Д. Ж. Алипова 2022 ж. «Мәңгілік ел»


Негізгі ұғымдар мен терминдер



бет15/24
Дата19.10.2022
өлшемі181,46 Kb.
#44122
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
умк мангилик ел

Негізгі ұғымдар мен терминдер.
Шығыс ағартушылығы.
Жәдид идеялар және жалпы адамзаттық құндылықтар.
Түркі халықтарының жаңа интелектуалды элитасы.
Шоқанның қазақ халқының рухани мұрасын зерттеуге үлесі.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
Абайдың жаңашылдығы.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Түркі халықтарының ағартушылары қандай мақсатты көздеді?
2. Шоқан Уәлиханов ағарту саласында қандай идеяларды ұстанды?
3. Ы.Алтынсариннің ағарту ісінде орыс ағартушы-миссионерлерінен қандай айырмашылығы болды?
4. Абайдың қазақтың рухани мәдениетіне қосқан үлесі туралы әңгімелеңіз.
Негізгі әдебиеттер:
1 Мыңбаев Д., Бейсембайұлы Ж.Ұлт мұраты, 2014
2 Казакстан тарихы М.Б.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы , 2012
3 Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағыт-бағдарлары, А.Ш.Жангазин, Р.С.Кайсаринова, 2015.
4.Нағымұлы. қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы. Оқулық .Алматы. 2012.
13-тақырып. XIX-XX ғасырлар тоғысындағы қазақ элитасының рухани мұрасы
Дәріс мақсаты: Қазақтардың менталитеті қазақстандық ұлт пен тұлғалардың дүниетанымдық ұстанымдарының негіздерімен таныстыру
Қазақ мәдениетінің өкілдері ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі қауыппен қарсы алды. Дүниежүзілік прогресс Қазақстанға да жете бастады. Ресейдің Москва, Петербург, Омбы, Қазан, Уфа және басқа қалаларында оқитын қазақ жастары орыстың прогрессивті мәдениет үлгілерін қазақ өлкесіне таратты. Қазақтың алдыңғы қатарлы жас өркеніне білім беруде Уфа қаласында орналасқан «Ғалия» медресесінің ролі зор болды. Бұл оқу орнын Б.Майлин, Н.Манаев және т.б. қазақ зиялылары тәмамдады.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Сералин, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, М.Тынышпаев, М.Шоқай, Ш.Бөкеев, Қ.Құдайбергенов, Ғ.Қарашев және басқа қазақ зиялылары қазақ халқын ағарту ісіне, оның рухани жағынан өсіп, толысуына елеулі үлес қосты.
Өзге туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықтық ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер».
Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М.Дулатов бодандықтан көрді.
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі - Әлихан Бөкейханов еді. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі – Алашорданың көсемі болды. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында болды.
Ол Абайдың шығармашылығы туралы тұңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішінегі құндысы – 1899 жылы «Түркістан ведомостыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызыңдағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірлік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелер талқыланады.
Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінбеген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
ХХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынов болды. 1895 жылдан бастап А.Байтұрсынов педагогикалық және әдеби шығармашылықпен айналысты.
Қазақ әдебиетінде алғаш А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» атты шығармаларымен көрінді. «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал»деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды.
«Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ахаңның ғана ардақты атын айтамыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қандырған кісілер санаулы.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
Сондықтан 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты күнде Ахаңа біздің айтатын сөзіміз: Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды.
Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Әлде болса, өмірінің ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды», - деп жазды М.Әуезов.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ баспасөзі жақсы дамыды. Егер ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бар-жоғы 2 басылым болса, «Түркістан уалаятының» газеті (1870-1883) және «Дала уалаятының» газеті (1888-1902), 1905 жылдан бастап бірқатар жаңа басылымдар шыға бастады. 1907 жылы «Серке», «Қазақ газеті» шыға сала, патша үкіметі пәрменімен өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1911 жылы Троицк қаласында қазақтың көрнекті жазушысы М.Сералиннің редакторлығымен «Айқап» газеті шығарылып, онда қазақ әдебиеті, этнографиясы, тарихы бойынша материалдар басылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуына, әсіресе 1913-1918 жылдары Орынбор және Торғай қалаларында А.Байтұрсынов жетекшілік еткен «Қазақ» газеті өлшеусіз үлес қосты. Газеттің мақсаты қазақ арасында ағартушылық ісін дамыту деңгейін көтеру мәселелері болды.
Сайып келгенде, қазақ баспасөзі халықтың рухани дамуына игі әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет