Дуниенің діни бейнесі - негізгі элементі - жалғыз Құдай бейнесі (монотеистк діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен өмір сүре алмайды және өзін-өзі камтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, ceбeбi ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың – Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.
Дүниенің ғылыми бейнесі - шындықтың жалпы қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді және теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде кұрастырылған тұтас бейнесі.
Дүниенің философиялық бейнесі – көптүрлі.Бірақ бәрі адам және дуние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективтік немесе субъективтік тұрғыдан түсінілуі мумкін.
Дүниетаным- адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдік нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастыруындағы негізгі өлшем. Дүниетаным - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тэсіл. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының, жүйесі көрініс тапқан.
Дін философиясы - кең мағынасында - дінге қатысты философиялық ұстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, кұдайшылдықтың өмір сүрудің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында - құдайшылдық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.
Евгеника - ізгілікті (шығу тeгi бойынша), асыл тұқымды. Адамның генетикалық табиғатын жақсарту туралы ғылым адамның тұқымқуалаушылық саулығын жақсартуды мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Елестету - Қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бip формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. 1) ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне.