Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Ауызекі сөйлеу стиліндегі фразеологизмдер



бет22/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#107831
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Ауызекі сөйлеу стиліндегі фразеологизмдер
Ауызекі сөйлеу стиліндегі ФТ қазіргі уақытта тілдік қатысымдық деңгейінде жиі ұшырасады, ресми және ғылыми стильде фразеологизм типтес тіркестердің жазу, сөйлеу стилінде бейнелеуіш элемент болып келуінен гөрі жай атауыштық қызметі басым. Ауызекі сөйлеу стиліне жалпыхалықтық тілдегі әлеуметтік мәндегі ФТ қолдануы заман, қоғамдағы сан алуан мәселелерге қатысты қолданылады, оның астарында прагматиканың ықпалы ерекше байқалады: басына іс түсу–қиыншылық көру, қылмысты болу–жазаға тарту, құлап қалды–оқуға түсе алмау, қалтасықалың–ақшасы көп, орнынан түсті–әкімшілік орнынан айырылуы сияқты “жаңашыл” тіркестерді көп кездестіруге болады.Ақша мінді, ақшаға жығылды,ақшаны судай сапырды, ақша жеп қойды, ақша түбіне жетті,ақшасын астына жасырды, ақшасы күйіп отыр, көрпесі толған ақша, ақшасын судай шашып-төкті, ақшасы қалтасын тесіп барады, ақшасын басына жақсын, ақшасымен көпірді деген сөздер әлеуметтік өмір тіршіліктегі ақшамен байланысты алынған. Ауызекі сөйлеу тілінде қоғамдық өзгерістерге және ақшаның орнына теңге келуіне байланысты теңге өмір айнасы, теңгесі бардың еңсесі жоғары, теңгесі көп жаңа қазақ , бай қазақтар, теңгесін сидыра алмау, теңгесін желге шашты, барлығы су құрдымға кетті сияқты тіркестер пайда болды.
ФТ өмірдің сан алуан жақтарына қатысты прагматикалық мақсатта қолданылады. Бұл топтағы тіркестер көбінесе адам, табиғат төңірегіндегі мәселелерді сөз ету барсында ұшырасады. Қай кезеңнің тілінде де, қай суреткердің тілдік қолданысында да негізгі бейнелілік құрал-тәсіл ретінде жүзеге асып отыратындықтан, осындай тіркестердің пайда болуының өззаңдылығы болады.
Функционалдық стильдердегі ФТ симантикалық-стилистикалық қызметін талдау мақсатының негізгі арқауы- жазу, сөйлеу қолданысындағы әрқайысының өзіне тән ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатта ФТ әр стильде жұмсалған бейнелітіркестердің тақырыбы жағынан сан алуан болып келеді: адам, оның өмір сүрудәуірінің әлеуметтік проблемалары, өмір шындығы, өмірдіңөзгеру, жаңару, яғни қоғамдағы “жаңашыл құбылыстарды” қамтитын әрекет, тіршілік, заман тынысы, адамның ақыл-ойы, танымдық көзқарасы т.б толып жатқан құбылыс, әрекеттерді нақты көрсетуде стилистикалық фразеологизмдер жиі қолданылады. Адамдардың , әлеуметтік топтардың өз шеңберінде, ортасында ғана айтылатын ФТ мағыналық топтарының пайда болғанын көруге болады.
Мысалы, көзмайын тамызу–көп оқу, кешке дейін салпақтау–жұмыс іздеу, ақтер, қаратер болу–базар адамдарының тіршілігі, барар жер, басар тауы қалмау–пәтер іздеу, ит болып кету, ит қылу–адамдар өмірінің әуре-сарсаңға түсуі, қор ету–қорлану прагматикалық мақсатта айтылады. Фразеологизмдердің лексикалық-симантикалық топтарының негізгі көтерген тақырыбының арқауы–адамның қажетті тіршілігіне қатысты іріктеліп алынған тіркестер, ауызекі сөйлеу стилінде жиі ұштасады. Жалпыхалықтық тілдегі ФТ тақырыптық жағынан топтастырғанда, олардыңлексика-симантикалық топтарының адамды сипаттайтын, адамның ішкі-жан дүниесінің нәзік қатпарлапын көрсететін, ерік-жігер, күш-қуат, іс-әрекет, табиғи болмысын, қимыл-қозғалысын суреттейтін, өмір мен өлімді, егде мен жасты, есею мен қартаюды астармен айту, басқаша жеткізуде ФТ стилистикалық бояуы арқылы көрінетін прагматикалық ерекшелігі өте терең.
ФТ бейнелілік, символдық, меңзеп айту сияқты образдылық сипаты прагматикамен астарласып жатады.
Ауызекі сөйлеу стилінде жалпыхалықтық тіл қолданысындағы бейнелілік сипаттан тұратын ФТ көп кездеседі: көңілінде иненің жасуындай кірбің жоқ, иненің көзінен өтетіндей сұлу, ине жұтқандай үндемеу метафоралық тіркестеркөл-көсір қуаныш, телегей теңіз бақыт, аспанмен тілдескен, айға қолы жету, көкірегі ала қаптай болу, мақтамен мауыздай, айылын жимау, мұрнына су кетіп жүрт.б. ФТ шаблондық әрі бейнелілікке құрылып, стилистикалық әсерінің мол екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта халықтың тұрмыс –тіршілігі, әлеуметтік өзгерістер, адамның табиғи болмысының өзгеруі немесе ақыл-ой ,ерік-жігер, күш-қуат әрекетіне қоғам өзгерістерінің әсер етуі, жазба әдебиеттің дамуы сияқтықұбылыстар образды сөз өрнегін жиі пайдалануға мүмкүндік бермей отыр. Бұрын қазақ халқы көп бала туып, оны өсірген адамды шиеттей бала-шағасы бар деп айтқан, қазір 1-2 бала туумен шектеледі. Оған жар дегенде жалғыздеген қарама-қарсы қойылатын қатарлары бар екенін айтуға болады. Құлын-тайдай бірге өскен–ауылда табиғат аясында бірге өскен, су құдымға кету іc-шарасы таусылу сияқты бейнелі тіркестердің орнына адамның жағымсыз әрекетіне пенделілік өміріне қатысты айтылатын көкірегін керу, басы жұмыс істемиді, көк ми , су ми , миы шайқалған,миында биттей ақылы жоқ, бастан кету, басы жарамау, құлақтан тебу, жыны қайнау, жыны ұстау, жынын қағып алу, жынды неме, жын соққыр сияқты қолдан жасап алған тұрақтытіркестермен қатар жалпыхалықтық тілдің негізгі қоймасынан алынған тіркестер ауызекі сөйлеу стилінде кәдеге жарап ,өзінің бейнелілік-көркемдігін белгілі прагматикалық мақсатқа әрі стильдік бояуға құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет