Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Д.14. Карьер кемерінің беріктігіне, жылжуына әсер



бет19/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Д.14. Карьер кемерінің беріктігіне, жылжуына әсер
етуші факторлар

Карьер кемерінің беріктігі, беріктік қорының коэффициенті деп аталатын шамамен (n) сипатталады, барлық жылжуға қарсы әсер ететін күштердің қосындысының (S), әлсіз бет бойымен әсер етуші жылжытушы күштер қосындысының қатынасына тең болады


. (188)
Карьер кемерінің беріктігіне кен-геологиялық және физико-геогра-фиялық факторлардың әсер етуі, қозғалысқа келтіруші немесе жылжытушы күштерге қарсы тұру шамаларымен анықталады. Жылжытушы күштерді анықтаушы геологиялық негізгі факторлардың бірі ол жыныстың беріктігі. Жыныс беріктігінен жылжытуға қарсы күштің шектік шамасы анықталады. Жылжуға қарсы күштің шамасы әр түрлі, себебі ол жер қойнауының қалыпты қысушы кернеу шамасына байланысты болады. Бұл байланыстың жалпы түрі қисық сызықты және көбнесе ол графикалық түрде беріледі, тек қана азнаулы-ақ шамада түзумен бейнеледі (аппроксимделеді).
=К + n + tqр (189)
мұндағы, К-кен жынысының қаттылығы; tq qр = f –ішкі үйкеліс күші.
Карьер кемерінің беріктігіне шешуші роль атқаратын фактор ол-кен немесе бос жыныстардың жарықшақтығы. Жарықшақтар ұзындығына қарай кіші немесе бөлек-бөлек және созылмалы-ұзын болып бөлінеді. Мұнда, біріншісі кен жынысында көп тараған, олар арқылы әр түрлі блоктардың пішіні және шамалары анықталады, ал өздері қабат-қабат болып жер қойнауында тараған. Екіншісі жарықшақтық көлбеу, әр қабатқа бөлінген, созылмалы, жазық, сланецпен және дизъюниктивті бұзылымдармен араласқан.
Тектоникалық бұзылымдармен әр түрлі литологиялық құрамдар арасындағы жанасқан және сланецті жерлерінде жылжуға қарсы тұру күші, бұл беттермен түйіспейтін босаң, қопсыған тұстарынан кем болады. Себебі жабысу және үйкеліс күштері әсер етеді. Жоғарыда келтірілген босаған, қопсыған беттер карьер кемерінің беріктігіне әсеер ететін негізгі факторларға жатады, осы әлсіз беттер арқылы карьер кемерінің жылжуы, ойысуы, құлауы мүмкін.
Кен жынысының ісінуінен, қопсуынан, жел қағуы және сілтіленуінен (выщелечивание) жылжу, ойысу, күштеріне қарсы тұру және беріктік қор коэффициенті шамасын азайтады. Жазық және көлбеу орналасқан карьер кемерін құрайтын топырақты, құмды кен жынысына аралас орналасқан сығылмалы су қабаттары және су көздері ісіну, және қопсу шамаларына ерекше әсер етеді.
Физико-географиялық факторлар: атмосфералық жауын-шашын және оның сипаттамасы, сол ауданның температуралық режимі және жер бедері. Осы айтылған факторлардың бәрі кен жыныстарының бұзылуына және гидрогеологиялық режиміне әсер етеді.
Кентехникалық факторлар: бұрғылап-жару технологиясы, кемер құрлысы, кен қазу алаңының және су ағарлардың профильдері, жер асты қазбаларының әсері, және т.б.
Карьер кемерінің жылжуының, ойысу себептері: карьер кемерінің көлбеулігі, оның геологиялық шарттарының сәйкес келмеуі немесе осы шарттардың жете тексерілмегені; дренаждық қазбалардың болмауы немесе оның тиімсіздігі; кен қазу жұмысын дұрыс атқармау (мысалы бұрғылап-жару жұмысын) кемердің, тепкішектердің жиі опырылуына, құлауына себекер болады; инженерлік есептеу-графикалық жұмыстарын атқаруда дұрыс әдістер мен амалдарды қолданбау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет