Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет15/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Q = c aw2 ;
мыс кенді карьерлер үшін,
Q = cah(w+ktq) ;
асбесті карьерлерде,
Q = c ahw ,
мұндағы, с –1 м3 кен жынысын қопаруға кететін жарғыш зат көлемі;
а- төтелдер ара қашықтығы, м;
h- төтелдер тереңдігі, м;
w- қопарылмақшы блоктың табанындағы кедергі, м;
k- төтелдерді артық бұрғылау шамасы, м;
w1 - кемер сызығына тік кедергі, м;
 - кемер көлбеулігі, град..
Мұнда, a ара қашықтығы үшін орташа шама алынады, ал шеткі төтелдер ең жақын төтелге дейінгі қашықтық алынады.
Осы жұмыстардан кейін, аспапты немесе таспаны пайдаланып, алдын ала жүргізіліп қойылған сызықтан төтелдердің блок үстіндегі орындарын белгілейді.

1-кесте. Қопарып-жару зарядының есептеулері


Қопару мерзімі 20.10.99 ж. Барлығы қопарылатын көлем 15 000 м3

ск

Z

H0

К

Н

а

В

L

w

Q1

H1

a1

Су



b1

Q

c

a

w

H

Q

1

214.2

14.2

3

17

4

4

11.5

9.0

0.5

4

9.0

14.2

280

17.5

5.3

-

8.5

1.8

352

2


























































Төтел тереңдігін аспаппен, арнайы белгісі бар шнурмен немесе жүк байланған таспа арқылы өлшейді. Сонымен қатар төтел ішінде су барма, жоқпа соны анықтайды. Себебі жарғыш заттың түрін таңдауда керек болады.
Төтелдер бұрғыланып болған соң, олардың орындарын аспаптарды пайдаланып тексереді. Тексеріс қортындыларының нәтижесінде, күтіп отырған қопарылмақшы жыныс көлемін анықтайды да осы құжаттарды карьер басшылығының бекітуімен орындаушы цехқа жібереді.
Бұрғылап-жару жұмысы жүргізілгеннен кейін, тахеометриялық түсіріс жүргізіліп, қортындысы планға, қимаға түсіріледі де, нақ-тылы қопарылған кен жынысының көлемі анықталады, сонымен бірге жарылу, қопару бұрыштары, шашылу (жайылу) шегі, бұрышы және қопсу коэффициенті анықталады


Тексеру сұрақтары:
1. Бұрғылап-жару жұмыстарын түсіруде қандай нысандар қамтылады?
2. Бұрғылап-жару төл құжаты деген не?
3. Бұрғылама тереңдігі немен өлшенеді?
4. Ең кіші кедергі сызығы деген не?
5. Бұрғыламаны планға қалай түсіреді?

Д.10. Кен қыртысын экскаватормен қазу, қотару кездеріндегі маркшейдерлік жұмыстьар.

Экскаватормен жер қыртысын, тау жыныстарын қазу кездерінде, оны көлікке тиеу немесе үймеге үю жұмыстары атқарылады. Бұл жұмыстардың қай-қайсысын қауіпсіз және тиімді атқару үшін қазба орындарының геометриялық шамаларын сақтау керек, яғни карьер кемерінің биіктігі қазып алушы механизмдердің параметрлерінен биік болмауы керек, себебі қазу кезінде кемердің жоғарғы жағында құламалы жиектер пайда болады. 14-суретте карьер кемерінің элементтері толық көрсетілген.


14-сурет. Карьер кемерінің элементтері


Ең кіші жұмыс алаңы Ш, кемер үстіне бұрғылап-жару нәтижесінде жыныстың орналасуы Р, қауіпсіз көліктің орналасу алаңы Т және сақтану бермасы Б параметрлеріне байланысты болады. Р тәжірибе негізінде, Т көліктің түрі және олардың параметрлерімен ал, Б әр түрлі формулалар негізінде (алдыңғы қосындарда формулалардың бірі келтірілген) анықталады, солардың бірі:
Б = h (ctq - ctq) ,
мұндағы, ,  -ретімен құлау бұрышы, кемер бұрышы.
Жоғарғы кемердің жоғарғы жиегін және төменгі кемердің астыңғы жиектерін жалғайтын АВ сызығы карьер қабырғасының орналасу бұрышы деп аталады.
 бұрышы аршу жұмыстарының кен қазу жұмыстарынан қанша алда екенін көрсететін дәрежелік өлшем болып есептеледі. бұрышының шекті мәні карьер қабырғасын жабу бұрышы деп аталады. бұрышының ұлғаюы, кемуі тау жыныстарының беріктігіне байланысты анықталады.
Карьер кемерлерінің, қабырғаларының элементтерін маркшейдер уақтылы түсіріп, кен қазбаларының нақтылы және жобалық орналасуларын (биіктік шамалары, ені, сақтану бермаларының шамаларын т.б.) тексеріп, көрсетіп отырады.
Экскавациалау деп экскаватормен үйме үю, қазылған жыныс-тарды карьер ішіне немесе аршу жыныстарын карьер іргесіне үю немесе жылжыту. Бос жынысты кен қабаттарынан алысқа жылжыту бірнеше қайталап экскавациалау әдісімен жүргізіледі. Экскаватордың параметрлеріне байланысты, жобада ығыстыру бағытын белгілеп, графика-лық жолмен бұрылу бағытын, түзу тұстарын анықтайды. йменің орналасу жағдайларын, түсіру негіздерінен бастап жер бетіне белгілейді.
Істелген жұмыстың көлемін анықтау кезінде қайта үю коэффициентін есепке енгізеді. Бұл коэффициент қайта үйілген бос жыныстың көлемінің жер қойнауынан алынғандағы көлемінің қатынасына тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет