Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет2/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Тексеру сұрақтары:
1.Карьер деп қандай қазбаны атайды?
2.Карьерлердегі маркшейдерлік жұмыстарды атаңыз?
3.Кенді толық қазып алу үшін не істеу керек?
4.Карьер тереңдігі қалай анықталады?
5.Кенді ашу неден басталады?


Д.2. Карьерлердегі маркшейдерлік түсірістер негіздерін құру. Жалпы түсінік. Тірек торлары.
Карьерлердегі тірек торлары мемлекеттік геодезиялық торлардың қосындарынан және жергілікті торлардан тұрады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар қосындарын арнаулы геодезиялық мекемелер құратын болса, ал оны ары қарай дамыту, сол маңдағы тау-кен мекемелеріндегі маркшейдерлік бөлім қызыметкерлерінің ісі. Қосындардың сандық және орналасу тәртібі төмендегі қортындылардан шығады:
- қосындардың қозғалмауларын, ұзақ уақыт сақталынуын қамтамасыз ету;
- қосындарды жиілету жұмыстарындағы шығын мөлшерлерінің азаюларын қадағалау.
Бұл қортыныды ойларды кен қазу жұмыстарының жылжу бағытының қашан, қалай қарай жүргізілетіне қарап анықтауға болады.
Маркшейдерлік тірек торлары карьер кемерлерінің жиектеріне, әр қайсысынан және кен қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден кем дегенде екеуі көрініп тұратындай етіп орнатылған қосындардан тұрады. Кен қазу жұмыстарын ішкі үйме әдісімен атқару кездерінде бұл қосындар, сол үймелердің тапталған, биік жерлеріне орнатылады. Таулы жерлерде, карьерді қоршаған биік төбелердің үстіне әр түрлі нүктелерден көрініп тұратындай етіп бекітіледі.
Тірек торларының қосындары арнаулы нұсқаулар негізінде тұтас монолит ретінде бетондалып бекітіледі.
Қосын үстіне үш қырлы биіктігі 5-6 м пирамидалар орнатылады.
Тірек қосындарының координаталары аналитикалық торлар немесе 1 және 2 разрядты полигонометриялық әдістермен анықталады.
Аналитикалық торлар (1 және 2 разрядты) үшбұрышты торлар түрінде құрылып, класы өзінен жоғары қосындарға тіркесіп отырады. Бұл торлардағы бұрыштық өлшемдер Т2, Т5 сияқты дәлдігі жоғары теодолиттермен өлшенеді. Бұрыш өлшеудің орташа шаршылық қатесі 1 разрядты торларда 5, ал 2 разрядты торлар үшін 10 секундтан аспауы керек.
Полигонометрия (1 және 2 разрядты) жеке немесе жүйелі теодолиттік жүрістер ретінде құрылады. Бұрыштық өлшемдер сол дәлдіктермен аталған аспаптар арқылы іске асады. Сызықтық өлшемдер ТД, СМ, МСД типтес жарық жылдамдығын пайдаланып қашықтық өлшегіштермен атқарылады. 1 разрядты полигонометрия үшін қабырғаларды өлшеу нәтижелерінің айырмашылықтары түзетулер енгізгеннен кейін 1:10 000 қатынасындай, ал 2 разрядты полигонометрия үшін 1:5000 қатынасындай шамалардан аспаулары керек.
Көп жағдайда маркшейдерлік торлар аналитикалық торлар мен полигонометриялық жүрістердің біріккен түрі ретінде атқарылып, керекті дәлдікті, жиілікті және ең аз шығын мөлшерін қамтамасыз етеді.
Тірек торларын теңдеу барлық жағдайда электронды есептеу машиналарын (ЭЕМ) қолданып, ең кіші шаршылар амалдармен шығарыл-ғаны дұрыс. ЭЕМ қолдануда торлар түрі күрделі геометриялық пішін болсада шешіп, оны іс жүзінде пайдалану жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді.
Маркшейдерлік биіктік торлары ІV классты геометриялық нивелирлеу және техникалық нивелирлеу әдістерімен құрылады. Биіктік торлары биіктік шамалары анықталған пландық тірек қосындарынан тұрады да, реперлері жерге немесе орнықты қабырғаларға бекітіледі. Қатар тұрған екі тірек торларының қосындарының биіктік анықтаудағы алшақтығы ± 0,01 м аспауы керек.
Карьерлердегі түсіру негіздері.Тірек торларын негізге ала отырып, маркшейдер түсіру қосындарының жүйесін жасайды да, олардың қолдануға ыңғайлы болуларын қадағалайды. Жақын маңдағы тірек қосындарымен салыстырмалы түрде қарағанда, түсіру торларының қосындарының координаталарын анықтау алшақтығы ± 0,2 м, ал биіктікті анықтау алшақтығы ± 0.1 м аспаулары керек.
Карьер тепкішектерінде түсіру қосындарының арасы, мысалы тахеометриялық түсіріс кездерінде 300-400 м аспауы керек. Ал, стереофо тограмметриялық түсіріс кездерінде бұданда алысырақ, тіпті кей кездерде тірек торларының қосындарыда жеткілікті болады.
Түсіру торларының қосындары тұрақты және уақытша центрлермен бекітіледі. Тұрақты центр металлдан жасалып, жоғарғы жағы бетонмен бекітілген қазық түрінде болады ал, уақытша центр жерге немесе жыныс жарықшақтарына қағылған сым-темір іспеттес (2-су-рет). Көрнекті болу үшін, бұл центрлердің айналасы әр түрлі пішіндегі тас үймелермен қоршаланады. Мұндай белгілер қосынды тез табуға, бұзылудан сақтауға ал, аэрофототүсіріс кездерінде суреттен оны тез табуға мүмкіндік жасайды.
а) ә)

2-сурет. Түсіру торларының қосындарының түрлері

Түсіру торларының координаталары карьердің орналасу, қазу жағдайларына байлан-ысты төмендегі әдістермен анықталады:


- аналитикалық торлар және геодезиялық бақылау;
- теодолиттік жүрістер;
- профильдік сызықтар және өндірістік торлар;
- аналитикалық фототриангуляциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет