Д. Ж. Алипова 2022 ж. «Мәңгілік ел»



бет18/24
Дата19.10.2022
өлшемі181,46 Kb.
#44122
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
умк мангилик ел

Негізгі әдебиеттер:
1 Мыңбаев Д., Бейсембайұлы Ж.Ұлт мұраты, 2014
2 Казакстан тарихы М.Б.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы , 2012
3 Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағыт-бағдарлары, А.Ш.Жангазин, Р.С.Кайсаринова, 2015.
Қорытынды
Қазақтың, ендігі тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы топтасу, түсінісу, бірлесу, көршілермен жарастық құрған тарихи тәжірибеге ұқсас, сондай ұтымды үйлестікке­ тәрбиелейді. Кімде-кім халқымыздың татулықты сақтаған даналығын дұрыс ұқса, ол өз елінің болашағына үлкен үмітпен қарайды, ұлағатты мұратқа ұмтылады.
Ұлтымыздың да, еліміздің де өзін - өзі анықтаудың іргелі негіздері бар. Олар: 1) Тәуелсіздікке деген, «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғыртуға деген бағыт-бағдар;
2) бірдей еңбектену, халық бірлестігі, тарихтың, мәдениеттің ерекшелігін ескеру және мемлекеттік тілді қолдану жүйесін жетілдіру әрекеті;
3) қазақтың ұлттық мәдениетін толықтыратын тәжірибе сабақтастығы. Қоғамды жетілдірудің осын-дай қазақстандық тәжірибесін әлем мойындауда.
Жаңа дәуір, жаңа кезең басты мына постулаттарға деген бұрын-соңғы көз­ қарастар мен түсініктерді ықшамдауды, өзара ыңғайластыруды қажет етуде.
Сонымен: 1) қазақ халқынан және оның мәдениетінен тыс нақты Қазақстан болған емес; 2) Қазақстанның болашағы күллі қазақстандықтардың бірлескен, келісімді өмірінсіз баянды және тұрақты болмайды; 3) әлеуметтік-экономикалық табыстардың тиянақты және мәдениеттегі қозғаушы күштердің тартымды бо-луы өзара сыйластыққа, ынтымаққа, бірлескен әрекетке тікелей қатысты. Халық даналығынан туындаған бұл қағидалардың нақты және тарихи маңызы зор. Достық пен бірлікке арналған бұл ұстаным Қазақстан халқына тікелей қатысты. Еліміздің ендігі дамуы мәнді идеяларды, мәдени қатынастырдың тартымды дәстүрін өмірге сауатты енгізуге байланысты.
Жаңа ғасырда ұлттық өркендеу және этникалық түбірге топтасу үрдісі қатар қарқындауда. Екі тенденцияда жаһандану мен экономикалық интеграцияға ыңғайласудың қос түріне жатады. Интеграцияның негізін ұлттық құндылықтарды сақтау және этникалық мәдениеттің өзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Республикамызда туған жер кеңістігіндегі тарихи және ұлттық маңызы басым атауларды қалпына келтіру дәстүрі өріс алуда. Оның өзі тілдік, интеллектуалды мәдениеттің өзіндік ерекшелігін толықтыруға жол ашуда. Халықтың өзіндік бол-мысын жетілдіру тұтыну қоғамының байырғы ығында қараусыз қалдыртқызбайды, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімі мен ар-намысын оятады.
Ендігі халық пен алуан этникалық топтардың бірегей, үйлес белгілері республиканың даму қарқынын, Қазақстанның келбеті мен бейнесін анықтай түспек. Сондай-ақ қос бастама - ұлттық факторлардың ықпалды ықшамдылығы мен білім берудің инновациялық жүйесінің идеялық негіздері ел тағдырына ықпалын арттыра бермек.
Әр халықтың рухани мәдениеті сияқты қазақ халқының рухани мәдениетінің түп қорығы тереңде жатыр. Бұл сонау ықылым заманнан бастау алып, тарихтың даму сатысында өз заманының құндылықтарымен көркемденіп отырды. Рухани мәдениеттің дамуында діннің зор ықпалы болғандығын айтпау мүмкін емес. Біз курстың мәтінінде атап өткен басқа діндермен қатар қазақ даласында Х ғ. бастап біржолата орныққан ислам дінінің канондарымен сәйкес келеді. Дегенмен де мәдениеттермен өркениеттердің өзара әсер ету факторларын естен шығаруға болмайды. Мәдени эволюцияның қозғаушы күші – дүниетаным прогресі. Қазақ халқының рухани мәдениеті де эволциядан тыс қалған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет