Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет18/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Тексеру сұрақтары:
1.Негізгі жоспарлау көздерін айтыңыз?
2.Аршу коэффициенті дегеніміз?
3. Баланстағы қор деген не?
4. Баланстан сырт қор деген не?
5. Аршылған қор деген не?

Д.13. Тахеометриялық түсіріс

Қазіргі кезде, әлі де маңыздылығын жоймаған маркшейдерлік түсірістердің бірі-тахеометриялық түсіріс. Себебі, бұл түсіріс түзде


атқаруға жеңіл, жылдам, сонымен бірге әр түрлі қиын ауа райы кездерінде жұмыс істей беруге болады, әрі қарапайым. Бұл түсірістің кемшіліктері:
- түзде түсірілген шамалармен, оны камералды өңдеу арасында уақыт өтіп кететіндігі: Әрине, бұл жұмысты бір шама жұмыс кездерінде түсіріс нысандарының сұлбасын нақтылы жағдайға мейлінше келтіріп сала отырып және түсіру мен камералды өңдеу арасындағы үзілісті қысқартып жетілдіруге болады;
- дәлдігі төмен рейкаларды пайдалану, көлбеу ара қашықтықтықты есептеу, жазық жазықтықтағы ара қашықтықтарды, өсімшелерді есептеу, сонымен бірге транспортирді немесе арнаулы бұрыш салғышты пайдалану түсіріс нәтижелерінің планын салу.
Тахеометриялық түсірісті маркшейдерлік түсіріс негіздерінің қосындарынан түсіреді, бұл қосындар жеткіліксіз болғанда, ауыспалы нүктелерді пайдаланады. Ауыспалы нүктелер түсіріс негіздерінің қосындарын немесе жақын маңдағы тірек торларының қосын-дарын пайдалана отырып бекітіледі. Ауыспалы нүктелердің қашықтығы 60-80 м аспауы керек. Егер ауыспалы нүктелер қашықтығы келтірілген шамадан асып кетсе онда, ауыспалы нүктелерді дәлдігі жоғары әдістермен (геодезиялық бақылау, полигонометриялық жүрістер т.б.) бекітеді.
Ауыспалы нүктелерді бекіту кезінде жазық бұрыштарды толық қайталау әдісімен, тік бұрыштарды екі бағытта-тура және кері бағыттарда теодолит дүрбісінің екі жағдайында (КП және КЛ) өлшейді, ал ара қашықтық ұзындық болат таспалармен тура және кері бағыттарда өлшенеді.
Карьердегі нақтылы өзгеріс жағдайларын тахеометриялық түсірісті пайдаланып төмендегі ретпен орындайды (54-сурет):
1. Түсіру нысандарының орналасу жағдайларына байланысты карьер ішіндегі, маңындағы түсіру қосындарын таңдау, яғни тірек және түсіру қосындарының пландағы тәсімінен ыңғайлы қосынды анықтап, оны түсіретін жерден тауып бағдарлау;
2. Аспапты координаты белгілі түсіріс қосынының (І) үстіне орнатып, центрге дәлдеп қалыпты жағдайға келтіреді де аспап биіктігін өлшейді (і) және аспапты тексеру үшін нөлдік орынды анықтайды (МО);
3. Теодолиттің есеп алу құрылғысын нөлге келтіріп, алидаданы бекітіп, лимбтің бекіту бұрандасын босатып дүрбіні координтасы белгілі негізгі нүктеге (ІІ қосынына) бұрып дәлдейді;

55-сурет. Тахеометриялық түсіріс тәсімі

4. Алидаданы босатып, үстіне рейка қойылған (түсіретін) 1-ші нүктеге бағыттайды. Мұнда дүрбі ішіндегі жіп торының тік сызығын рейканың ортасына яғни, аспаптың биіктік шамасына (і шамасына) дәлдейді (бағыттайды);


5. Жіп торының төменгі және жоғарғы көлденең сызықтарынан (жіпте-рінен) алынған есептерді бір-бірінен (астыңғы жіптен алынған есептен үстінгі жіптен алынған есепті) алып, қашықтықты табу коэффициенті К-ға көбейту арқылы (К=100) ара қашықтықты табады;
6. Тік қорап үстіндегі деңгей көпіршігін ортаға келтіріп алғаннан кейін тік бұрышты, ал содан кейін жазық бұрышты өлшейді;
7.Түсірілген нүктенің орнын сұлбаға салады.
Түсіріс дәлдігін арттыру үшін, түсіріліп тұрған нысан нүктелері қай горизонтта тұрса, сол горизонттағы түсіру нысандарын ғана түсіру керек. Себебі, басқа горизонттағы нысандарды түсіргенде соларға бағытталған дүрбі сәулесінің көлбеу бұрышы көбейіп, түсіру дәлдігін кемітеді.
Рейканың аспаптан қашықтығы 1:500 және 1:1000 масштабтарда 100 м ал, 1:2000 масштабта 150 м аспауы керек.
Рейка қойылатын нүктелер, түсірілетін нысандардың бұрылмалы жерлерінің үстіне немесе әр 15-20 м сайын қойылады.
Түсіру қортындысын арнаулы журналға жазып отырады. 1-кестеде журнал қалай толтырылатыны көрсетілген.
Түсіріс кезіндегі тік бұрышты өлшеу қораптың оң жақ (КП) жағдайында өлшеген ыңғайлы болады, себебі “нөлдік орын (МО)” нөлге тең болатындықтан бірден көлбеу бұрыш өлшенеді. Өлшеу нәтижелерімен бірге түсіріс нысандарының сұлбасы бірге салынып отырылады (55-сурет).
Түсіріс нысандарының сұлбасы жобамен масштабта толық, нанымды салынып отырылады. Түсіру нәтижелерінің сұлбасы дұрыс салынғандығын тексеру үшін, оны жылтыр қағазға (калька, восковка) салуды ұсынамыз, яғни сұлбаны план (бұрынғы сызыл-ған) үстіне салып қандай қатемен салынғандығын бірден тексеруге болады.
Тахеометриялық түсірістің нәтижелерін камералды өңдеу, түсірілген нүктеден тедолит аспабына дейінгі жазық ара қашық-тықтарды, сол нүктелердің өсімшелерін және сол нүктелердің абсолюттік биіктіктерін табу (есептеу) сонымен бірге есептеу нәти-желері негізінде, сол нүктелерді маркшейдерлік планға салу болып табылады.
Жазық ара қашықтық төмендегі формуламен есептелуі мүмкін:
Дәлдігі жоғары түсірістер үшін,
D = kScos2 + ccos; (111)
қарапайым түсірістерде,
d = kScos2 ; (112)
теодолит дүрбісінің ішкі фокусы түрінде, d = (100 S + c)cos2
қарапайым түсірістерде,
d = kScos2 ; (113)
Жоғарыдағы формулардағы:
D- жазық ара қашықтық;
d – көлбеу ара қашықтық ;
k – ара қашықтық өлшегіш коффициенті (k =100);
с – теодолит дүрбісінің тұрақты саны;
- көлбеулік.

56-Сурет. Түсіріс сұлбасы

Егер, түсіріс бір горизонт деңгейінде өтсе, онда ара қашықтық табу мына формуламен есептеле береді, d=k S cos.


Өсімшені есептеу төмендегі формулалармен іске асады:
дәлдігі жоғары түсірістер үшін,
; (114)
қарапайым түсірістер үшін,
немесе (115)
Бұл формулалар дүрбі көздеу өсін рейкадағы аспап биіктігіне (і) бағыттағандағы жағдайға арналған.

57-сурет. Тахеограф

Түсіру нәтижелерін камералды өңдеуден (есептеуден) кейін транспортирдің көмегімен немесе 57-суретте көрсетілген арнаулы бұрыштық сызықтары және ұзындық салуға арналған сызғышы бар транспортир-тахеограф атты құралды пайдаланып салған жөн.


Теодолиттік түсіріс нәтижелері түздік журнал, сұлба, жүрістер тәсімі, тау-кен жұмыстарының планы, биіктік, жылтыр қағазға салынған биіктік және шекаралық сызба сонымен бірге тахеометриялық түсіріс жүрістерінің координаталарын есептеу құжаттарымен қоса беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет