзеге асады. Публицистикалық стильдің жанрларының бірі репортаж, француз тілінен шыққан мерзімді баспасөзде жарияланатын радио мен телеарналар арқылы берілетін оқиға туралы хабарлау. Репортер ағылшын сөзі. Ақпарат агеттері қызметкерлерінің әр оқиға мен құбылысты жедел жеткізу мәтіні репортаж болып беріледі, оған реми баяндау, қысқа сұхбат, тарихи хронология жатады.
Публицистикалық ақпарат жанрларының бірі сұхбат ағылшын сөзінен шыққан «беседа» деген мағынаны білдіреді. Қоғам қайраткерлерінің интервьюшімен жүргізетін мәліметтік, дерек алу мақсатындағы мәтін түрі. Сұхбат көбінесе сұрақ пен жауапқа құрылады. Сұрақ жауап диалогтік қатынасқа құрылады, сұхбатта сұрақтың тірлері көп кездеседі, сұраулы сөйлемдер сұрақтың нақтылығы сұрақтың маңыздылығы сияқты сан түрлі сұраққа қатысты стильдік сұрақ процесі туындайды, сұрақта сұраулы сөйлемдер қолданылады. Соның ішінде сұхбат жанрына риторикалық сұрақты сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемнің бұл формасы хабар ретінде, айтылған пікірді білдіреді. Сұхбаттың монолог, хабарлама, суреттеме, сұхбатнама және ұжымдық деген түрлерінің болуына байланысты, публицистикалық стильде сұрақтың прагматикалық салмағы ерекше байқалып отырады.
Теледидардағы публицистикалық стильдің ең көп тарған түрі «сұхбат» болса , хабарлама сұхбат, проблемалық сұхбат, сұхбат сұхбатнама деген түрлері кездеседі. Сұхбаттың басты мақсаты белгілі сұрақ төңірегінде пікір алысу, сондықтан бір мәтінде сұрақтар түрі көп қойылады. Автор сұхбаттық әңгімеге қатысушы тұлғаны барлық қырынан көрсету үшін және толық тану үшін сан алуан сұрақ қояды. Онда дерек алу, қоғамның әлеуметтік жағдайына сипаттама беру, жеке тұлғаның әлеуметтік жағдйын көрсету, психологиялық жай күйін таныту, яғни танымдық тәрбиелік адамгершілік қағидалар туралы мәселелер көтеріледі. «Сұрақ қою мәнері» ауызекі сөйлеу тілінің «сұрақтарымен» ұқсас болып, автордың стильдік мәнері қалыптаспаған сәттері де байқалады.
Ауызша сөйлеу стилінің, шешендік стильдің, публицистикалық стильдің ең бейнелі сөз образдарынан тұратын сөз, сөз тіркестері сөйлемде баяндалады.
Ауызша тілдің көрінісі публицистикалық стильде ерекше байқалады. «Рахат» телеарнасында спорт хабарын жүргізуші былай деді:Кезекте тұрған адамдар молынан екен. Дұрысы: кезекте тұрған адамдар көп екен. Район масштабында спортшы балаларды көтеру керек. Дұрысы: аудан көлемінде спортшы балаларды іріктеу керек, Бір сауалды сізге бағыттағым келіп отыр. Дұрысы: Сізге бір сауал қойғым келіп отыр.
Көптік ұғымның бірден бір грамматикалық көрсеткіші көптік жалғау болғанмен, оның әр түрлі тәсілері арқылы жасалуының өзі қызметінің сипатына қарай семантикалық стилистикалық мағынасының сан алуан қызметін көрсетеді. Публицистикалық стильдегі жазбаша мәтіндерде көптік категориясы жиі ұшырасады.
Хабарлы сөйемнің бірінде –лар көптік жалғауымен де жалғаусызда келуі тек стильдік реңкке ғана ие бола алатындығында екені байқалады.
Біріншіден, деректі дерексіз зат есімдердің көптігін ғана емес, көлемінің шексіздігін таныту мақсатында қолданылады, екіншіден, зат есімдерді уақыт пен кеңістік ұғымының ұзақтығын меңзей отырып оларды топтап санаға еркін ұғындыру үшін пайдаланды, үшіншіден ұйқас пен ырғақтық мәнерді тең ұстау ұшін яғни өлшем сақтау қажеттілігінен қолданысқа түсіріп отырды.
Публицистикалық стильде тіл мен ойдың логикалық байланысы үзіліп, бірақ публицистикалық стильдің негізгі арқауына айналған сөз тіркестер, сөйлемдер жиі ұшырасады.
Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі мәдени коммуникацияның жоғары формасын құрайды. Автордың сөйлеу мәнері ерекше ритм, ырғақтық топ құралы дыбыстарды дұрыс айту орфоэпиялық нормаларды сақтау бірінші мақсат болғанымен, екінші дауысты көпшіліктің алдында айтуға жаттықтыру тәлімін игеру керек. Сөйлеуде дыбыстың тоны, күші, жылдамдылығы, әуезділігін келтіріп айту соған жаттығу аудиторияның назарын өзіне аударады. «Шаршы топ» алдында сөйлеуде дыбыс күші автордың өзі баяндап отырған оқиға туралы сенімділік немесе әлсіздік сияқты семантикалық стилистикалық мәнер береді, дауыс тонының әр түрлі әуезділігі стилистикалық әсер берудің тиімді үлгісін көрсетеді.
Сөйлеу темпі сөйлеудің жылдамдық элементі дыбыстың жылдамдығы интониция компоненттерінің бірі болғандықтан, дыбыстың жылдамдығы ширақтық машығымен тікелей қатысты. Ширақтық машығынан кейбір сөз, сөз тіркестері, синтагмалар бөлініп қалып, келесі сөйлемнің жеке сөйлеу стиліне тән құбылыс болғандықтан, қарым қатынас жағдайымен әр автордың көңіл күйімен сөзді айту дыбыстау стилімен көріне алады. Адресанттың диалогында кідірісі, жаңа сөз табуы, синтаксистік конструкциялы сөйледердің бөлшектеніп берілуі, қайталаулар, сөз жарыстыру сияқты тілдік стильдік бірліктері жеке тұлғаның стилистикалық мәнерін танытады. Көпшілік алдындағы сөйлеу актісінде сөздерді автордың дұрыс дыбыстауы тілдің табиғи дыбысталуының ерекше маңызды рөлін көрсетеді.
Публицистикалық стиль қазақ тіл мәдениеті мен лингвистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді. Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды.
Публицистикалық жанрлардың көлемді түрлеріне мақала, очерк, фельетон жатады. Көркем публицистиканың бұл түрлерінің лингвостилистикалық ерекшеліктері бірден байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет