Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Карьер кемерінің ойысуын маркшейдерлік бақылау



бет21/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Карьер кемерінің ойысуын маркшейдерлік бақылау
істерімен қамтамасыз ету
Маркшейдерлік аспаптармен геологиялық жағдайларға және кен қазу жұмыстарының дамуына байланысты карьер кемерінің уақыт өте келе жылжуын, ойысуын бақылау, ондағы өзгерістердің сандық көрсеткіштерін, графикалық сипаттамаларын білу және маркшейдерлік, кенгеологиялық құжаттарға түсіріп, анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кемердің жылжу шамасын, толығырақ онда орнатылған реперлерді аспаптар арқылы жүйелі бақылап біліп отыруға болады. Реперлер карьер кемерінің ең үлкен құламалы бұрышы орналасқан бағытта профильдік сызықтар үстімен, яғни ағылым бағытымен орнатылады. Жылжуға немесе ойысуға жақын жерлерде бақылау реперлерінің орналасуы басқаша, яғни бақылауға ыңғайлы, тиімді жерлерде орнатылып, профиль сызығының бағытынан ауытқуы мүмкін.
Профильдік сызықтар карьер кемерінің беріктігін азайтуға себепкер (тым құлдилама кемер немесе карьер өте терең, тектоникалық бұзылымдар, жыныс қабаттары әлсіз, топырақты екені байқалады; гидрогеологиялық жағдайы қауіпті; карьер кемеріне жақын орналасқан үлкен көлемдегі үйме орналасқан т.т) жерлерде бекітіледі.
Бақланушы профильдік сызықтың ұзындығын анықтау кезінде техникалық нұсқауға байланысты бір бөлігі карьердің жылжымайтын, сенімді жерінде орналасады. Қысқа мерзімді бақылауға арналған профильдік сызықты салу кезінде, оның тірек бөлігі карьердің жұмыс істеу тереңдігіне және жергілікті жағдайларға байланысты оның кемерінен алыстығы 50-150 м жетеді. Ал профильдің жұмыс істеу ұзындығы карьердегі жылжу ұзындығына, сипаттамасына байланысты 300 м дейін жетеді де кейде оданда асып кетуі мүмкін.
Реперлер арасы тепкішек (уступ) биіктігіне және ондағы жұмыс істеу алаңына байланысты 5 метрден 30-40 метрге жетеді. Әр тепкішектің жұмыс істеу алаңында профиль бағытымен екіден кем емес репер орнатылады. Реперлердің құрлысы техникалық нұсқау талаптарына сай болуы керек.
Профильдік тірек реперлерін геодезиялық байланыстыру дәлдігі, тірек реперлер координаталарын анықтау немесе кен қазбаларын түсіру негіздері дәлдігінен кем болмауы керек.
Әр профильдік сызықтағы реперлерді бақылауға мынадай жұмыстар кіреді: а) барлық реперлерді тірек реперлерінен бастап нивелирлеу; ә) әр репердің бір-бірінен ара қашықтықтарын жұмыс кезіндегі ауа қызуын бақылай отырып болат таспамен, ұзындық өлшегішпен немесе ара қашықтық өлшегіш аспаппен өлшеу; б) алдыңғы бақылаудан кейін пайда болған (құлаған), кейбір тепкішекті, құлаған жынысты, жарықшақты және де басқа өзгерістерді түсіру.
Бірінші кезекте профильдік сызықтың бойындағы ашық қалған (көрініп жатқан) кен жынысының геологиялық жағдайын ұқыпты жүргізеді: жарықшақтық, кен қабатының құлау бұрышы және дизъюнктивті бұзылымдар, ашық орын алған жарықшақтар, көрініп жатқан тастардың орын ауыстыруы, ашық жылжу беттерінің құлау бұрышы т.б.. Әрине, өзгеріс элементтері алдағы болатын барлық бақылау-түсірістерде қамтылып отырылады.
Карьер кемерінің жазық және көлбеулігі аз тұстарында реперлердің биіктіктерін, геометриялық нивелирлеу әдісімен түсіреді, ал жылжуға бейім беттер көлбеулігі 8-100 асса, онда ол тұстарда тригонометриялық нивелирлеу әдісімен атқарады. Барлық өлшемдер жіті тексеріліп отырылады. Іс жүзінде, тригонометриялық нивелирлеу жұмысын тексеріп отыру үшін, төмендегі жұмыс тәсімі қолданылады:
-егер жұмыс істеу алаңында бір-ақ репер бекітілген болса, онда әр аралықты екі рет теолдит аспабының биіктігін өзгерте отырып өлшем жұмыстарын жүргізеді;
-егер жұмыс істеу алаңында бекітілген реперлер саны бірден көп болса, онда жоғарғы алаңға орнатылған шеткі реперден төмендегі әр реперге дейінгі бұрыш, ара қашықтық өлшенеді де, содан кейін осы реперлер арасында геометриялық нивелирлеу жүргізіледі;
-егер жылжу аймағында бір-біріне параллель екі немесе үш профильдік сызықтар салынған болса, онда әр профильдік сызық бағытымен бір жаққа тригонометриялық нивелирлеу жүргізіліп, ең соңында бұл профильдік сызықтар геометриялық нивелирлеу әдісімен жалғастырылады.
Карьер кемерін құрайтын жер қыртысының жылжу шамасына, жылжу жылдамдығына, қандай мақсатта, опырылу, құлау, жылжу қауіп туғызып отырғанына байланысты профильдік сызықтарды аспаптармен бақылап отыру мерзімі әр түрлі болады (бес-он күннен бір жылға дейін созылады).
Егер жылжу жылдамдығы үлкен, және де оның себептерін тез анықтау керек болса, онда бақылау мерзімі бес-он күн, ал кейде әр күн сайын бақылауға тура келеді.
Геометриялық нивелирлеудің бақылау нәтижесінде реперлердің биіктігін және ара қашықтығын анықтайды. Реперлердің бір-бірінен биіктігін екі рет анықтаудың (екі бақылау бір-біріне байланыспаған) алшақтығы 3 мм , ал ара қашықтықтарды өлшеудің және есептеудің алшақтықтары 2 мм аспаса, онда істелген жұмыс қанағаттанарлық деп есептеледі. Екі нүкте арасындағы биіктік өсімшесін және ара қашықтығын анықтаудағы тригонометриялық нивелирлеу алшақтығы алдын-ала есептеу қателерінен аспауы керек.
Бастапқы реперден бастап профильдік сызықтардың әр бақылауы үшін, өлшеу нәтижелерімен есептелінген жазық ара қашықтықтары және өсімше-лері арқылы шектік (немесе салыстырмалы) биіктіктер, ара қашықтықтар тізімі жасалады.
Әр бақылаудың бастапқы реперден бастап биіктіктері мен ара қашықтықтарын салыстыра отырып, әр репер үшін, олардың жазық және тік бағыттағы жылжу құрамаларын анықтайды. Жалпы жылжу шамасын (жылжу векторын) уақытқа бөліп, әр репердің екі бақылау арасындағы жылжу жылдамдығын анықтайды.
Әр профильдік сызықтың жазық және тік масштабтары бірдей геоло-гиялық қимасын салады (79-сурет). Қимада карьер кемерінің жылжуға дейін-гі және бірінші бақылаудан кейінгі, сонымен бірге келесі бақылаулардың нәтижелері түсіріледі (кескінделеді). Геологиялық қимада жер қойнауының литологиялық құрамын, олардың орналасуын, сулы қабаттарын немесе осы қабаттағы су кернеуін, тектоникалық бұзылымдарын, жарықшақтығын, сонымен бірге ашық қалған жылжу беттерді көрсетеді.
Геологиялық қима сызбасының жоғарғы жағына: әр репердің әр бақы-лаудағы жылжу векторын көрсетеді (79ә-сурет); реперлердің орын ауыстыру жылдамдығының графигін салады (79а-сурет); кейбір, ерекше реперлердің профильдік сызық бойынша белгілі бір уақыт ішіндегі жылжу жылдамдығын көрсетеді.

79-сурет

Карьер кемерінің және тепкішектерінің ойысуын, жылжуын қарапайым бақылау келесі жұмыстардан тұрады:


-карьер кемеріне жақын немесе тепкішек жұмыс алаңындағы жеке немесе бірнеше нүктелерді белгілі бір уақыт ішінде нивелирлеу;
-айырылып жарылған жарықшақтардың үлкейу шамасын өлшеу;
-қопарып-жару жұмыстарының кемер беріктігіне, құрылыс ғимаратта-рына әсерін, реперлердің өзгерісін және сейсмограф аспабының көмегімен, сол маңдағы нысандарды бақылау;
-кен жыныстарындағы, тепкішектердегі жел қағу әсерінен, олардың омырылып құлауын бақылау;
-тепкішек табанындағы жер асты суларының пайда болуынан сүзбелік ойысуын бақылау;
-карьердегі үймелердің отыруын, ойысуын бақылау. Үйменің отыруы мен ойысуын бір-бірінен ажырата білу керек. Себебі, олрдың алдын алу не-месе жою кентехникалық шаралары әр түрлі.
Геолого-маркшейдерлік қызымет құрлымында кемер беріктігін қамата-масыз ету жұмыстарына кен жынысындағы жарықшақты түсіру, бақылап отыру кіреді. Жарықшақтық түрлері, олар - қалыпты жағдайдағы жыныстың және қолдан жасалған (кен қазу технологиясының әсерінен) жарықшақтар.
Жарықшақтарды түсіру нәтижесімен құрамдық карталар мен пландар салынады. Мұнда, жарықшақтық түсірілген ауданның бір ыңғай (өлшем элементтері бірдей немесе бір-біріне жақын) жарықшақтарын ерекше белгі-лейді, сонымен бірге негізгі жарықшақтық түсіріс орындарын (жарықшақтық жүйе диаграммасын орташа құлама бұрышын көрсете отырып) салады. Негізгі жарықшақтардың орналасу элементтерін цифрлы үшкілмен (стрелка) кескіндейді. шкіл бағыты оның орналасу және құлау бұрыштарын графика-лық сызықпен көрсетеді.
Карьердің маркшейдерлік қызымет бөлімі, карьерде болатын барлық жылжу, ойысу факторларын жіті бақылап, құжаттарын жасап отыруға міндетті, сонымен бірге карьер кемерінің жағдайы туралы есеп беріп отырады. Карьердегі әр ойысу, жылжу, омырылып құлау маркшейдерлік түсіріспен қамтамасыз етіліп, олардың планнан көшірмесі жасалады. Жылжу аймақтарының екі немесе төрт қимасы жасалып, оған геологиялық берілімдері, жер асты су қабаттары, жылжуға дейінгі және жылжудан кейінгі қималары көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет