Байланысты: История и философия науки. Методические указания
Пролиферация - 1) биологиялық өсу, көбею; 2) сату, беріп жіберу (мысалы: дамымаған елдерге жаппай жою қаруын таратып жіберу).
Плюрализм - философиялық-көзқарастың позиция, болмыстың тәуелсіз және бір-бірімен бірікпейін бастаулары және түрлері (онтологиядағы плюрализм), білімнің, теориялардың, методтардың (гносеологиядағы плюрализм) формалары мен принциптері, тең құқықты және егемен тұлғалар мен топтар (этика мен социологиядағы плюрализм), құндылықтар мен құндылықты бағыттардың формалары мен принциптері сансыз көп және олар бip-бipiмен бәсекелес және күресуші әр түрлі идеологияларда және сенімдерде көрінеді (аксиологиядағы плюрализм) деп пайымдайтын философиялық-көзқарастық позиция.
Позитивизм - нағыз шын, «жағымды» (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделен философиялық бағыт. Оның негізін қалаушы - француз философы О.Конт (1798-1857 жж.). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б. ұғымдарға, абстрактілік ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, ceбeбi, тек тәжірбие немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына, математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзінің дамуында төрт кезеңнен өтті: 1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдайды. Бұл кезеңнің өкілдері - О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. 2) махизм - Э.Мах және эмпириокритицизм - Р.Авенариус. 3) неопозитивизм - К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун, Б.Рассел, Л.Витгенштейн, Р.Карнап. 4) постпозитивизм - П. Фейерабенд.
Персонализм - (лат. persona — тұлга) — Лейбниц монадологиясынан басталып, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында философияда таралған идеалистік ағым. Персонализмнің ерекше белгісі — «тұлғаны» бастапқы реалдылық және ең жоғары рухани құндылық деп тануы, және де «тұлға» болмыстың рухани басты элементі ретінде ұғынылады. Дүниенің ғылыми-материалистік тұрғыдағы түсінігіне персонализм табиғат рухтар «тұлғалардың» жиынтығы деп есептейтін концепцияны (плюрализм) қарсы қояды. «Жоғарғы тұлға» құдіретті құдай (теизм). АҚШ-та персонализм негізін қалаушы Б. Боун (1847-1910) болды. Персонализмге АҚШ-та, сондай-ақ, М. Калкинс (1863-1930) пен А. Кнудсон (1873-1964) қосылды. Американ философиясындағы оның басты өкілдері мыналар: Калифорния мектебінің лидерi Р. Флюеллинг (1871-1960) пен Бостон мектебінің лидері Э. Брайтмен (1884-1953). Бұлардың бәрі де персонализмді протестанттық теологиямен байланыстырады. Англияда персонализмнің неғұрлымбелгілі өкілі X. Керр (1857-1931), Германияда - психолог В. Штерн (1871-1938) болды. Алайда олардың ілімінде американ персоналистеріне тән теологиямен тікелей байланыс болған жоқ. Негізгі әлеуметтік міндет персонализмге сәйкес, дуниені өзгерту емес, «жеке адамды» өзгерту, яғни оның «рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруіне» жәрдемдесу. Француз персоналистері ерекше бағыт ұстанады, олардың негізін қалаушылар - Э. Мунье (1905-50) және К. Лакруа (1900 ж. т.). «Esprit» журналының төңірегіне (1932 ж. негізі қаланған) біріккен интеллигенцияның бұл тобы француз қарсыласу қозғалысына қатысқан, ал қазір бейбітшілік пен буржуазиялық демократияны қорғау жолында күрескер солшыл католиктік топтардың өкілдері болып табылады.