Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Д.15. Карьер кемерінің беріктігі және ойысуы туралы



бет20/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Д.15. Карьер кемерінің беріктігі және ойысуы туралы
жалпы мәлімет
Карьер кемерінің беріктігі және ойысуы тау-кен жұмыстарының ең маңызды түрлерінің біріне жатады. Карьерде жұмыс істеу қауіпсіздігі, онда қолданылатын техникалар мен жабдықтардың түрлері, саны, дайындалған кен қорын толық алу немесе жоғалту, оның қоспаланып құнарсыздануы, карьер тереңдігінің шектік шамасы, аршу көлемі және негізгі тау-кен жұмыстарының экономикалық көрсеткіштері карьер кемерінің беріктігі және ойысуына байланысты болады. Тереңдігі 300 м карьердің жалпы кемерін 1 градусқа көтеру, аршу жұмысын карьердің әр 1 шақырым ұзындығына жобамен 3 млн.м3 азайтады. Біздің республикамызда карьерлерден үймелер-ге тасылатын бос жыныстардың көлемі жылына жүздеген милион тоннаға дейін жетеді. Ашық әдіспен кен қазу жұмысын әрі қарай дамыту үшін, әсіресе карьерлердің тереңденуі, олардың кемерінің беріктігіне және ондағы ойысу жұмыстарына көп көңіл бөлінуін қажет етеді.
Карьер кемерінің ойысуының барлық түрлері, жер қойнауының қалыптасқан керме қалыпты жағдайының тау-кен жұмыстарын жүргізуге байланысты өзгеруінен және басқа факторларға байланысты (жер сілкінуі, бүкіл Әлемдік тартылыс заңдылықтары, қоршаған орта т.б). Кен жыныстары қалыпты жағдайда бізге белгілі болғандай, жан-жағынан тең емес сығылымалы күштердің әсерінде тұрады. Кен жыныстарының қалыпты жағдайына әсер ететін бұл күштердің тензорлық шамасына гравитациялық және тектоникалық, сонымен бірге гидрогеоло-гиялық жағдайлар әсер етеді. Карьер кемеріне алдымен, уақыт өте келе реологиялық, релакциялық үрдістердегі жанама кернеулер, тұнбалы тау жыныстарының біртіндеп уақыт өте келе ауырлай беретіндігінен тең емес жан-жақты тектоникалық күштер әсер етеді. Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу, бір қалыпты емес жан-жақты күштерді көбейте түседі, ал бұл күштер жанама кернеулерді ұлғайтады да, карьерлердің кемерлерінің жылжуына, омырылып құлауына әкеліп соғады.
Материалдар кедергісі курсынан белгілі болғандай, материалдардың қалыпты кернеулік жағдайына қандайда бір күш әсер етсе, онда ол өзгеріске ұшырайды (деформацияға). Жанама кернеу өсе келе, кен жынысының пішіні өзгеріп ығысады. Жылжудың салыстырмалы шамасы сол тау жынысының жылжу модулына (G) және жанама кернеудің () шамаларына байланысты болады:
 = 1/ G (187)
Карьер маңындағы жер қойнауында жанама кернеудің өзгеруі бір шама көп аймаққа әсер етеді, оның үстіне әр нүктеде әр түрлі болады. 78-суретте АВСД сызығымен кернеу әсер етпей тұрғандағы карьердегі тау жыныстарының (кемерінің) контуры берілген, ал АВ/С/Д кен қазу жұмыстары жүргізілен бір шама уақыттан кейінгі сол контурдың орналасуы. шкілдермен кейбір тау жынысы нүктелерінің бағыты жылжу векторларымен бейнеленілген. АВ/ қисық сызығы жер бетінің ашық кен қазбасының жылжуын көрсетеді.

78-сурет. Ашық кен өндіру жұмыстарының әсерінен
жер қойнауының жылжу тәсімі
Егер, карьер кемеріне перпендикуляр жер қойнауында жүргізілген 3-сызық үстіне ординат ретінде жанама кернеуге тең күштерді салатын болсақ, нәтижесінде жер бетіндегі карьер кемерінен ең алшақ ІV қисық сызығы пайда болады. Осы қисық сызықтың MN бөлігінде кернеу морттық шамасының шегіне (у) жетеді (кен жыныстары үшін морттық кернеу немесе ұзақ қаттылық шектеріне жақын жылжу шегі тура келеді). Осы кернеулердің әсерінен плас-тикалық ойысу кернеуі V қисығымен бейнеленеді, ал осы қисықты интегралдау, орын ауыстыру қисық сызығын береді. Ең шекті жылжып ойысу нүктелері басқада қималарда бар (1; 2; 4) , егер осы сызықтарды бір қалыпты қисық сызықтармен қоссақ, онда шекті кернеу кезінде жылжуға бейім, әлсіз сызық бет пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет