Д. Ж. Алипова 2022 ж. «Мәңгілік ел»


СТУДЕНТ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ (АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ) ӘДІСТЕМЕСІ



бет23/24
Дата19.10.2022
өлшемі181,46 Kb.
#44122
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
умк мангилик ел

3.9. СТУДЕНТ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ (АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ) ӘДІСТЕМЕСІ
Кредиттік технология ережесіне сәйкес сгуденттер білімі семестр ағымында 5 кезеңмен (сызбаны қараңыз) бағаланады. Мысалы: күндізгі бөлім студенттері семестр бойы екі ағымдық, екі аралық бақылау және семестр соңында емтихан тапсырады. Сонымен бірге, бірінші ағымдық (t1) және аралық (r1 ) бақылауды бірінші рейтинг (R1) нәтижесі анықтайды, ол екінші ағымдық (t2) және аралық (r2 ) бақылаудың екінші рейтинг (R2) нәтижесін анықтайды. Студенттің әрбір рейтингтік бағасы ағымдық (пайызбен, баллмен) және аралық бақылау (пайызбен, баллмен) бағасынан жиналады. Ағымдық және аралық бақылаудың орта арифметикалық саны ретінде анықталады (сызбаны қараңыз).
R1 =, R2 =
R1, R2 - бірінші және екінші рейтингтік бағалауда студенттің рейтингтік бағасына сәйкес.
Студенттің орташа рейтингтік бағасы (Rорт) екі рейтингтік орта арифметикалық санымен анықталады және пайыздық мазмұны төмендегі формуламен анықталады :
Rорт =
Пән бойынша қорытынды бағаны ұсыну кезінде қорытынды бағадан 60% құрайтын рейтингтік бақылауға берілсе, ал емтихан бағасы студенттің қорытынды бағасынан (Е) 40% беріледі.
I = x0,6 + Еx0,4
Қорытынды баға:

  • рейтингілік бақылау

  • емтихан

Оқытушы әрбір 8-15 аптадан кейін семестр ішінде 100 ұпайлық есеппен рейтингілік бақылау қорытындысын шығарады.
Рейтингтік баға ағымдық, аралық бақылаудың қосындысы болып табылады.
Қорытынды бағаны мына формуламен есептейді U = (R1 + R2)х 0,6 + Е х 0,4
R1 - 1-ші рейтингтің сандық эквивалент бағасы, R2 - 2-ші рейтингтің сандық эквивалент бағасы, Е - емтиханның сандық эквиваленті.
Әрбір оқытушы студенттерге талап ету жүйесін, сабақ кезінде студенттердің тәртіп ережесін, оқытушымен, басқа студенттермен ара қатынасын түсіндіруі қажет.
Әдетте силлабуста:

  • барлық жұмыс түрлерінің баға қою ережесі (ең жоғары ұпай, айып ұпай және ынталандырушы ұпай);

  • емтихан, қорытынды бағаны қою критерийлері және аппеляция ережесі.

Курс компоненттеріне негізгі талап мәселен: «Этнология» курсы бойынша 15 лекция қарастырылған. Әрбір сабақ басталар алдындатақырыптың негізгі теориялық ережесі көрсетілген материал таратылып беріледі. Толық лекция материалдары теориялық ережеден, қолданылған әдебиеттен тұрады. Толық лекция мен сабақ басталарға дейін танысуға болады. Лекция біткеннен кейін студент қолданылған әдебиеттерден міңдетті түрде оқып алуға болады.
Әрбір лекциядан кейін экспресс-сұрақ қойылады. Әрбір экспресс-сұраққа 0-ден 0,5 ұпайға дейін қоюға болады. Ең жоғары ұпай - 7,5.
Практикалық сабақ 0-ден 0,5 ұпайға дейін бағаланады.
Теориялық білімді толық меңгеру мақсатында СӨЖ-ге 30 тапсырма беріледі. СӨЖ тапсырғаны үшін 0-ден 0,4-ке дейін ұпай (әрбір тапсырмаға), ал СОӨЖ-на 0-0,5 ұпай беріледі. Жоғары ұпай алу үшін сгудент терминологияны жақсы біліп, келелі мәселелерді көтеріп, логикалық жауап беруі қажет. СӨЖ-ге қойылатын қорытынды баға 12 ұпай.
СОӨЖ тапсырмаларын орындау аудиториядан тыс уақытта, күннің екінші жартысында қосымша консультация ретінде жүргізіледі.
СӨЖ бойынша барлық тапсырмалар СӨЖ-ді тапсыру кестесіне сәйкес қабылданады. Мерзімінен кешіктіріп тапсырылған тапсырманың бағалануы автоматты түрде төмен болады. Талап орындалған жағдайда емтиханға жіберіледі. Емтиханға 0-40 ұпай аралығында беріледі.
Сабаққа қатысу, тәртіп «Студент Ары» кодексіне сәйкес болуы керек. Студент сабақтан себепсіз қалмауы, кешікпеуі керек, аудиторияда тәртіп сақтап, оқытушы мен студенттерге сыйластықпен қарау қажет. Өтілетін материалды талқылау үшін, дайындалып келуі, қажетті сұрақтарды қойып, тапсырманы орындауға сын көзбен қарауы қажет. Келешекте анықтауды қажет ететін мәселеге баса назар аудару керек.
Барлық баға әр тапсырмада алған ұпайдың нәтижесімен есептеліп, орта ұпаи табылып қорытынды баға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет